ҚАЗАЛЫДА МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Ауылдағы ағайын қорадағы малының қолды болатындығына алаңдаулы. Бұл мәселе Қазалыдағы жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарынан назарынан тыс қалған емес. Өз кезегінде аудан әкімдігі, прокуратура және ішкі істер бөлімі тарапынан мал ұрлығының алдын-алу және оны болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдануда.
Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының бастамасымен тұрғындарға өз малдарын қараусыз қалдырмау, малды кезекпен бағу немесе «Пада» арқылы бағуды ұйымдастыру жөнінде насихат жұмыстары жиі жүргізіліп келеді.
Ауыл тұрғындарының күнкөріс көзі төрт түлікпен біте қайнасып жатыр. Сол себепті әрбір малдың ұрлануы олардың қолындағы барын қаққанмен бірдей. Осы ретте айласы асқан қылмыскерлерге малдарын қолды етпеудің жолы малдарды сырғалап, паспортпен қамтамасыз ету дейді ветеринария мамандар. Енді олар чиптік әдісті қолданбақ. Терінің астынан егілетін екпенің бар-жоғы белгісіз, тек арнайы құрылғы арқылы аңғаруға болады.
Айта кетейік,малдарды қараусыз жайылымға жіберудің салдарынан егістіктерде, орман қоры жерлеріндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарында жайылған, белгіленбеген жерлерде суғарылған, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатты жоюға жол берілген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылыққа әкеліп соқтырады.
Сондай-ақ, темір жол, автомобиль жолдары маңындағы белгіленбеген жерлерде мал жайылған жағдайда да мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.