ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ МЕН БИЛЕР ТӨРЕЛІГІ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын мемлекеттік дәрежеде атап өту іс-шараларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ұйымдастыруымен осы жылдың қыркүйке айыда өтетін «Қазақ құқығы мен билер сотының төрелігі-қазақ мемлекетінің феномені» халықаралық ғылыми конференция шеңберінде, Қызылорда қаласында Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстық соттарының және белгілі заңгерлер, тарихшылар, филолг, этнограф ғалымдар мен бірге тарих зерттеушіліерінің қатысуымен «Қасқа жолды -Қасым хан билігі кезеңіндегі мемлекеттік басқару, құқықтық жүйе және сот билігі» тақырыбы бойынша 15.05.2015 жылы ғылыми конференция өткізу жоспарлануда.
Ғылыми конференцияда қазақ елінің мемлекеттік құрылысына соның ішінде мемлекеттік басқару, дәстүрлі құқықтық нормалар мен сот төрелегінің билігі, мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің нығайуы мен өркендеуіне қосқан үлесі туралы деректі тақырыптар толығымен талқыланады.
Ғылыми конференцияда талқыланатын тақырыптың бірі құқықтық жүйе және сот төрелігі бойынша би-шешендеріміз ерен еңбектері туралы ой-пікірімді жариялауды жөн көрдім.
Халық даналары: Адал би – ол әділ би,
Елдің құты - би,
Елге бай құт емес - Би құт,
Билер сөзі - ақылдың қайнар көзі деп аталы сөзді бекерден бекер айтпаған.
Қазақ хандығының басқару және құқықтық жүйесінің нығайуы мен өркендеуіне би сот төрелігінің қосқан үлестері тәуелсіз еліміздің және халқымыздың асыл қазынасы және ата мұрасы.
Қазақ дала халқының қазақ хандары мен батырларының еліміздің қазақ елі болып қалыптасуына жасаған ежелгі ерлігі мен еңбектері мен қатар даналылығы мен ақыл ой-өріс парасатылығымен жүргізген би-шешендеріміздің сот төрелегі, көшпенді халқымыздың бірлігін нығайтты, тұрмыс салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын және мәдениетін дамытты.
Әлімсақтан қазақ халқы қара қылды қақ жара әділдік айтқан, азулы орақ тілді би-шешендерін қадірлеп қастерлей білген.
Қазақ би-шешендерінің тарихы сонау б.з.б. II ғасыр бұрын оғыз, қыпшақ, керей, қаңлы, қатаған, сіргелі т.б. тайпа ұлыстары кезеңінен бастау алып, сол кездерде өмір сүріп дүниеден өткен Нәнді би, Елсау би, Оңқай би, Майқы би Мәнұлы атты баба билеріміздің халық бірлігінің игілігі үшін жасаған еңбектерімен бірге атақ даңқтары да қазіргі тәуелсіз еліміздің дәуіріне дейін жетті емес пе.
Қазақ хандығының дәуірінің кезінде Майқы би Шыңғыс хан тұсында, Жиренше шешен мен Асан қайғы Әз-Жәнібек хан тұсында, Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке би, Едіге, Тайкелтір, Байдалы, Шақшақ, Жәнібек, Қоқым, Сасық атты билер Тәуке хан тұсында қазақ халықының бірлігі мен татулығы мен игілігі үшін қызмет жасаған болса, Барақ хан, Керей хан, Өзбек хан, Есім хан, Өсымхан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Кенесары хандармен бірге жандарында дара-дара билер мен бірге билер кеңесі де халыққа берекелі қызметтер жасағанын тарих толғауы дәлелдейді.
Кеңестік дәуірі кезеңіндегі компартиялық саясат ханар мен билерді, бай, болыстарды қанаушы үстем тап өкілі ретінде жазғырғаны баршамызға мәлім. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін қазақ ханары мен билері туралы деректерді зерттеу кездерінде архив мәліметтерінен қысқаша ғана тарихи деректер табылды.
Қазақ жері мен елінің тұтастығы мен бірлігін және ынтымағын сақтау үшін, жеріміз бен елімізді шапқыншы жаудан қорғаған қазақ хандары мен батырларымен бірге халық игілігі үшін қызмет жасап, еңбектерімен зор үлес қосқан би-шешендеріміз туралы архив мәліметтері мен деректері аз болып, көп тегі бар, өшпесі ізі бар батырлар да, би-шешендерімізде атаусыз қалды.
Дегенмен архив мәліметтері мен халық аузымен жеткізілген жекелеген деректерінде, қазақ даласының алуан түрлі өзіне тән әсем табиғаты мен көшпенді тіршілігі және шаруа ерекшеліктері негізінде қалыптасқан ұлт дәстүрі мен салт-сана мәдениетінің дамуының арқасында, көшпенді дала халқының сот төрелігі билігіне араласып, халық арасында орнын ойып тапқан, аты аңызға айналған азулы, орақ тілді, көптеген әділ би-шендеріміз өмір сүріп, өшпес із қалдырғанын көрсетеді.
Әлімсақтан халқымыз ақыл-ойымен сөз шешендік тәжірибесін меңгеріп, сөз өнерін жетік білген билерін қадірлеген және айтылған сөз түйінінің орнын бағалаған. Себебі жан және тән азабымен қатар қиындыққа душар болған әрбір адам әділдік іздеп соңғы үмітімен, үлкен сеніммен дала билеріне жүгінген. Көңілін жұбатататын, ауыртпалығын жеңілдетін билердің әділетті кесімдерінің куәсі болған.
Қазақ жерінің әсем табиғатымен бірге көшпенді елдің тіршілік-кәсібі ұлтымыздың санасы мен сезім дүниесіне әсерлі әсер берген, ұлтымыздың өзіне тән әдеби-әстетикалық талғамы өскен және тіл өнері өркендеген, салт-сана дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті қалыптасқан.
Соның негізінде халқымыздың әдет-ғұрып тіршілігін жетік білетін, қаймықпай әділ билік-кесім айтатын, адал да батыр, әділетті дара биік тұлғалы би-шешен өнері жанданған.
Сонау ертедегі аумалы-төкпелі кезеңде, қазақ бірнеше ру болып бөлініп, рубасылары өзара кикілжіңге ұшырап, аралары алшақтап, ыдырауға ұшырау белең алып бара жатқан мезгілдерде қазақ хандары мен батырлары ел қамын ойлап халық бірлігіне ұйтқы болған және би-шешен бабаларымыз көкейіндегі орақ тілді аталы сөздерін інжу-маржандай жеткізіп, көмекейіндегісін жарыққа шығарып, әділ төрелік жүргізіп, әділетті билік-кесімдерімен елді татулыққа, ынтымаққа тартып қажырлы қызметтер жасаған.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген аталы сөзде айтылғандай сол ерте кезеңдерде қазақ даласының тарихын зертеген Шығыс зерттеушілері, қазақ халқының еңбекке деген ынталылығын, еркіндікке деген сүйіспеншілігін, ерекше ілтипатпен жасайтын кішіпейліктері туралы соның ішінде қанағатшыл, оптимист халық екені жөнінде жиі айтып, басылымдарға деректі хабарламалар жазған.
Талай-талай халық сындары мен бірге ғасырлар шыңдау мектебінен өткен қаза даласының би-шешендері қазақ қоғамының ерекше тұлғалары бола білді.
Ежелден көшпенді қазақ елінде тура айтып, әділ билік-төрелік айтқан би-шешендеріміздің алатын орны ерекше болған.
Билер мен шешендер сөзі-халқымыздың өзіне тән табиғи даналығы мен дарындылығын және олардың ірілік тұлғасын көрсететін мәдени мұрамыздың бірі.
Қазақ ұлтының кемеңгер ұлы А.Байтұрсынов «Әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі» деп бекерден-бекер айтпаған.
Қазақ халқымен бірге араласып өмір сүрген би-шешендеріміздің рухани өресі биік болған және мәрттік, кеңдік, адалдық, ақ жүректік, қайырымдылық қасиеттерімен, ауыз әдебиетінің інжу-маржан сөздерімін билік және төрелік жүргізіп, әділ кесімдерімен дала қазақтарын дауласу дертін жазған.
Қазақ халқының ұлы Абай, ұлтымыздың ақылды да аталы інжу-маржан сөздері мен өнегелі-өсиеттері жөнінде, «Сегіз аяқ» деген философиялық толғауында, қазақ халқының тіл өнері «толғауы тоқсан, білгенге маржан» деп теңеу айтып жазған.
Қазақ даласының билері, жақсы мен жаманды, жақын мен алысты, қымбат пен арзанды, қиын мен жеңілді алға тартып «Тілмен түйгенді, тіспен шеше алмас» деген ұстаныммен талай-талай ар мен намыс үшін туындаған дауларды әділ шешкен.
«Сөз шынына тоқтайды, пышақ қынына тоқтайды» деп дауласқандардың ауытқып, бұра тартқандарын дуалы сөздерімен тоқтатып, әділеттіліке шақырып, ел бірлігі үшін есебі жоқ адал қызметтер жасаған.
Халқымыздың ауыз әдебиеті мен сөздерінде азулы би-шешендеріміздің орақ тілді билік-кесім, шешімдері туралы «Айтқан сөзі-құрған қақпандай» деп аңыз сияқты жиі айтылады. Би-шешен бабаларымыздың шешендік толғамдары, өткір, тапқыр, пышақ кескендей биліктері сонымен бірге қалжың-қағытпа әзілдері, қанатты өсиетті сөздерінің өзі, тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын ұлтжанды, адамгершілігі мол, жігерлі, рухани байлығы мен парасаттылығы жоғары болып тәрбиеленуі үшін тигізетін баға жетпес құны бар деп есептеймін.
Қазақ даласы мен кемеңгер тұлғалы би-шешендері туралы поляк журналисі А.Янушкевич «Осы бір дала Демосфендерінің кейбіреулері мен мені сөздерінің мазмұндылығымен және жігерлігімен баурап алды. Олар ежелгі Грецияда немесе Римде өмір сүрсе белгілі қазақ старшындарының өздері-ақ лаврдан белдері бүгілген болар еді.
Бұл өлкенің мақтаулы Европа астаналарының халқының мені аялаған мәдениетті тұрғындарымен салыстыра келіп, өкінішке қарай, менің жүрегіме қазақ жазирасы Италия ұжымағынан артық екенін түсіндім» деп бағалы құнды теңеу айтып жазба қалдырған.
Қазақ даласының би-шешендері, қаhары бар ханнан да қаймықпай, параға да сатылмай, азулы, орақ тілді, батыл сөздерімен, бірлікті, ынтымақты, әділдікті, тәуелсіздікті, имандылық пен қайырымдылықты ту етіп, халқына билік-кесім айтып, қазақ қоғамымында биік тұлға бола білді.
Тәуелсіз еліміздің жас ұрпағына қазақ даласының би-шешендерінен, олардың әділ билігі, шешендікпен айтқан тапқыр сөздері, ақыл мен нақылдық, педогогикалық, эстетикалық этикалық ой-қағидалары асыл мұра болып қалдырылды.
Ұлы жүздің Төле биі бабамыздың мына шумақтарында үлкеніміз бен кішімізге үлгі болатын өмірлік ұстанымызға қажет ақыл және ұлағатты сөздері тұжырымдалған.
Бір үйдің баласы болма, көп үйдің санасы бол.
Бір елдің атасы болма, бір елдің данасы бол.
Бір тонның жағасы болма, көп қолдың ағасы бол.
Ақты ақ деп бағала, қараны қара деп қарала.
Өзегің талса, өзен бойын жағала.
Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.
Өзіңе өзің кәміл бол! Халқыңа әділ бол, досыңа адал бол.
Орта жүздің Қаз дауысты Қазыбек биі атамыздың жауынгерлік, патриоттық, елдік пен ерлікке тән дана сөзі.
Сен темірде, біз көмір, еріткелі келгенбіз.
Екі еліктің лағын, теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге, танытқалы келгенбіз.
Танысуға келмесең, шабысуға келгенбіз.
Сен қабылан да, біз арыстан, алысқалы келгенбіз.
Жаңа үйреткен жас тұлпар, жарысқалы келгенбіз.
Берсең жөндеп бітім айт! Бермесең дірілдемей жөніңе қайт, не тұрысатын жеріңді айт!.. деп айтқан сөздері жауынгарлік, патриоттық, елдік пен ерлікке тән дана сөзі.
Кіші жүздің Әйтеке биі бабамыздың мәні жоғары, мағынасы терең аталы сөзі: Суалмайтын суат жоқ, тартылмайтын бұлақ жоқ.
Тамыры суда болса да, уақытысы жеткенде, қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл, панасы жоқ, тұрақ жоқ.
Бәрінен де сол қиын, түнде жанған шырақ жоқ.
Атта қалған тұяқ жоқ. Шүкіршілік етіңіз.
Осы дара билер айтқан қанатты аталы сөздер тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарына қалдырған асыл қазынасы мен ата мұрасы емес пе. Тәуелсіз еліміздің сот төрелін атқару жолында қызмет жасау кезінде, би-шешен бабаларымыздың ақ жолынан таймай, әділеттілікті ту етіп, заң талабын басшылыққа алып, билік-кесім айту біздің басты ұстанымыз болу қажет.
Би-шешен бабаларымыздың әруағы қолдап жүрсін.
АХМЕТОВ Молдабек Меңлібайұлы,
Қызылорда облыстық
сотының судьясы,
Заң ғылымының кандидаты