ҚАНДАС БАУЫРЫМ, ХАЛІҢІЗ ҚАЛАЙ?
Оралмандар мәселесі жеткілікті. Баспана, жұмыссыздық және азаматтық алу мәселелері тағысын тағы…
Бүгінгі күнде елде шамамен оралмандардың интеграциялауымен айыналысатын 20 ҮЕҰ жұмыс жасайды. 2006-2009 жылдары Қызылорда облысы бойынша орташа есеппен екі мыңға тарта оралман тіркелсе, 2010 жылы олардың саны 516 адамды құраған. Ал, 2011 жылы 300 болса, 2012 жылы-120, 2013 жылдың 9 айы ішінде облысқа бар болғаны 84 оралман қоныс аударған.Оралмандардың, яғни қандас бауырлардың елімізге оралғаны көңілге қуаныш ұялатады. Әйткенмен, олардың арасында әлі де болса мәселелер бары жасырын емес.
Осыған орай, өткен аптада Тасбөгет кенті, №257 орта мектепте «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен шетелден келген қандас бауырларымыздың тілдік ерекшелігіне қарай семинар өтті.
Аталмыш бірлестік ұйымдастырған семинар шетелден келген оралмандардың қоғамға қалыптасуына ықпал жасауын, олардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды мықтап сіңіру арқылы патриотизмді нығайтуды, оралмандар арасындағы мәселелердің шешілуіне ықпал жасауды, оларға арналған орталықтың жұмысын жандандыруды көздеді.
Семинар барысында...
Шараның алғы сөзін «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мастеков ашып, оралмандар жайлы мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар және облыста көрсетіліп жатқан әлеуметтік атаулы көмектер туралы тоқталып өтті.
Содан соң, семинар еркін, ашық түрде жалғасты. Семинардың басы қандас бауырларымызға тиісті орындар мен мекемелер қандай жағдайлар жасалғандығы туралы мәселеден әңгімелер өрбіді. Көтерілген мәселеге байланысты өзіндік пікірлері мен ойларын жеткізген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева оралмандардың жұмыспен қамтылу деңгейі, әлеуметтік атаулы көмектердің тағайындалу ережелерін, сонымен қатар, қандастарымыздың бейімделуіне ықпал жасалатынын атап өтті.
Қазіргі күні оралмандар үшін азаматтық алу үлкен түйткілді мәселеге айналып отыр. Осы мәселе өзге мемлекеттермен салыстырмалы түрде оңтайлы шешімін тапқан. Бұл мәселе төңірегінде ҚІІБ көші-қон полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Ержан Теңізқұлов: «Қазіргі таңда құжатты рәсімдеу кезінде де көп уақыт өтпейтінін және тез арада алу мүмкіндігі бар екенін, 2014 жылдың тамыз айының 19 жұлдызынан бастап азаматтық алуға байланысты құжаттар жинақтау жұмыстары басталды және бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігімізді жеткіземін»-деді.
Оралмандар үшін тұрғын үй мәселесі де басты мәселенің бірі. Бұл жайында қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы Гүлмира Пазылова тұрғын үй алу жолдары жайлы сөз бастап, қандастарымызға мемлекет тарыпынан қолдаулар мен жеңілдіктер барын түсіндіріп өтті.
Шара соңында Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары Ерлан Бейсенбаев шетелден келген бауырларымызға өз елінің бетке ұстар нағыз азаматтары болып қалыптасуларына ниетін жеткізіп ғана қоймай олардың мәселелерімен қанық екендігін және алдағы уақытта шешілуіне жұмыстар жасалатынын жеткізді.
Семинар барысында оралмандар тарапынан баспана, жұмыссыздық және азаматтық алу мәселелері жайында тиісті сала мамандарына сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптарын алды. Олар үшін ең керегі де осы болатын. Яғни, мамандармен көзбе-көз пікірлесіп, нақты жауаптарын алу.
Оралмандардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды мықтап сіңіру арқылы патриотизмді нығайту, туған елдің өзекті проблемаларына бей-жай қарамайтын талантты да белсенді қазақ жастарының басын қосып, ой-пікірлерін кеңейтуге мүмкіндік жасай отырып, қандас бауырларымыздың сала басшылары мен жастар арасындағы сабақтастықты нығайту арқылы өнегелі өмір тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Шараға қатысқан қандас бауырлар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Себебі, оралмандар жайы бәрімізді ойлантады. Қандас бауырларымыздың мәселелері шешіледі деген үміттеміз.
«Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігі