ЗАҢНАМАҒА БІРШАМА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жар¬лығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасы» еліміздің болашақтағы даму стратегиясын анықтайтын маңызды құжат болып табылады. Бұл әлем елдерінің экономикасы мен саясатындағы ілгері алға жылжулар мен өзгерістер, еліміздің ішкі даму көрсеткіштері бойынша қол жеткен табыстармен ғана шектеліп қалуға болмайтындығын дәлелдеп отыр. Сондықтан, ұлттық құқықтық институттарымыздың заман талабына сәйкес болуын, олардың бәсекелестік қабілетін көтеру үшін мемлекетімізде құқық қолдану және заң қабылдау бағытындағы шығармашылық шараларды жаңа деңгейде ұйымдастыру мәсе¬лелерін бүгінгі күннің басты талабы ретінде қарастырып, аталған шаралардың орындалуын қамтамасыз ететін еліміздің құқық жүйесіне қойылатын талаптар мен олардың алдында тұрған міндеттер ауқымы өте жоғары дәрежеде екенін естен шығармауымыз керек.
Елімізде нарықтық экономиканың жан-жақты және табысты дамуы, индустриализация, инновация, инвестиция салаларындағы жаңашыл шаралардың жүзеге асырылуы, жалпы кәсіпкерлікті, оның ішінде, кіші және орта бизнес субъектілеріне жағдай жасау т.с.с. мәселелерге зор көңіл бөлініп, аталған қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды дер кезінде әрі заңдылық тұрғыдан шешу үлкен саяси мәселе болып табылады. Осы орайда, Азаматтық іс жүргізу кодексі Республика азаматтарының сот төрелігіне қолжетімділігін, сот өндірісіне қатынасушы жақтардың іс жүргізу құқықтарын жоғары дәрежеде жүзеге асыруды, азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау мен орнына келтіруді, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін заңнамалар жинағы.
2014 жылдың 2 желтоқсанынан бастап Азаматтық іс жүргізу кодексі (АІЖК), Қылмыстық іс жүргізу (ҚІЖК) және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне (ӘҚбтК) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және өзге де заң актілері өз күшіне енді.
АІЖК-де көзделген негізгі енгізілген жаңалықтарға:
- қадағалау тәртібінде сот актілерін қайта қарау туралы апелляциялық, кассациялық шағымдар мен өтініштерді беру кезінде мемлекеттік баж төлеу;
- Жоғарғы Соттың соттылығын шектеу;
- Жоғарғы Сот Төрағасына істерді қадағалау тәртібі мен қайта қарау туралы ұсыныстардын енгізу жөніндегі өкілеттіктерді беру;
- Соттардың қызметіне медиация және ақпараттық технологияларды қолдану аясын кеңейту (сот процесін дыбыс-бейнехаттамалау; арыздар, шығымдар, өтініштер беру, санкция беру және электрондық құжат нысанына атқару парақтарын беру туралы сот орындаушысының қаулылары, бейне байланысты қолдану арқылы дәлелдемелерді қашықтықтан зерттеу) және басқалары жатады. Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап, мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын құжат болмаған жағдайда, апелляциялық, кассациялық шағымдар мен қадағалау тәртібінде сот актілерін даулау туралы өтініштер қараусыз қайтарылады. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін АІЖК - нің жекелеген жаңа нормаларына (Заңның 2 - бабы) басты назар аудару қажет.
Айта кететін жағдай, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелеріне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қа¬зақстан Республикасы заңының негізі мақсаты – азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды жеңілдету әрі тездету, сотқа қатысушы жақтардың өзара келісімге келуінің және татуласуының құқықтық негіздерін қалыптастыру болып табылады. Мысалы, АІЖК-нің 22-бабында соттың іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы туралы көрсетілген. Негізінде, іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыратын сот емес, судья екенін ескерсек, судьяның заң талаптарына қарсы жасаған әрекеттеріне шағымдану тәртібі бөлек заңнамалар¬дың қағидаларымен реттелуі тиіс. Ал, сотқа қатынасушы жақтар сот шешімдеріне заңда көрсетілген тәртіптер негізінде шағым немесе наразылық келтіре алады. Сондықтан, соттың іс жүргізу әрекеттеріне шағымдану туралы қағиданы аталған баптан алып тастау туралы ұсыныс енгізіліп отыр.
Соңғы жылдары Облыстық сотқа түсетін өтініштердің саны шамадан тыс көбейіп кетті. Сот тәжірибесін зерделей келе, облыстық сотқа апелляциялық тәр¬тібімен қаралатын азаматтық істердің санатын қайта қарау күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі деп білеміз.
Біз АІІЖК заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар аясының басты тұстары қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыруға қабілетті екендігін баяндап, халық пен мемлекет игілігіне табысты үлес қосады деп сенеміз.
Енді осы мақаланы жазудағы басты мақсатымыз, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің болашақта қандай да болмасын, құқықтық ережелермен қамтылуы тиіс деген мәселелер бойынша өз пікірімізді білдіргіміз келеді. Біздің ойымызша, қолданыстағы АІЖК-нің әлі де болса, құқықтық құндылықтары жоғары азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін жалпы қағидалар сақталып қалуы тиіс. Бұл қолданыстағы кодексті жаңадан қайта жазып шығу қажет деген мағынаны білдірмейді, яғни, азаматтық істер жүргізу заңы реттейтін қоғамдық қатынастар айқын және азаматтық сот өндірісінің міндеттері мен принциптері өзгеріске ұшыраған жоқ. Дегенмен, АІІЖК заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар аясында келесі мәселелерге көңіл бөлу қажет деп есептейміз.
Жалпы, дәлелдемелер туралы қағидалар топтамасы азаматтық процестің іргетасын құрайды десек, артық айтпаған болар едік. Басты көніл аударатын тақы¬рып – дәлелдемелерді ұсыну мәселесі деп бағалау қажет.
Азаматтық істер жүргізу заңнамасының келесі өзекті салаларының бірі – сот шығындары және мемлекеттік баж құқықтық институттары болып табылады. Істерді бітімгершілік келісім немесе медиация тәртібімен шешу тәжірибесін тұрақтандыру және дамыту үшін осы сот шығындары институтын кеңінен пайдалану керек. Сотқа қатысушы жақтарға олардың құқықтары мен міндеттері тиісті дәрежеде түсіндірілген жағдайда, әсіресе, сот шығындары туралы нақты құқықтық ақпарат алған кезде, аталған тұлғалар келісім немесе татуласу жолын таңдап алуы мүмкін. «Арзан сот төрелігі болмауы тиіс» – деген мәтелді жиі қолданамыз, дегенмен, аталған сөздер өмір шындығынан туындаған сияқты.
Сот - мемлекеттік биліктің дербес саласы және Қазақстан Республикасы атынан сот төрелігін жүзеге асыратын бірден-бір орган, яғни, сот органдарына деген құрметті мемлекетке, мемлекеттік билікке құрмет көрсету деп бағалау қажет.
Облыстық және оған теңестірілген соттар алқалы орган болып саналады. Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы бірінші кезекте судья, сонымен қатар, осы сатыдағы қаралатын істердің заңдылығына, сапасына жауапты тұлға екенін ескерсек, алқа төрағасын істерді қараудан шеттетуге болмайды. Сондықтан, қолданыстағы заңнаманың 333-бабын өзгерте отырып, аудандық (қалалық) және оған теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды облыстық және оған теңестірілген соттардың алқасы үш судьядан тұратын сот құрамымен қарауға тиіс деп белгілеу қажет.
Азаматтық істерді кассациялық сот сатысында қараудың тәртіптері мен ерекшеліктері қолданыстағы заңнамада толығымен қамтылған.
Азаматтық процесс – кең көлемді, бірнеше тараулар мен сатылардан тұратын, құқықтық реттеудің барлық салалары мен бағыттарын қамтыған, қоғамдық сұраныстарға байланысты түзетулер мен толықтырулар енгізіліп отыратын күрделі қағидалар жинағы.
Светлана ЖУЫНТАЕВА,
Қызылорда облыстық сотының
азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі
апелляциялық сот алқасының судьясы