КОНФЕРЕНЦИЯ АЯСЫНДА КОРЕЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР КӨРМЕСІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
2015 жылдың 6 мамырында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Корея және Орта Азиядағы фольклор: салыстырмалы талдау» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Конференция жұмысына Кореяның Алматыдағы Бас консулы Сон Чхи Кын, Корея Республикасы Чолланам-до провинциясы білім басқармасының бастығы, профессор Манчай Чанг бастаған делегация, Салыстырмалы фольклористика жөніндегі азиялық қауымдастық президенті Чунг-Анг және Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстанның ғалымдары мен лингвист мамандары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлары, магистранттар және докторанттар қатысты.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қылышбай Бисенов делегация құрамына университеттің білім беру қызметін таныстырып өтті. Сонымен бірге, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Оңтүстік Кореяның Кангвон, Андон ұлттық университеттері, Кангнам, Кенги, Чун-Анг, Кукмин университеттерімен және Кенги провинциясының білім басқармасымен тығыз әріптестік байланыс орнатқандығын, нәтижесінде аталған жоғары оқу орындарында студенттер алмасу және қос диплом бағдарламаларының жүйелі жүзеге асып келе жатқандығына тоқталды.
Конференция барысында осы әріптестік байланысты одан әрі нығайту мақсатында университет Корея Республикасы Чолланам-до провинциясы білім басқармасымен өзара ықпалдастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Меморандумның негізгі мақсаты – студенттер мен магистранттардың, докторанттардың ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу және білім беру саласында одан әрі әріптестікті дамыту, тараптар арасындағы өзара түсіністікке жол ашу болып табылады.
Жиын барысында университеттің Ғылыми кеңесі шешімі және оқытушы-профессордың ұсынысы негізінде Корея Республикасы Чолланам-до провинциясы білім басқармасының бастығы Манчай Чанг пен Чолла-Намдо провинциясы қонақжайының директоры Хан-мо Рянге Философия докторы құрметті дәрежесі берілді.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Толобек Абдрахманов «Фольклор и размышления об эпосе» тақырыбында баяндама жасап, қырғыз, қазақ әдебиетінің дамуы, ақындардың әдеби байланысы, Орта Азия елдерінің бай фольклор мұрасы турасында өз ойларымен бөлісті. Сонымен бірге, Ханеула Малбита атындағы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Гонгу Ракка «Исследование и разработка традиционных методов крашения по Корейской технологии» тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Конференция аясында Кореяның ұлттық киімдер көрмесінің тұсауы кесіліп, көпшілік назарына ұсынылды.
Конференция жұмысы одан әрі 5 секция бойынша жалғасып, 30-дан аса ғылыми баяндамалар тыңдалды.