ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Мамыражай мамырдың алғашқы күнімен қатар келетін осынау шуақты мереке, халқымыздың бауырмашылдығын, еліміздің достық сезімге ынтық, ыстық ықыласының дәлелі іспеттес.
Биылғы жылдың басты ерекшеліктерінің бірі «Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады» - деген ұстаныммен татулықтың туын жықпай, ынтымағы ұйысқан еліміздегі бейбітшілік пен берекелі тату тірліктің ұйытқысына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын дүйім ел болып атап өтудеміз.
Үстіміздегі жылдың 23 сәуірінде Елордамыздың төрінде «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» атты мағыналы тақырыппен ұйымдастырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Елбасы Н. Назарбаев: «Біз биылғы жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Бұл – Ассамблеяның мерейін асыру арқылы нығая түсетін Ел бірлігі жылы. Тарихи жылда біз Қазақстан халқының мызғымас бірлігі мен Ұлы Отанға мәңгілік сүйіспеншілігін ұлықтай түсеміз» - деген сөзімен, біз үшін бірлік деген мәртебесі биік ұғымның маңыздылығын ұғындырып өтті.
Сондықтан 1 мамыр әрқашан халықтың бірлігін паш ететін, қоғамдық келісім кемеліне жетіп, елдің бірлігі жарасып, ынтымағы ұйысатын мереке.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – Отанымызға деген сүйіспеншіліктің, қазақстандық патриотизмнің жарқын көрінісі.
Бүгінде достық, сенім, ынтымақ, бірлік ұғымдары этносына, діни сеніміне қарамастан, барлық азаматтар үшін айнымас берік ұстанымдарға айналды. Қоғамдық келісім мен мәдени және тілдік әралуандылық біздің өсіп-өркендеуіміздің негізіне, басты байлығымызға, ортақ игілігімізге айналды.
Үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде өткен кезектен тыс Президент сайлауында да халқымыз бір ауыздан белсенділік танытып, еліміздің болашағы жолында бір тудың астында біріккен, тату ел екендігімізді әлемге дәлелдеп берді.
Алдағы уақытта тек қана татулық пен тұтастық арқылы ғана көздеген мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз. Тек бірлігі жарасқан халық қана биік жетістіктерге жете алады.
Сондықтан біздер - қазақ даласын мекен еткен барша ұлт өкілдері үшін татулық, тыныштық бәрінен де қымбат.
Мереке қарсаңында баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, береке, қуаныш пен шаттық тілеймін!
Қазақстан халқының берекелі бірлігі жарасып, әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Елдігіміз еңселі, достығымыз мәңгі болсын!
Ізгі тілекпен, қала әкімі Н. НӘЛІБАЕВ