АРАЛДЫҢ ҰЛТАНЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖӘДІГЕРЛЕР
Сан ғасырлар бойы табанына сан салалы сыр бүгіп, қойынына інжу-маржанын жасырған ұлы Арал теңізі әлем назарынан тыс қалған емес. Табаны тартылмай тұрғанда шөл белдеміндегі көгілдір су айдынында балығы тайдай тулаушы еді. Айдыны шалқыған, шағаласы қалқыған көк теңіздің көкжиегін жағалай қоныстанған ел бүгінде көз алдарында суалып кеткен Арал тағдырын адам тағдырымен байланыстырады. Өйткені мұндағы экологиялық ахуал күн санап мүшкілденіп барады. АҚШ, Жапония, Канада ғалымдары Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Теңізді бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынған.
Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн. доллар керектігіне көз жеткізген. Арал табанының қайғылы тағдыры әлем экологтарының ғана емес, бүкіл зерттеу институттарының назарын аударуда. Құрғаған теңіз табанынан ұшқындаған сорлы тұз ғана емес, көкке көтерілген шаң да экологияға едәуір кесірін тигізіп отыр. Қазіргі күннің өзінде уақыт санап сарқылып бара жатқан Аралдың ұлтаны жалаңаштанған сайын түрлі құпиялардың сыры да ашылуда. Ғалымдар Арал теңізінің тартылған табанынан тылсымға толы таңбалар мен ескі мешіттің орнын тапқан. Математикалық тұрғыдан сауатты сызылған сызықтардың түрі көрінгенмен, сыры әлі толығымен ашылған жоқ. Сонымен бұлар не деген тылсым дүние болды екен?
Жалпы алғанда алқабы мен атырабына, табанына тарихи дүние мен ұлтанына жұмбақ жәдігерлерді жасырып жатқан Аралдың сыры теңіз қаншалықты тартылған сайын құпияның беті де соншалықты ашылуда. Көзіқарақты адам баласы тарихқа жаңа бір леп сыйлаудан жалықпаған Арал теңізінен табылған құндылықтарды екіге бөліп қарайды. Біріншісі – Кердері кесенесі, екіншісі – Аралдың геоглифтері.

КЕРДЕРІ КЕСЕНЕСІ ҚАЙ ӨРКЕНИЕТТІҢ ДҮНИЕСІ?
Кердері кесенесі Арал теңізінің кепкен табанында Барсакелмес аралының солтүстігінде 30 шақырымда орналасқан. Мавзолейдің жалпы көлемі – 50 шаршы метр, биіктігі – 2,5 метр. Ескерткіштің іргетас жоспары оның қабырғалары дүниенің төрт бұрышына бағытталып салынғандығын көрсетеді. Ұзындығы – 23, ені – 8 метр. Екі камералы бөлмелері 5х5 және 6х10 метрді құрайды. Мавзолейдің іргетасы – 60х15х8 метр, үш жағы қашалып өңделген жергілікті тастан қаланған. 2001-2009 жылдары Қорқыт Ата атындағы ҚМУ және Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының біріккен археологиялық экспедициясы аталған ескерткіштерде қазба жұмыстарын жүргізді. Ескерткіштерден табылған керамикалық бұйымдар оларды Алтын Орда дәуірімен (XIII-XIV ғ.ғ.) мерзімдеуге мүмкіндік берді. Алайда кесененің нақты мерзімін белгілеуде кейбір мәселелердің мүйісі көрініп-ақ тұрады.
- Арал мәселесі – үлкен қасіретті оқиға, планетарлық масштабтағы мәселе. Арал ұлтанының көрінуі көптеген тарихи жәдігерлердің табылуына мүмкіндік берді. Ортағасырлық өркениетке мән-мағынасы сыйыспайтын алып белгілер бір теңіздің табанынан ашылып отырғанымен, екеуі бір-бірімен қабыспайтын секілді. Арал - өзінің тарихында мың өліп, мың тірілген теңіз. Тарихи жәдігерлер Аралдың 18 метр тереңдігінен шықты. Бірақ дәл осындай тереңдіктен осындай өркениеттің табылуы қисынын таппаған мәселе. Мұны тарих ғылымының докторы, профессор К.Байпақовтың өзі толық түсінбейтінін жеткізді. Кердері кесенесін 13-14-ғасырға тели отырып, осы екі арада қалай қала салу мүмкін екендігін түсінбеді (басын шайқаған – ред.). Мұндағы шындықтардың бір-бірімен қабыспай тұрғанын ол да мойындағандай. Толымды теңіз түбінде қалай қала орналасқанын жұмбаққа санап отыр. Рас, ел болған, халық болған, кесене табылған, бірақ Арал теңізінің тасу-қайту кезеңіне табылған жәдігерлердің мерзімі сәйкес келмей тұр. Теңізде қайту болған, бірақ ел қоныстанатын деңгейде қайтпаған, мүмкін одан әріректегі мыңжылдықтарға бару керек пе, ол жағы әлі күнге белгісіз. Бірақ Кердеріден табылған керамикалық кірпіштер, диірмен, балшық ыдыстардың белгілері орта ғасырлардағы керамикалық өрнектерге, кірпіштерге қатты ұқсайды. Бұл ежелгі дәстүрлердің жалпылама көрініс табуы ма, әлде теңіз түбінен табылған керамикалық дәстүр Кердеріден, болмаса Айша бибі, Яссауи кесенесінен бастау алғандығын ғалымдар айта алмады. Өйткені бұл жерде уақыт сәйкессіздігі кесе-көлденең кедергі келтіріп тұрған секілді.
Айта кетерлік жайт, Кердері кесенесі – бұл қаланың орны емес, бұл ортадағы үлкен мешіт. Соның төңірегіндегі бейіттердің бәрі атақты адамдардың – хандар, билер, сұлтандардың бейіттері секілді, өйткені керамиканың орнаменттері сондай әдемі. Содан соң тас болып кеткен сексеуілдің томары табылды. Демек, осы маңда өркениеті қайнаған елді мекен болған. Бұл мәселенің зерттелуі де көңілдегідей емес,- дейді жазушы, қаламгер-эколог Сайлаубай Жұбатырұлы.
Бұл жерде айтылмай қалған мәселе де бар. Бәлкім шындыққа жанасып қалар, теңіздің тартылу кезінде Арал теңізінің батыс бөлігіндегі «Возрождение» аралында кеңес үкіметі тұсында химиялық-бактериялық қарудың сынақ алаңы болған. Онда қару-жарақ, мықты техника аз болған жоқ. Теңіз түбінде сүңгуір қайықтар жүрген. Солар теңізді кезіп жүріп Кердеріге соқтығысқан. Әскерилерге темірдей саясаттың кезінде біздің мешітіміздің ешқандай құны жоқ болғандықтан, оны кедергі келтіретін дүние ретінде судың астында тұрғанда жарып жіберген. Егер де сол мезетте әскерилер ғалымдарға айтып жеткізгенде бүтін күйінде қалған болар ма еді?! Бірақ дәлірегі, парасатты, гуманитарлы қоғамға жетпей, әскерилердің «құрбаны» болып кеткен. Ал түркітанушы, профессор Әуелбек Қоңыратбаев «Арал теңізінің астында 40 қаланың орны бар» деп айтқан. Егер бұл рас болса, жағалау сызығындағы қалалар «батпақтағы қалалар» деген атпен белгілі. (Соның ең үлкені – атақты Жанкент). Бұл қисын бойынша ол осыдан 15 ғасыр бұрынғы қалалар болуы мүмкін деп айтуға болады. Одан өзге бұл маңды ақ ғұндардың, яғни эфталиттердің мекен-жайы деп те жорамалдап жүр.
АРАЛДЫҢ ГЕОГЛИФТЕРІН КІМ ЖАСАҒАН?
Негізінен 4 метрден асатын, жерге ойып салынған геометриялы немесе бейнелі өрнектерді геоглиф деп атайды. Кейбір геоглифтердің үлкендігі соншалық, оларды тек аспаннан ғана көруге болады. Оларды салудың бірнеше түрі бар. Бірі – жердің беткі қабатынан белгілі бір тереңдікке дейін қазып, таңба түсіру. Ал екіншісі – арнайы қиыршық немесе ірі тастарды төсеп, бейне жасау. Тағы бір түрі – ағаштарды белгілі бір бейне жасай отырып егу. Ал біздің Аралдан табылған сызықтар осының алғашқысына жататын секілді. Сыры ашылмаған, жауабы жоқ жұмбақ геоглифтердің Арал теңізі табанынан табылуы ғалымдарды былай қойғанда, қарапайым жұрттың да таңдайын қақтырып отыр. Шамамен он шақты жылдар бұрынғы уақыт бедерінде күтпеген жерден аңғарылған бұл жайтқа естіген адамның бәрі өре түрегелгені рас. Қазақ ғылыми зерттеу институтының ауа райын бақылау орталығы қызметкерлері кем дегенде 500 шаршы метр алаңда бір бағытқа тартылған ондаған ірі сызбаларды суретке түсірген. Кейбір дереккөздерге сенсек, кей жерлерде сызбалардың ені 2 метрден 50 метрге дейін жеткен. Құпиясын қатпардағы қойнауына жасырып тұрған сызбалардың қайдан, қалай, қашан пайда болғанын ғалымдардың өзі нақты білмейді, тек болжамдар ғана басу айтып тұрғандай. Өйткені мұндай алып сызбаларды сызып-кескіндеу үшін геометриялық сауаттылық аса қажет. Ал кей ғалымдардың пайымы мұндай геоглифтердің көмегімен кеңістікті ажыратуға, планетаның магниттік өрісін сезінуге, меридиан, параллель секілді сызықтарды бағамдап, оңтүстік пен солтүстікті ажыратып, сондай-ақ өзге де меңзеліп тұрған мағлұматтарды білуге әбден болады екен.
- Тұран өркениеті – Жетісу, Алтайдағы өркениеттен артық болмаса, кем емес. Геоглифтер – жер бетіне салынған алып таңбалар, тарихи жәдігерлер. Бала кезімізде елді мекендер арасына шағын ұшақтар қатынайтын. Сол кезде теңіздің мөлдірлігі соншалық, табанына дейін көрініп жататын. (Арал әлемдегі ең лайлы Амудария мен Сырдария өзендерін қабылдайды, бірақ өз суының мөлдірлігін сақтайды. Құдіреттілігі сол!) Сол кезде ұшақтан қарағанда теңіздің табанында қатар-қатар орналасқан үлкен қара-қара сызықтар көрініп жататын. Ол кезде балалықпен мән бермейтін едік. Бәлкім солар – осы геоглифтер шығар. Аралдың геоглифтері Сырдарияның Арал атырабына құярлығынан, оңтүстікке таман, теңіздің ашылған ұлтанынан 10-15 метр тереңдіктен табылып отыр. Мұндай ірі таңбаны салу үшін ең мықты деген 20 мың техника 90 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуі керек екен. 2013 жылы Ресейдің «РенТВ» арнасының журналистері геоглиф мәселесін сұрады. Солардың зерттеуінше, Аралдың ар жағында үстірт алабында да дәл осындай геоглифтер табылған. Шын мәніне келгенде Арал үстіртіндегі белгілер мен теңіз табанынан табылған геоглифтер бір болуы мүмкін, - деп топшылайды С.Жұбатырұлы.
Қазіргі таңда әлемге әйгілісі – Перу жеріндегі Наска шөліндегі таңбалар. Ондағы өрмекші, тотықұс, маймылдың бейнелері мен 13 мыңнан астам сызықтар мен жолақтар, 700-ге жуық геометриялық фигуралар жер жүзін әлі таңғалдырып келе жатыр. Бұларды ғалымдар қай ғасырда, қандай өркениет, кімдер салғанын білмейді. Өйткені оны салу үшін өте мықты геометриялық білім мен өлшеуіш құралдар керек. Сондықтан ғалымдар оны жат планеталықтардың бізге қалдырып кеткен космодромдық белгісі деп жорамалдап жүр. Егер бұл рас болса, үстірт пен Аралдың маңайында да үлкен бір осындай құбылыс болуы бек мүмкін.
Бұл біздің ата-бабамыздың қолынан келетін іс емес. Бірақ, бұл ешқандай ғылыми тұрғыда дәлелденбеген, біз де нақты жауап айта алмаймыз. Бір нақтылығы, біздің Аралдан табылған геоглиф «С» әрпі тәрізді, ұзындығы 20 шақырымды құрайды. Түсініксіз, оңтүстіктен-солтүстікке, батыстан-шығысқа бағытталған алып-алып сызықтар толып жатыр. Ал, Наскадағы сызықтар бұған қарағанда жіңішкелеу, демек, ғылыми тұрғыдан дәлелденген жағдайда Аралдың геоглифтері Наска геоглифтерінен асып түспесе, ешқандай да кем түспек емес.
Н.ҚАЗИҚЫЗЫ