ТАУАР ТАҢБАСЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУ ЗАҢДА КӨЗДЕЛГЕН ЖАУАПТЫЛЫҚҚА ӘКЕП СОҒАДЫ
«Үкімет кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға тың серпіліс беретін жүйелі іс-шараларды дайындап оны жүзеге асыруы тиіс. Бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыруға қол жеткізуі керек. Ел экономикасы, біздің кәсіпкерлер қазіргі уақытта ұзақ мерзімді несие ресурстарына мұқтаж»,- деген Президент Н.Ә.Назарбаев үкіметтің 2014 жылғы ақпандағы кеңейтілген отырысындағы сөйлеген сөзінде. Қазіргі заман талабына сай шағын кәсіпкерлік болмаса, экономиканы жаңғырту мүмкін емес. Зияткерлік меншік дербес сала ретінде Қазақстанның инновациялық дамуының барлық стратегиялық құжаттарында және стратегиялық халықаралық келісімдерде кездеседі.
Тауар таңбасы – нарық тілінің қажетті элементі. Себебі, сатып алушы үшін тауардың жалпы құны оның нақты бағасы мен жасап шығуға кеткен шығындарының қосындысынан құралады. Бұл жерде тауар таңбасының арқасында фирманың коммерциялық беделі жоғарылаған сайын және тауар таңбасы жағымды ассоциациялар тудыратын сатып алушылардың саны көп болған сайын фирма мол табысқа кенеледі. Сәйкесінше тауарын жоғары бағамен көбірек сата алады. Ал, өзіне таныс тауарға үйренген тұтынушы басқасын іздеп бас ауыртпайды. Алайда, соңғы жылдары бұл таңбаларға дақ түсіріп жүргендер көбейіп барады. Яғни сол заттың таңбасын алып, өз тауарларын шығарып, мол пайдаға кенелуді мақсат еткен жеке фирмалар саны артуда. Бұл дегеніңіз біріншіден алаяқтық, екіншіден сапалы дүниені жоғалту болып саналады. Тұтынушыны сапасыз дүниелермен алдау, көзбояушылыққа әкеп соқтырады. Тұтынушының сұранысын қанағаттандыратындай сапалы дүниеге қол жеткізуіміз керек. Сонда ғана бәсекелестік саны артады, халық игілігіне тұтынады. Қазақстан Республикасында заңсыз тауар таңбаларын қолданғаны үшін әкімшілік, азаматтық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
1999 жылдың 26 шілдесіндегі «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, «тауар таңбасы немесе қызмет көрсету таңбасы – бұл тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғаның та¬уарларын (көрсететін қызметтерін) басқа заңды немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерінен) ажырату үшін қызмет ететін белгі» деп түсіну қажет.
Тауар шығарылған жердің атауы – елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің, не басқа географиялық объектінің атауын білдіретін не құрамында атауы бар белгі, сондай-ақ ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы немесе басқа сипаттары негізінен географиялық шығу тегімен, оның ішінде өзіне тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған және туындының осындай атаудан шығарылған сілтемесі.
Заңның 5-бабына сәйкес, та¬уар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, әріп, цифр, көлем белгілері және өзге де белгілер немесе бір тұлғалардың тауарлары мен қызметтерін басқа тұлғалардың біртектес тауарларынан немесе қызметтерінен ажыратуға мүм¬кіндік беретін олардың аралас үлгілері тіркелуі мүмкін.
Тауар таңбасы сияқты жекешелендіру құралына айрықша құқығы бар құқық иеленуші оны пайдалануы, айналымға қосуы, сонымен қатар өзіне тиесілі таңбаға иелік етуі мүмкін.
Тауар таңбасын пайдалану заңмен белгіленген тәртіпте оны қандай да болмасын айналымға енгізу болып есептеледі.
Сонымен, тауар таңбасы сияқты осындай жекешелендіруге заңмен белгіленген тәртіпте айрықша құқықты алған тұлға оны заңға қайшы келмейтін кез келген әдістермен пайдалануға және иелік етуге құқылы.
Тауар таңбасына айрықша құқықтары бұзылды деп есептеген құқық иеленуші өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік және сот органдарына шағымдануына болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкер¬шілік: ҚР Азаматтық кодексінің 1032-бабы тауар таңбасына қатысты жауапкершілікті қарастырады. Сонымен, тауар белгісін не оған араласу дәрежесіне дейінгі ұқсас белгілеуді заңсыз пайдаланушы тұлға тәртіп бұзуды тоқтатуға және тауар белгісінің иесіне келтірілген залалдарды өтеуге міндетті. Яғни, тауар белгісін заңсыз пайдаланушы тұлға тауар белгісінің дайындалған бейнелерін жоюға, та¬уардан немесе оның қорабынан заңсыз пайдаланылған тауар белгісін немесе олармен араласу дәрежесіне дейін ұқсас белгілеуді алып тастауға міндетті. Ал, бұл талаптарды орындамаған жағдайда тиісті тауар жойылуға жатады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бабында көрсетілгендей, «тауар таңбасына айрықша құқықтарды иеленуші осы құқықтарды бұзушыдан өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады».
Әкімшілік жауапкершілік: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 2014 жылдың 5 шілдесінде жаңадан қабылданып, 2015 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енді.
Жаңа басылым бойынша зияткерлік меншік (тауар таңбасы) саласын Кодекстің 158-бабы қамтиды. Аталған бап бойынша әлгіндей құқық бұзушылыққа жауапкершіліктің нақтыланғанын және артқанын көреміз.
Тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының, тауар шығарылған жер атауының немесе біртектес тауарларға және көрсетілетін қызметтерге арнал¬ған, олармен ұқсас белгілеулердің заң¬сыз бейнесін қамтитын тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – 30 айлық есептік көрсеткіш, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Жаңа бап бойынша бүгінгі күнге дейін облыс соттарында әкімшілік іс қаралмаған.
Қылмыстық жауапкершілік: Қазақ¬стан Республикасының Қылмыстық кодексі 2014 жылдың 3 шілдесінде жаңадан қабылданып, 2015 жылдың 1 қаңтарында заңдық күшіне енді.
Қылмыстық кодекстің 222-бабымен тауар белгісін заңсыз пайдалану үшін жауапкершілік қарастырылған. Аталмыш бап 2 тармақтан тұрады:
1) Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған соларға ұқсас белгіленімдерді заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі залал келтірсе, онда үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2) Қазақстан Республикасында тіркелмеген тауар белгісіне немесе тауар шығарылған жердің атауына қатысты ескертпе маркалауды заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекет бірнеше рет жасалса немесе ірі залал келтірсе, онда екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу арқылы жазаланады.
Тауар таңбасын заңсыз пайдалану қоғамда шағын және орта бизнестің дамуына тосқауыл болатын қауіпті құбылыстардың бірі. Сондықтанда, бөтен тауардың таңбасын заңсыз пайдалануға асыққанша, заңды жолмен жүрейік!
Батыр РИМОВ
Қызылорда облысының
Әділет департаментінің инспекторы