ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІПТІ ЖАЛҒАСТЫРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ПОГОНДЫ ҚЫЗ
Қазіргі заманда көбі отбасы құндылықтары, атаның өрелі еңбегін жалғастыру ісі, дәстүр сабақтастығы бағаланбайды деп жатады. Алайда өз өмірін ойланбастан ата дәстүрімен жалғастырып, «алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба да сонда жүрер» демекші, асқар тау әке мен кеңпейілді ананың ізін басып, отбасылық кәсіпті абыройлы атқарып жүргендер жетерлік. Солардың бірі – ішкі істер органдарында адал қызмет етуді отбасылық мамандыққа айналдырған Шайменовтер әулеті. Қызы Сәуле мен анасы Күміскүлдің қызметтік міндеті, мақсаты, арманы бір. Бұл дәстүр жалғастығының негізі әкесі Әбдіхалықтан бастау алған. Әкесі Шайменов Әбдіхалық – өте зерек азамат болған. Ішкі істер органдарында қызмет етуге өз ынтасын білдіріп, сол кездегі кеңес үкіметінің қалалық орындаушылық комитетінің жолдамасымен Қызылорда ҚІІБ-ның социалистік меншікті талан-таражға салумен күресу бөлімінің жедел уәкілі лауазымына тағайындалады. Шыншылдығының, адалдығының, өз ісіне деген жауапкершілігінің арқасында тәжірибелі маман болған. Нағыз тәртіп сақшысына тән осы қасиеттерінің арқасында артына ерген әріптес іні-қарындастарына ғана емес, ұл-қыздарына да үлгі тұтар тұлға, бой түзер азамат бола білді. Алайда, 1981 жылы қызмет бабымен жүрген кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза болды.
Ал, анасы, Шайменова Күміскүл – Қызылорда ҚІІБ-ның социалистік меншікті талан-таражға салумен күресу бөлімінің аға жедел уәкілі лауазымында бірнеше жылдар бойы қызмет атқарды. Ол кеңес үкіметі кезіндегі алып-сату, пара алу, мемлекет мүлкін ұрлау, алаяқтық, қызмет бабын пайдалану сияқты бірнеше қылмыстарды ашып, заң бұзушылықтардың алдын алуға өз үлесін қосқан. 1997 жылы ІІО-нан құрметті еңбек демалысына шығып, қазіргі кезде немере сүйіп, еңбектің зейнетін көруде.
Әкенің шыншылдығы мен ананың өз ісіне деген адалдығы енді бой түзеп келе жатырған Сәуленің де болашақ мамандығының, өмірлік жолының қалыптасуына ықпал етеді. Қыз баласы үшін ауыр, күрделі сала екендігіне қарамай, ішкі істер органдарындағы алғашқы қызметін Қызылорда ОІІД-нің ақпараттық-аналитикалық орталығының инспекторы ретінде бастайды.
Қызылорда қаласындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Сәуле үшін өзге балалар сынды қай мамандықты таңдасам екен деп толғану, таңдау жасау барысында қиналу сезімдері болған емес. Себебі кішкентай кезінен ол абыройлы, адал, қайсарлықпен тең келер бір ғана мамандықты білді. Ол – полиция қызметі. «Мен де тәртіп сақшысы болсам, елімнің, халқымның мүддесін, құқығын, қауіпсіздігін қорғасам, әділетсіздікпен білек сыбана күрессем» деген бала арманы оны ең жауапты салаға алып келеді. Осы мақсатта ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шымкент заң колледжін, одан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды заң институтында білім алып шығады.
Ол әкенің темірдей тәртібін көрмесе де, қаны арқылы берілген асыл қасиеттерінің, ананың ақыл-кеңестері мен үлгі-өнегісінің арқасында ішкі істер органдарында абыройлы қызмет етіп келе жатыр. 20 жылға жуық уақыт ішінде жүктелген барлық міндетті жауаптылықпен, тыңғылықтылықпен атқарып, нәтижесінде «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен, Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың «Құрмет грамотасымен» және бірнеше мәрте департаменттің грамоталарымен марапатталған. «Подполковник қыз» атанған Сәуле Шайменова әріптестері арасында құралайды көзге атқан мергендігімен да белгілі. Ол 2011 жылы Қызылорда облысы көлемінде Макаров тапаншасынан атудан әйелдер арасында өткізілген сайыста «Ең үздік мерген қыз» номинациясына ие болған.
Бүгінгі таңда Шайменова Сауле ата-анасының жолын жалғастырып, қазіргі кезде департаменттің Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істері жөніндегі аға жедел уәкілі лауазымында қызмет атқарып келеді. Полиция қызметінде еңбек етуді – Отан алдындағы, халық алдындағы парызы деп қана емес, сонымен қатар ата-ана абыройына дақ түсірмей алып жүретін қасиетті ұғым деп біледі.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі