ЖАЛЫННАН ЖАСҚАНБАҒАН ЖАСТАР
«Апат айтып келмейді». Кейде төтенше оқиғалармен бетпе-бет келетін кез болады. Сол кезде дұрыс әрекет ете білу ең басты құндылық адам өмірін ажал тырнағынан арашалап қалуға себеп болады.
Осындай оқиғаның бірі - 12 наурызда орын алды. Дәлірек айтқанда Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті Ғ.Мұратбаев көшесі №1 тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алды. Оқиға кезінде тұрғын үйдің келіні – Ұлмекен мен мектеп жасына дейінгі 5 бүлдіршін үй ішінде болған. Өрт сөндіру бөлімінің мамандары келгенге дейін келінім 4 баланы аман алып шығып үлгеріп, бесіктегі 1 жасар Мейіржанды шығаруға үлгермей қалады. Жалын жалмап жатқан арпалыста қызыл отқа оранып үлгерген үйге қайта кіру мүмкін емес еді. Осы мезгілде көршісі Данияр есімді азамат /Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті/ от лаулаған тұрғын үйдің ішіне кіріп, сәби жатқан бесіктің терезеден шығарылуына жан аямай атсалысады.
«2015 жылдың 12 наурызында 14 сағат 30 минут шамасында қаладағы Тасбөгет кентіндегі Ғ.Мұратбаев көшесі №1 тұрғын үйдегі зал бөлмесінде аяқ астынан өрт оқиғасы болды. Сол өрттің болжамды себебі электр қондырғыларынан болуы мүмкін. Өрт болған кезде 1994 жылғы келінім Ұлмекен мен 5 немерем үйде болған. Өрт туралы келінге алты жасар немерем Аян айтқан. Осы мезетте келін 1 айлық Аяулымды, 1,5 жасар Айымды бесіктен шешіп алып, далаға лақтырып үлгерген. 6 жасар Аянды, 4 жасар Ұланды желкесінен ұстап сыртқа шығарып жіберген. Сосын жан екпінмен газды жапқан. Қайын ағасы Бекзатқа «Мейіржанды алып шығыңызшы, шығара алмай жатырмын»,-деп жан ұшыра айқайлаған. Одан соң шошынып қалған Марат денесі ірілеу болған соң ішіне кіре алмаған. Сөйтіп, көрші бала Даниярды үйдің ішіне кіргізіп, бесікті сыртқа шығарып беруін сұраған. Иә, өз өміріне де қауіп төнуі мүмкіндігіне қарамастан, Данияр бесікті терезеге қарай тартып, сыртқа шығуына себепкер болды. Балам Марат та терезені сындырғанда қол жарақатын алды. Марат балам кішкентай сәби Мейіржанның бетін қармен жуып, есін жиғызып, дәрігер шақырды. Сәби ауруханада жансақтау бөлімінде жатып, палатаға шықты. Шошынып қалғандықтан келінімнің емшегінен сүт шықпай қалды. Жалпы көрші бала Даниярға, балам Маратқа, келінім Ұлмекенге алғысым шексіз. Осылардың арқасында бес немерем аман қалды», - деп осы оқиға туралы сол тұрғын үйдің иесі Зоя Игілікқызы еске алды.
Осы оқиға жөнінде Даниярдың өзі былай деді: 12 наурызда сағат 14.30 шамасында көрші үйдің бірінен өрт шығып жатқанын байқадым. Өрт болып жатқан үйге барғанымда үй ішінде бала қалып қойғанын естідім. Көршім Марат ағай үйге кіріп терезеден 2-3 метр қашықтықта жатқан бесіктегі баланы терезе тұсына жақындатып беруімді сұрады. Көп ойланбастан, ішке терезе арқылы кіріп, бесікті терезеге жақындатып бердім. Марат ағай терезенің жақтауларын сындырып, бесігімен баланы сыртқа қарай тартып алды».
Осы оқиғалар туралы тұрғын үй иесі Зоя Омарова мен Данияр Қауышқан колледждегі ұстазымен бірге Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі М.Ш.Ибрашевқа жолығып, әдейілеп тәптіштеп айтып берген болатын. Ондағы мақсат, әрқашанда балаларға өрт қауіпсіздігі ережесі талабын сақтау туралы насихаттап отыру, жастардың өрт оқиғасы туындаған кездегі қайсар әрекетін, ерлігін, отаншылдығын көпшілікке паш ету болды. Оқиға желісінен көріп отырғанымыздай, бұлардың қай-қайсысы болса да ерлік жасадық деп отырған жоқ. Бірі көршіме көмектестім, бірі баламды құтқардым, бірі туысымды құтқардым деп отыр. Алайда, алапат қызыл жалын арасынан бес бірдей бүлдіршінді аман алып шығу ерліктің ерлігі десек те артық емес. Өйткені, адам өмірі бәрінен де қымбат.