ҚАЗАЛЫДАҒЫ ҮЛГІЛІ ҰСТАЗДАР ОТБАСЫ
Жадиевтер отбасы - қадірлі де қасиетті мамандық саналатын ұстаздар отбасы. Шаңырақ иесі Жәди Жандәулет аға қазіргі Қазалы ауданы Аранды ауылдық округінің тумасы. Мектеп бітірісімен, Қызылорда қаласындағы пединституттың физика-математика факультетіне оқуға түсіп, жоғары білім алады. Дипломды қолға ала сала туған ауылындағы №25 мектепте еңбек жолын бастауды жөн көріпті. Одан соң әскер қатарына шақырылып, отан алдындағы борышын өтеп келеді. 1963-1965 жылдары №78 Майлыбас сегіз жылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, кейінненАқтан батыр ауылындағы №190 орта мектепке директор болып тағайындалады. Тура 22 жыл осы білім ордасын басқарып, білікті басшы атанады. Сол жылдардан бері осы ауылды қоныс еткен.
Жандәулет ағаның әкесі Жәди ақсақал ұстазға лайықты мінез-құлқы бар, ескіше сауатты, бес уақыт намазын қаза етпейтін кісі болған көрінеді. Жандәулет ағаның ұстаздық жолды таңдауына ең бірінші отбасындағы тәрбие, екіншіден білім нәрімен сусындатқан мұғалімдері әсер етіпті.
Ұстаздың жары Балқия апа да мұғалім. Студенттік шақтағы таныстық үлкен отбасының құрылуына әкелген. Ұстаздың жарының айтуынша, отағасы мектепте талап еткен тәртібін үйден де талап еткен. Отбасындағы шаруашылықтың ешбіріне араластырмай, ұстаздық қызметіне бар жағдай жасаған да осы Балқия апамыз. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің демекші, қос ұстаздың бір ұлы мен бір қызы да осы жолды таңдапты.
Жәди ақсақалдан тараған 6 бала да ұстаздық жолды таңдаған, әулетіндегі ұл-қыздары мен келіндері және немерелері де ұстаздық жолда. Жандәулет аға алдыңғы буын ағаларына қарап бой түзесе, ағаның інілері енді бұл кісінің өзін үлгі тұтып, ұрпақтар жалғастығы түзілген. Бүгінде әулеттегі ұстаздардың саны 32-ге жетіпті. Барлығының еңбек өтілін қоссақ, 700 жылдан асып жығылады. Яғни,
Ұстаз шәкіртімен мәңгі мәуелі. Жандәулет ағай өзінің ұстаздық еңбегі арқылы көптеген жастардың өмірден өз орнын табуға көмектескен. Қазір ағаның шәкірттері еліміздің түкір-түкпірінде әр түрлі салада абыройлы еңбек етуде. Ағамыз өнерден де құр алақан емес. Қасиетті қара домбыраны жастық шағынан бері серік етіп келеді. Қазақтың небір күйлерін шебер орындаумен бірге, шығу тарихын да есінде жақсы сақтаған.
Ұрпақ тәрбиесі жолында 30 жылдан астам уақыт бойы еңбек еткен ағаның балалары әкенің қатал тәрбиесін көріп өскен. Қатал тәрбие мен өнерді сіңіріп, болашақтарына бағдар беріп, жол сілтеген.
Жандәулет аға мен Балқия апа бүгінде зейнетте болса да еңбекпен айналысып, бау-бақша өсіреді. Жеміс-жидек өнімдерін сүйікті немерелерінің аузына тосып отыр. Қос ұстаз да жоғары санатты мұғалімдер, одақтық дәрежедегі Құрмет Грамотасының иегерлері. Мектепте іскер, білікті басшы болса, зейнет жасында ауыл мен ауданның қоғамдық өміріне араласып, халықтың ардақты азаматы атанған Жандәулет аға бүгінде 77 жасқа таяды. Білім беру ісінің үздіктерінің өнегелі өмір жолдары - көпке үлгі. Жәдиевтер отбасы ғалым да, шахтер да бас иетін ұстаздық қызметтен өз бақыттарын тапқан жандар.