МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖАҒЫМДЫ СИПАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі тиіс. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек».
Сондай-ақ, Елбасы халыққа Жолдауында «ХХІ ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті басқаруға жоғары талаптар қояды» деп мемлекеттік функцияларды атқаруға жауапты мемлекеттік қызметшілерге қатысты айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру арқылы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғарылатудың маңыздылығын саяси басымдық ретінде ерекше атап көрсетіп, тоқталып келеді.
Жалпы, мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда мемлекеттік қызметшілерді екі топқа бөліп, түсініктеме берген.
Біріншісі мемлекеттік әкімшілік қызметші. Оған мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізінде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші жатады.
Екінші мемлекеттік саяси қызметші. Мұндай қызметшілер тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси - айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаткер мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші табылады.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне көрінетін негізгі жағдайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде «мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды», - деп көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік міндеті мол. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру халықтың сенімі мен құрметінің көрсеткіші.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметін ынталандыруға - жеңілдіктер, көтермелеу, құқықтық жауапкершілік шаралары жатады.
Ал, мемлекеттік қызметшілердің жасаған құқық бұзушылықтарының сипатына қарай олар тәртіптік, әкімшілік, материалдық азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметте болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшіге ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын қызметінен босату секілді тәртіптік жазалар қолданылады.
Досбол ҚАМЗАЕВ,
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік
сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы