НҰРЫМ СӘЛІМГЕРЕЕВ «СЫР БАРЫСЫ» АТАНДЫ
Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде 25 сәуір күні Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке жанкүйерлер қауымының қызыға тамашалаған шарасына айналды.
«Алтын белбеу» жарысы айдан астам уақытқа созылды. Боз кілемдегі балуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті. Ауылдық елді мекендерден басталған биылғы жарыстың аудандық, қалалық, облыстық іріктеу турларына барлығы 7152 спортшы қатысты. Жарыстың үшінші кезеңі ақтық сайысқа Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 256 палуан сынға түсіп, өз шеберліктерін шыңдады.
Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірімізде төл спортымыз – қазақ күресінің дамып келе жатқандығын және оған жыл өткен сайын қатысушылардың саны артып отырғанын айтты. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Сәрсен Құранбек жарысқа қатысушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ, облыста төл күресіміз қазақ күресінің тарихында есімдері алтын әріптермен жазылған ардагер балуандарымыз Қалапберген Пірімжанов, Абылай Жалдыбаев және Михаил Дмитриев ұлықталып, оларды облыстық қазақ күресі федерациясының президенті Рзақұл Нұртаев марапаттады.
Жарыста кіші жасөспірімдер арасында Қызылорда қалсының спортшылары жақсы қырыннан таныла білді. Ал жасөспірімдер арасында Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандары, жастардан Қызылорда қаласының жеткіншектері өздерінің мықтылықтарын байқатты. Ересектер арасында Қармақшы ауданынан келген палуандар да бірнеше жүлдеге қол жеткізді.
Түйе палуан сайысына 22 спортшы қатысты. Олардың арасында аралдық Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанды. Оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 200 мың теңгенің сертификаты табысталды. «Сыр Арланы» титулын иеленген жалағаштық Руслан Әбдіразақовқа 700 мың теңгенің сертификаты берілсе, «Сыр Сұңқары» - Айбек Серікбаевқа 300 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Сондай-ақ, әр жас ерекшеліктері бойынша 1,2,3 орындарды иеленген спортшылар алғыс хаттармен марапатталып, оларға қаржылай сыйлықтар берілді.
5 шілде күні Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан Н.Сәлімгереев пен Р.Әбдіразақов облыс намысын қорғайтын болады.