«ШАҒАЛА» ДОСТАРЫН ҚАРСЫ АЛУДА
Облысымыздың тынығу лагерьлерінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мен «Қызылорда» облыстық балалар қорының қолдауымен өткізіліп отырған «Шаттық керуені» қайырымдылық акциясы жалғасуда. Өткен аптада олардың өкілдері сыйлықтарын арқалап, Қазалы ауданындағы «Шағала» лагерінде тынығып жатқан оқушыларға барып қайтты.
Сырдария өзенінің жағасында, жасыл алқапта орналасқан балалар мекемесі жылдан жылға көркейіп келеді. Атап кететін болсақ, мұнда жасанды газоны бар спорт алаңы соғылды, жүзу бассейні қайта жаңартылды, тұрғын және әкімшілік ғимараттары мен үй-жайларында жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- 2014 - тынығу маусымы 12 маусымда ашылды, бірінші кезеңге ауданның тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан 140 бала қабылданды, - деп баяндайды «Шағала» лагерінің директоры Әбілқасым Роман. – Мұнда төрт кезеңде барлығы шамамен 600 оқушы жазғы демалысын өткізеді. Лагерьде сегіз педагог, төрт тәрбиеші және медпунктіде тіс дәрігері, медбике мен балалар дәрігері жұмыс істейді. Балалар үшін барлық жағдайлар жасалған.
Балалардың бос уақыты мен көңіл көтеруін басты ұйымдастырушылар болып дене шынықтыру, жүзу және музыка пәнінің мұғалімдері табылатыны белгілі. Олар осында балалардың ең сүйікті пәндері болып есептеледі.
- Спорт деген, ең алдымен, денсаулық, - дейді лагерьдің дене шынықтырушысы Кенжебек Толыбай. - Сондықтан, іс-шаралардың едәуір бөлігі спорт пен ойын-сауыққа бейімделген – туризм, жорықтар, жүзу, футбол және басқа да көптеген жарыстар мен конкурстар.
Ал демеушілер мен журналистердің келу құрметіне орай ұлттық спорт түрлері бойынша спартакиада өткізілді. 8 адамнан құралған төрт команда асық, арқан тарту, «әтештер шайқасы» және бөрене үстіндегі айқас ойындары бойынша тапсырмаларды үздік әрі жылдам орындау үшін сайысқа түсті.
Өте қызықты өткен сайыстардың қорытындылары бойынша «Жігер» командасы үздік нәтиже көрсетті. Жеңімпаздар басты сыйлықтар – скейтбордттармен марапатталды. Екінші орынға «Сұнқар» командасының балалары жайғасты, олар автокөлік-динамиктерді иеленді. Үшінші орынды еншілеген «Жалын» командасының мүшелеріне оятар-сағаттар берілді. Ал төртінші нәтиже көрсеткені үшін «Барыс» командасының балаларына көтермелеу ретінде электронды сағаттар табыс етілді.
Марапаттау рәсімінде «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Хұсаин Сәрсембаев сөз сөйледі.
- Дәстүрлі әрі сүйікті іс-шараға айналған «Шаттық керуені» биылғы жазғы маусымда да облысымыздың лагерьлерін аралап, өзінің салтанатты шеруін жалғастырып келеді, - дейді ол. – Сендерді каникулдың басталуымен құттықтаймын, тынығыңдар, күш жинаңдар және оқуда озат болыңдар!
Марапаттау рәсімінен кейін тәрбиешілер мен тынығушы балалар алған әсерлерімен бөлісіп, демеушілерге әкелген сыйлықтары үшін алғыс білдіруден жалықпады.
- Лагерь өте тамаша: демаламыз, ән шырқаймыз, би билейміз, - дейді Әйтеке би кентіндегі №266 мектептің 7-сынып оқушысы Сандуғаш Қожахмет. – Осында мен жаңа достар таптым. Үйге жағымды әсермен қайтатыныма сенімдімін. «ПетроҚазақстан» мұнайшыларына сыйлықтары үшін үлкен рақмет, өз басым үшін бүгінгі сайыстар тамаша өтті!
– Тапсырмалар өте қызықты болды, біз бірінші орынды жеңіп алдық және бізге керемет скейтборттарды сыйлады! - деп шаттанады Сарбұлақ ауылындағы №78 мектептің 8-сынып оқушысы Салауат Көптілеу. –– «Шағалада» демалған тамаша, каникул керемет өтуде, жетекшілерге және арнайылап «ПетроҚазақстан» компаниясына мың алғыс. Біз оларды әрқашан асыға күтеміз.
Тәрбиешілердің айтуынша, «ПетроҚазақстан» АҚ компаниясынан қонақтардың келуі балалар үшін ерекше мереке болып табылады.
- Тынығушы оқушылар сайыстардың басталуына әбден дайындалады, ал бағалы сыйлықтар оларға қосымша ынта береді, – деп түсіндіреді Қазалыдағы №16 мектептің мұғалімі Ғалия Нұрсейітова. – Жарысқа тек үздіктердің үздігі қатысады.
- Балалар бар күштерін салады – конкурстар мен іс-шараларға белсене қатысады, - деп оның сөзін костайды Әйтеке би кентіндегі №204 мектептің мұғалімі Алима Асқарова. - «Қызылорда» балалар қоры және, әрине, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясына балаларға деген қамқорлығы үшін ризашылығымды білдіргім келеді.
- Қазалылық «Шағаладан» облысымыздың басқа да аудандарындағы лагерлердің тынығушылары мен жаттықтырушыларына сәлем айта барыңыздар, - дейді аға педагог Берік Әбиев. – «Шаттық керуені» - қажетті әрі тамаша іс. Балалар «Шаттық керуенінің» келуін әркез асыға күтуде. Керуенге сәт-сапар және «ПетроҚазақстан» мұнай компаниясының өркендеуін тілейміз!
Ғазиз МҰРАТ