АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ
1941 жылғы соғыс талай жанды бауырынан, ананы баласынан, бүлдіршіндерді әкеден айырды. Бүгінде арамызда сол қанды майданды көзімен көрген жандар бар. Ерліктің қайталанбас үлгісін көрсеткен сондай жанның бірі - Сәрсенбай Бақтыбаев. Бізге бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлерімізді құрметтеу бүгінгі ұрпақтың азаматтық парызы. Осыны өздеріне басты мақсат санаған Қызылорда облыстық сотының ұжымы Жеңіс мерекесі қарсаңында қарт-майдангерді құттықтап, ақсақалдың отбасында болды. Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Ержан Қарабаев сот ұжымының атынан сый-құрмет көрсетті.
Оған ризашылығын білдірген ақсақал ақ батасын жаудырып, өзінің өмір жолынан сыр шертті. Тоқсанның төріне шыққан ақсақалдың айтуынша, ол 1940-1942 жылдар аралығында Амударинский Речной Пороходствада жұмыс атқарған. Ал қанды майданға 1942 жылдың тамызында аттанған. Белоруссия майданында қан кешіп, от пен оқтың ортасын да жүріп Отан үшін шайқасқан. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен қан кешкен тұста Сәрсенбай атамыз да төнген қауіпке қасқая қарсы тұрған. Осындай оқтың ортасында 1944 жылы Грудный қаласындағы шайқаста аяғынан жарақаттанады. 9 ай госпитальда емделіп, жарақаты жазылған соң №32 атқыштар девизиясының құрамында болады. Минск қаласында командир катюшамен немістердің 1 топ девизиясына оқ жаудырғаны үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады. Осындай елі үшін жасаған ерліктері ескерусіз қалмайды. Мұнан кейін де Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков медалімен, I дәрежелі «Ұлы Отан» төсбелгісімен және бірнеше жауынгерлік ордендермен мадақталады. Бір сөзбен айтқанда соғыс ардагері мемлекет марапатына, ел алғысына бөленген жан.
Сұрапыл соғыс біткен соң елге оралады. Жағдай біртіндеп түзеле бастайды. 1946-1948 жылдары Қызылорда қаласында «ПРОМ комбинат» мекемесін де ағаш ұстасы болып жұмыс атқарған. Мұнан кейінгі жылдары «Авто Трактор Деталь» мекемесінде қойма меңгерушісі болады. 1950-1984 жылдары Жол жөндеу участігінде байланыс бөлімінде жұмыс жасайды. Осы қызметінен зейнеткерлікке шығып, құрметке бөленеді.
Қарт жауынгер биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына куә болғалы отыр. Осы мерекеге орай арнайы төсбелгіні де кеудесіне тақты. Ақсақалға енді бейнетінің зейнетін көруді нәсіп етсін дейміз. Денсаулықтың арқасында, ұрпағының ортасында құрмет-қошеметке бөлене бергей.
Гүлжайна ЖӨЛЕКБАЕВА,
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметкері