ҚСЗИ ПРЕЗИДЕНТТIК САЙЛАУ ЖӨНIНДЕ БАЯНДАМА ДАЙЫНДАДЫ
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты сарапшылар тобымен бiрге Қазақстандағы президенттiк сайлау жөнiнде «Президенттiк сайлау-2015: қорытындылар және болашақ әлеует» атты сараптамалық баяндаманы жасап шығарды.
ҚСЗИ директоры Ерлан Қариннiң айтуынша, баяндама 2015 жылдағы кезектен тыс президенттiк сайлаудың барлық аспектісін қамтыған кешенді ақпараттық, сараптамалық өнім болып табылады.
«Бiз бүгiн сiздердiң назарларыңызға алдын ала есептi ұсынып отырмыз, себебi бiрқатар материалдар әлi егжей-тегжейлi талданып жатыр. Ертең немесе арғыкүнi бiз бұл жұмысты толық аяқтаймыз. Бiрақ қазiрден бастап, алдын ала нәтижелер туралы айтуға болады», - дедi Е. Қарин бүгiн құжаттың таныстырылымында.
Оның атап көрсеткенiндей, бұл баяндамада сайлаудан кейінгі кезең туралы, осы сайлаудың Қазақстанның даму жолындағы мән-мағынасы қарастырылған.
«Бiр сөзбен айтқанда, бiздiң сарапшылар мен зерттеушiлер сайлау науқанының барлық процедуралары мен аспектiлерiн қамтыды. Баяндаманың басымдығы сол, онда кешегi өткен президенттiк сайлауға қатысты шолумен қатар, оның бұның алдында өткен сайлаулардан ерекшелiгi жөнiнде салыстырлмалы талдау жасалды. Сондай-ақ осы жолғы және оның алдында өткен сайлаулардағы саяси партиялардың белсендiлiгiне де назар аудардық», - деді ол.
Бұл - ҚСЗИ мен шетелдiк және отандық сарапшылармен жасалған алғашқы тәжiрибе. Жұмыс тобының құрамына ҚСЗИ сарапшылары - Юрий Булуктаев пен Мәдина Нұрғалиева, сонымен бiрге институттың тәуелсiз шолушысы Марат Шибұтов кiрдi.
«Баяндама көлемi небәрi 100 бет. Ол өте ықшам. Оның оқып шығу қиынға соқпайды», - дейдi жоба бастамашысы Марат Шибұтов.
Оның сөзiне қарағанда, бұл қазақстандық сарапшылар жасаған ҚР президентiн сайлауға қатысты алғашқы баяндамасы.
«Бiз мұнда болжамдар ұсынып, сайлауға анықтама беремiз. Алда не болатынын да қамтып отырмыз. Президенттiк сайлау жөнiнде бұл алғашқы сараптама. Оның алдында халықаралық байқаушылар немесе өзге де сарапшылар жасап келдi. Ендi мiне, 1991 жылдан берi Қазақстан Президентiн сайлау науқанын толық қамтыған қоғамдық талдамалы баяндама шықты», - дедi ол.