БӨЛЕКТЕНУ ДЕРТІ НЕМЕСЕ ҚҰЛАҚЖІПКЕ АСЫЛЫП ӨЛГЕН БАЛАНЫҢ ХАТЫ
Аялдамада, көшеде, бақта, машинада, кафеде, үйде, мектепте, сабақ үстінде, тамақ жеп отырып құлақтарына жіп тағып алып изектеп отырған жұртты күнде көріп жүрген шығарсыз, автобуста бір жіпті екі айырып көгендегі қозыдай қосақталып шайқалған көлікпен бірге бұралаңдап тұратын өрімдей оқушыларды көріп жүрген шығарсыз, тіпті жатарда құлағына салып жатып ұйықтап қалған балаңыздың құлағынан еппен алып ары апарып қойған шығарсыз… жә, бұл жай қарайтын дүние емес екен, біліндірмей жүріп бір күні асылып өлуге дейін апаратын дерт екен, білінбей маздап жатып бір күні лап ете қалар өрт екен. Қалай? Айтайық.
Бір-екі жыл бұрын хабар арнасындағы «Сонымен, солай дейік!» бағдарламасында суицид тақырыбы талқыға салынды. Сонда мектепте оқып жүрген немересінен айырылып отырған бір ақсақал: «Немеремнің сабағы жаман емес еді, нағашысы бір жаңа телефон әперіп, сонан кейін құлағанынан наушник түспейтін болды. Мінез-құлқы мүлде өзгеріп бара жатқандай көрінген соң «құлағыңдағыны ал» деп, ақыл айта бастап едік шамданады. Ақыры міне, көктей орылды…» деп жанарына жас үйірді. Жанымыз ауырып кетті. Бағдарлама соңында ақсақалға көңіл айтып, аз-кем сөйлестік. Бала бір параққа жалғыз ауыз сөз жазыпты: «Мені ешкім түсінбейді!»
Алла сақтасын! Бұл психология қалай қалыптасты?
Ғалымдардың айтуынша «құлақжіп (наушник) дертіне» ұшыраған адамның негізгі белгісі – айналасынан бөлектену екен. Басында ләззаттандырып, мұңының, біреуге ғашықтық дертінің үстінен дөп басқандай, соны тыңдаса кеңіп қалатындай, қашан болсын жанынан табылатын сүйеніші, сырласы секілді әсер береді де біртіндеп тұңғиығына тарта бастайды. Тіпті «мұны бұрыннан неге тыңдамай, білмей жүргем» деген ынтық сезімге бөлейді. Уақыт өте келе өзін-өзі түсінбес халге душар өтеді. Әсіресе, белгілі бір жағдайға тап келгенде әлгі «сырласы» сырт айнала береді. Қалайша?
Қазақта «сырлас» ұғым бар. Сырлас болу үшін сен сырыңды оған айтасың, ол сырын саған айтады. Бір жақты емес, екі жақты. Мысалы, бір қызға бір жігіт сөз салды дейік. Енді мына қыз оны өзінің анасы, әпкесі немесе сырлас құрбысына айтады. Ақыл-кеңес сұрайды. Арада айлар өтіп, болып жатқан оқиғаларды, жігіттің мінезін, т.т… сөз етеді. Енді қараңыз, әлгі жігіт аяқ астынан бұзылды да қызды тастап басқа біреумен кете барды. Бұл әрине ауыр соққы. Жалғыз өзі көтере алар емес. Енді осы жайды бұрыннан білетін шынайы сырластарына келеді. «Мұң басқанда, бір барып келейінші сырлас жанға» деп Мұқағали айтқандай бұлар қиындықта бірін-бірі іздейді. Олар өз кеңестерін айтады, жұбатады, жігерлендіреді, жанына қуат береді. Өйткені, бұлар бір-бірінің жағдайын біледі. Жандарын түсініседі. Қайғысын бөлісе алады, азайта алады.
Ал, анау «сырлас» ше? Ол бір жақты. Сені тыңдамайды. Ешқашан! Тек сені оны тыңдайсың. Сенің маздап ғашық болып жүрген кезіңдегі ән енді құлағыңа түрпідей тиеді. Әй, бойыңды балқытушы еді ғой, қайда сондағы тәтті сезімдер? Енді неге емдемейді жаныңды? Енді неге сенің басыңдағы жағдайға сәйкеспей қалды? Неге тыңдамайды сені? Сені тыңдамақ түгілі танымайды ғой, қарғам-ай! Әйтпесе күндіз-түні құлағыңнан тастамаған әншің еді ғой, осы жағдайыңмен барып, ебіл-дебілің шығып, көз жасыңды көл қылып барып сол әншіге айтсаң ғой бәрін. Жоқ, ол өз жайында Ақтау, Атырау, Шымкентте тойларда ән айтып тұр. Сен барып жай-күйіңді айта бастасаң «мынаны алып кет» деп полиция шақырмаса – соны кісілікке сана. Мұңыңды түсінер ме еді мүмкін, наушникке сен сөйлегенде ол тыңдай алатын болса.
Ал, сол музыканы сүйеніш санап, құлағыңды бітеп айналаңнан ауашаланып едің ғой, ақиқатында сен қиналғанда жанашыр жақының анаң қасыңнан табылуы керек еді, бірге туған әпкең немесе естияр сіңілің, ағаң, інің, құрбың жаныңнан табылуы керек еді ғой. Жоқ. Олардың бірі де жоқ. Біреуі де сені түсінбейді. Не сұмдық бұл?!! Түсінбесе қойсын, жаңағы жігіттің жайын айтшы бұларға, өзіңнің ауыр халіңді айтшы не дейді екен? Не деуші еді, «Кім ол?» «не жағдай?», «қашан болған нәрсе өзі?» деп аңтарылады. Ал айтып көр! Байыпты көңіл-күймен бірнеше жылдық оқиғаның бәрін басынан тізіп айтып көр… айта алмайсың. Қолыңнан келетіні «мені ешкім түсінбейді» деп жастықты құшақтап егілу. Арғысынан Алла сақтасын.
Енді түсінікті болды. Күндіз-түні құлағыңнан түспеген сол құлақжіп әке-шеше, ағайын-туыс, дос-жаран, құрбы-құрдас, аға-бауырдан ажыратып алып, айдалаға жалғыз тастап кеткен сатқын достан аумайды екен. Жамандыққа ұшыраған сәтте өкініп, жақындарымен қайта сырласуға дәрменіңді келтірмейді. Аралары тым алыс сезіліп «маған ешкім көмектесе алмайды» дегенге дейін жеткізіп түңілдіреді екен. Айналасымен сыр бөліспеген адамды енді өзгелер қайдан түсінсін?!
Мұны психологтар «сен музыканы тыңдағанмен музыка сені тыңдамайды, жалғыз қалғаныңмен саған серік бола алмайды» деп түйіндепті. Біз біреудің талғамына таласып, ісіне араласайық деп отырған жоқпыз. Жиын-тойда, концерттік кеште ән тыңдауды да айтпақ емеспіз. Біздің айтпағымыз тәуелділік. Бұл күнде қай кісіге ой саларлық музыка қалды дейсің, батыстың даңғазасы ғой баяғы.
Ал, шариғатта жалғыз қалған адам жын-шайтанның азғыруына тіптен оңай түсетіні айтылады. Біз бұл арада денсаулыққа келтірер зияны туралы тіпті де айтып отырған жоқпыз. Ол өз алдына бөлек әңгіме…
Құлағына жіп таққан жалғыздар көбейген сайын жаман өлім көбейіп келе жатқаны үрейіңді ұшырады. Құлағы бітеу жалғыздар жамандыққа тап келсе жақындары көмектесе алмайды екен. Өйткені олардың бір-бірінің жүректерінің арасына жол салынбаған. Адам белгілі жағдайға ұшырағанда бұрыннан түсініктері ортақтасқан, бір-біріне етене болған адамдар ғана сол тығырықтан шығуына көп күш береді. Керек десеңіз, содан сабақ алып өміріне жаңа мүмкіндіктер ашылуына себеп болады. Ендеше, айналамызға құлағымыз ашық болсын! Адаммен адамша сөйлесейікші ағайын!
Оның жүрегінде сенің жүрегіңді тербейтін жылы сөз жатыр. Өйткені ол тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін иітіп емізіп, жаны сенің үстіңде болған анашың, ол сенің қалқайған бойыңды көрсе болды бойын қуаныш кернеп, сағынышын басатын әкең, ол сені балабақша, мектепке қолыңнан жетелеп барып бірге ойнаған әпкең, ағаң, ол сенің істеген істеріңді қайталап, топ баланың ішінде сені арқа тұтып асыр салған інің, сіңлің, ол сенің жаның ауырса бірге күрсінер құрбың, сырласың… Бізге бұлардан алыс жерде жақын жоқ қой ботақандарым-ау!
Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ
namys.kz