ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР! ҚАДІРЛІ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің Отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны.
Осыдан 23 жыл бұрын Елбасының дана саясатының негізінде еліміздің тарихында алғаш рет тұрақты әскер құрылды. Бұл біздің еліміздің елдігінің, Тәуелсіздігіміз бен теңдігіміздің бекіген күні деп саналады.
Бүгінде қуаты артып, абыройы әлемді мойындатқан Қазақстанның қарулы күштері заманның кез келген қауіп-қатеріне жауап беретін жинақы да ұтқыр армияға айналды.
Бұл ретте, 7 мамыр және осы күні өткізілетін қазақ елінің әскери әлеуетін көрсететін жауынгерлік парад жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөлге ие болары сөзсіз.
Бұл күн тарихынан ерлігі дастан еліміздің рухтылығын, күшінің қуатын дәлелдейтін және батыр бабаларымыздың аманатын арқалаған қайсар ұландардың мерекесі.
Осынау мәртебесі биік мереке күні Қазақстан әскерлері қатарында қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарымызды, елінің ертеңі үшін аянбай кез келген уақытта Отан қорғауға даяр елінің елжанды ұландарын осы мерекемен құтықтай отырып, баршаңызға тілейтінім дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік пен болашаққа деген сенімділік!
Айбынды еліміздің абыройы асқақтай берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев