МОЙЫНДЫ ТЕСКЕН ОҚ
9-мамырда Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта қалған 1941-1945 жылдар аралығындағы қанды қырғынның жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толады. Жеңіс күні, бұл – ұлы мереке. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің еліміздің ұл-қыздары да жаумен аянбай шайқасты. Соғысқа 2 миллионға жуық қазақстандық қатысып, олардың жартысы майдан даласынан оралмады. Миллионға жуық адам тылда еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға лайықты үлес қосты. Майдангерлер қатары жыл сайын сиреп барады. Сондықтан, оларды құрметтеп, ардақтау – асыл парыз. Ел үшін ерлік жасап, отансүйгіштік пен патриоттықтың үлгісін көрсеткен қаһармандар ешқашан да ұмытылмайды. Оның ішінде баршамыздың ата-бабамыз да осы соғысқа аянбай тер төкті, бірі майдан даласында жаумен күрессе, бірі тылда еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға атсалысты. Солардың бірі бүгінде Қызылорда облысындағы төтенше жағдайлар департаментінің коменданты Гүлжаһан Боранованың әкесі – Тұрсынбай әкей болатын. Бүгінде атай марқұм болып кетсе де, балаларының жүрегінде әке бейнесі сақталып, оның соғыстағы ерлігі, батырлығы, намыстылығы, парасаттылығы ел аузында ұмытылмастай болып қалды.
Боранов Тұрсынбай Сәуленбайұлы 1924 жылы Қызылорда қаласында 8 жылдық мектепті тәмамдаған соң 1942 жылы 18 жасында өзі сұранып Ұлы Отан соғысына аттанған. Руы - Божбан Қоңырат еді. Әкесі – Боранұлы Сәуленбай мен анасы - Бибіажар қарапайым еңбек адамдары болды. Отбасында екі інісі - Дауылбек пен Қабылбайларға аға ретінде қамқор бола білді. Майданға барған жас жігіт - Тұрсынбайды 6 ай оқытып, «лейтенант» деген әскери атақ берген. Осы әскер шенді иеленген соң әскери ротаны басқарып, жау шебіне қарсы соғыстың өртіне төтеп берген. Қан майданда 1943 жылы тамағынан оқ тиіп, жүректің сыртқы қабығын жаралаған. Осы кезде әскери госпитальға жатып ем алған. Оқты сол кездің әскери госпиталь дәрігерлері қатырып тастап, осы жарақатымен елге келген ол кешегі 1975 жылға дейін өмір сүрген. Дәлірек айтқанда 1973 жылы Алматыдағы әскери госпитальға барып, емделіп, оқты магниттік әдіспен алмақшы болады, алайда, оқтың орнын қозғап жібергендіктен, кейін осы жарақатынан 1975 жылы дүние салады.
1951 жылы елге келіп, Қыпшақ руының Шаштысының Малайқұтымының қызы Қонысова Ақтай Бектұрғанқызына үйленеді. Одан 4 бала дүниеге келген. 1953 жылы Абай, 1956 жылы Гүлшат, 1958 жылы Гүлжаһан, 1961 жылы Дүйсенбай. Қазіргі күні Игорь, Гүлжан, Ерлан Гүлжанат, Аида, Руслан, Бақтан, Нұрлыбек, Гүлімай, Әселім, Аяна, Әкежан атты немерелер мен жиендері ата ерлігін мақтан етеді. Тұрсынбай әкейдің немересі Игорь да бүгінде өрт сөндіру саласының маманы ретінде әскери қызметте. Ол өсіп келе жатқан балалары - Дінислам мен Адинаға соғысқа қатысқан жаужүрек атасы туралы мақтанышпен айтудан еш жалыққан емес. «Борановтар әулеті жыл сайын 9 мамыр - Жеңіс күнінде ата әруағына құран бағыштап, еске алып, кейінгі ұрпақтарына үлгі қылып келеді. Биыл да сол дәстүр жалғастығын табады»,-дейді атайдың қызы, әріптесіміз Гүлжаһан Тұрсынбайқызы.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.