ТАБИҒАТҚА ЕЛЕУЛІ ЗИЯН ӘКЕЛЕТІН ӘРЕКЕТТЕР ҮШІН КӨРІЛЕТІН ШАРА ҚАТАҢДАТЫЛДЫ
2015 жылдың қаңтар айынан жаңадан күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерінің баптарына сәйкес заңсыз аңшылық, балық аулау және ағаштар мен бұталарды заңсыз шабу деректері орын алған жағдайда оларға көрілетін әкімшілік және қылмыстық шаралардың талаптары күшейтілгендігін атап өткім келеді.
Бұрын заңсыз ағаш кесу дерегі бойынша әкімшілік шара көрілетін болса, жаңадан енгізілген заң талаптарына сәйкес тек қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген.
Сондай-ақ, заңсыз балық аулағаны үшін бұрын 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып келсе, қазіргі әкімшілік кодекстің талабына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіштен жоғары мөлшерде айыппұл салу көзделген.
Бұрын табиғатқа елеулі зиян келтіре отырып жасалған заңсыз аңшылық дерегі бойынша әкімшілік шара көріліп келсе, бүгінгі күні бұл әрекет қылмыстық теріс қылық ретінде қаралып, қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген.
Осыған сәйкес, облыс тұрғындарына табиғи ресурстарды пайдалануда, аңшылық жасау, балық аулау кезінде қолданыстағы жаңа заң талаптарын қатаң сақтап, ортақ табиғатымызды қорғауға және заң бұзушылықтарға жол бермеуге бірігіп ат салысуға шақырамын.
Нұрболат РСАЛИЕВ,
Қызылорда ОІІД ӘПБ
Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің
аға инспекторы, полиция подполковнигі