КІШІ СЕРЖАНТ КЕНЖЕТАЙДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН
Биыл жеңістің 70 жылдығы тойланғалы жатыр. Баршамыздың осы бір мерейлі мейрамға үлес қосқымыз келеді. Жеңіс күні әр жылда әкемді еске аламын. Отбасыма, жұмыста жүргенде шәкірттеріме әкем туралы естеліктер айтып беретінмін.
Менің әкем – Кенжетай 1925 жылы 11 наурызда дүниеге келген. Ресейдің Челябы облысы, Магнитагор қаласына қарасты «Муравейник» деген жерден 1943 жылы 8 қаңтарда әскер қатарына алынған. Әскери антты 1943 жылдың 25 ақпанында қабылдапты. Соғыста әскери кеуде белгісі №28 болыпты. Жастайынан 18 жасқа толар толмастан майданға кеткен. Әскери билетінде артында жалғыз анасы жазылыпты.
Әкем соғыста №2 Балтық майданында, №44 911 әскери бөлімде болған. Осы бөлімде артилеристер құрамында болған.
Қан майдан ішінде жүрсе де, аз ғана жарақат алып, елге аман-есен оралған. 1945 жылы жеңіске жеткенмен Қиыр Шығыста Жапония әскерін талқандауға жіберілген. Мұнда мина іздеуші болған. Одан да аман шығыпты, қайран әкем.
Елге 1950 жылы 20 наурызда оралыпты. Келген соң, инженер-механик мамандығы бойынша жұмыс істей жүріп, шаңырақ көтерген.
Осы шаңырақта 1955 жылы мен, Гүлжахан 10 наурызды дүниеге келгенмін. Есімізді білген кезде, әкемнен соғыс туралы сұрай қалсақ, ол бізге медалдарымен соғыста түскен суреттерін көрсете отырып, әкем: «енді соғыс болмасын. Соғыс деген жаман ғой»,-дейтін. Әкемнің соғыстан аман келгеніне қуанған біздер, әрі қарай әңгімені созбайтынбыз. (сурет) (әкем Кенжетай түргеліп тұрғандар қатарыннан санағанда, сол жақтан екінші)
Есімде қалғаны «За отвагу» медалі, тағы басқалары да бар болатын. Мадақтауларды әжеміз Алуа жинап, шүберекке түйіп, сандыққа салып қоятын. Кейін анамыз Елеусіз-Орынбасар жинап, сақтады. Қан кешуден аман келген әкем, бейбіт өмірге араласып, еңбек етті. Алайда, денсаулығы сыр беріп, ауырып, 1975 жылы 17 шілдеде бейбіт өмірдің, жеңістің үлкен тойларын, тіпті ұл-қыздарының рахатын, қуаныштарын көре алмай өмірден озды. Әрдайым осыған өкініп қаламыз. Біздер, қыздар тұрмысқа шығып кетсек те, ардагер әкеміз Кенжетайды айтпаған күніміз жоқ, сағынамыз, ойлаймыз, іздейміз. Артынан құран бағыштаймыз.
Әкем, орта бойлы, әдемі кісі болатын. Әкем – Кенжетай, анамыз Елеусіз-Орынбасармен отбасын құрған соң, Күнсұлу, Гүлжахан, Балдырған, Тәңірберген, Ақжарқын, Әли-Муса, Алма, Асия, Аиса, Таңат, Қуаныш, Қуантай есімді ұл-қыздарды көрді. Өсіріп тәлім-тәрбие берді, оқытты.
Балдырған, Тәңірберген, Қуаныш, Әли-Мусалар дүниеден озды. Қалған ұрпағы әкем мен анамыздың бойымызға сіңірген тәлім-тәрбиесін жалғастырып, өмірдің түрлі саласында қызмет етудеміз. Әкемнің шыншылдығы, тәртіптілігі, еңбек сүйгіштігі, қарапайым мінезі біздер үшін таусылмас мұра. Майданда болған, еліне қызмет еткен, ардагер әкемді біз әрдайым мақатышпен еске аламыз. 70 жыл бойы бақытты өмір сүріп, жатқанымыз үшін, ата-анамызға, қадірлі әкем Кенжетайға айтарымыз көп. Перзенттік борышымыз Сізді ардақтап, берген тәрбие мен іліміңізді өтеу.
Ешенова Гүлжахан Кенжетайқызы
№11 орта мектептің зейнеткері,
Қазақстан Республикасы Білім мен Ғылым
Министрлігінің «Білім беру ісінің» үздігі