СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУЫМЫЗ КЕРЕК
Қазіргі қоғамның түйіткілді мәселелері қатарынан түспей келе жатқан келеңсіздіктердің бірі – сыбайлас жемқорлық әрекеттері. Пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу секілді «жең ұшынан жалғасатын» заңсыздықтар кеше немесе бүгін пайда болған жоқ. Қазір де түп-тамырымен жойылды дей алмаспыз. Оған бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күнделікті өмірде көріп жүрген мысалдар жеткілікті.
Егеменді еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын десек, ең алдымен атқаратын істердің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресу. Өйткені, заң шеңберінен асып, парақорлық секілді қылмыстарға бару демократиялық мемлекетіміздің әлеуметтік-экономиялық, саяси тұрғыдан дамуына қауіп төндіреді. Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресте жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігіне баса назар аударып отыр. Бүгінде тәуелсіз Қазақстан республикасы Орталық Азия өңірінде ғана емес, ТМД елдері бойынша да жемқорлыққа қарсы мықты дамыған заңнамасы бар ел болып есептеледі. Құқықтық актілердің санатына 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңды, жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын айтуға болады. Сонымен қатар, елбасының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында да «...демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Демек, ел президентінің сындарлы саясаты мемлекеттегі жемқорлық қылмысын болдырмауды мақсат етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сүйенсек, сыбайлас жемқорлық қылмысы лауазымды қылмыстарға жатады. Азаматтардың өз қызметін асыра пайдалану, қызметте жалғандық жасау, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету, жалған жауап беру секілді заңға да арға да қайшы әрекеттерін айтуға болады. Сондықтан, жемқорлықпен пәрменді түрде күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын жолға қою қажет. Жұртшылық өз құқықтарын жақсы біліп, өздеріне қарсы жасалған қандай да бір заңсыз әрекетке заң жүзінде тойтарыс беруді үйренуі керек.
Мәселен, Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады. Дегенмен, жұмыстан босату, темір торға тоғыту арқылы да жемқорлықтан, пара алудан түбегейлі құтылмасымыз анық. Сондықтан бұл дертпен күресуді әр азамат өзімізден, өз отбасымыздан бастағанымыз жөн.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Оңдаш ЖҰМАШҰЛЫ,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті, 2-медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы