МЕДИАЦИЯ - БИЛЕР БИЛІГІНІҢ ЖАЛҒАСЫ
Медиация сөзі латын тілінен аударғанда «делдал», екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы, яғни, екі тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілетін келіссөз рәсімі. Бейтарап медиаторды тарту арқылы келісімге келу жолымен уағдаластыратын рәсімі. Бұл тәсіл алпауыт елдерде ертеректе қалыптасқан және заңдастырылған. Медиация тәсілін Америка Құрама Штаты, Аргентина, Ұлыбритания, Германия, Австрия сынды әлемнің алпауыт елдері ертеден бері қолданып келеді. Жалпы, медиация әдісі дүние жүзінде 20-ғасырдың екінші жартысында дами бастады. Ең алдымен Америка Құрама Штаттарында, Австралияда, Ұлыбританияда, ал кейін Европада таралды. Медиацияның қолданудың алғашқы әрекеттері отбасы қатынастары саласындағы дауларды шешу кезінде тәжірибе енгізілді. Кейін медиация отбасы жанжалдарынан бастап коммерциялық көп жақты жанжалдарға дейінгі даулардың кең шеңберін шешу кезінде қолданылатын болды.
Біздің елімізде 2011 жылдың қаңтарында Елбасымыз Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» жаңа Заңын қабылдады.
Бұл заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды. Ол жеке және заңды тұлғаларға қатысты азаматтық, еңбек, отбасылық және өзгеде құқық қатынастарынан, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды шешуге қолданылады.
Медиация рәсімі оған қатыспайтын үшінші тұлғаның және әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделеріне қатысты болған жағдайда қолданылмайды. Сонымен қоса медиация тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын дауларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзгеде қылмыстар туралы істер бойынша қолданылмайды.
Медиацияның басты мақсаты - өзара тиімді әрі қолайлы келісімге келу. Медиация процедурасы уақытты үнемді пайдалануға бағытталған. Сот өндірісінен оның айырмашылығы – медиацияның нәтижесінде «кінәлілер» мен «кінәсіз» деген тараптар болмайды. Медиация, сонымен қатар, тараптарға қажетті құпияны жария етпеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» заңы бойынша дауларды жеке қарсылық аясынан шығарып, мүдделі пікірталас аясында беру көзделген. Мүдделі азаматтар мен ұйымдарға дауларды сотқа жүгінбестен, сотқа дейінгі сатыда қарау барысында шешу іс-әрекеттерін бір жүйеге келтіру қамтылады. Медиацияның арқасында соттарда қаралатын істер саны да азаймақ. Дауларды сотқа жеткізбестен, өзара бітімгершілікпен аяқтау судьяларға жүктемені азайтып, қоғамда орын алып отырған даулардың шешімін табуға септігін тигізіп, мемлекеттік мекеме атына айтылатын сынды да азайтпақ.
Медиатор дегеніміз - тәуелсіз, бейтарап істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады.
Медиатор болу үшін Қазақстан Үкіметі айқындайтын тәртіппен даярлау бағдарламасынан өткендігі жөнінде сертификат алуы, жоғары білімі болуы шарт. Ол адамның жиырма бес жасқа толуы және кәсіпқой медиаторлар тізімінде тұруы қажет.
Медиаторлар тәуелсіз және бейтарап болуы керек. Медиация тарапынан тең құқылы болады, медиация рәсіміне араласуға болмайды, медиатор өзіне белгілі болған құпиялықты сақтауға тиіс.
Медиация туралы заңда медиаторға қарсылық білдіру, медиациядан бас тарту сияқты талаптар қарастырылған.
Медиатордың негізгі міндеті – екі тарапты татуластырып, бітістіру, яғни, талапкер мен жауапкер өзара келісімдері арқылы мәміле жасауы.
Заңның жалпы сипаты мен тұжырымдамасы баяғы қазақтың ықылым заманнан қолданып келе жатқан билер сотының үлгісі іспеттес. Бір кездегі қазақтың билер сотының қазіргі жүйесінен ерекшелігі – сол кезде билерді ешкім сайламаған да, тағайындамаған. Бұқара халық өзі мойындап, әділдікті ту еткендердің алдына жығылып отырған. Екіншіден, қазақ билері әділ төрелік жасағанда, ең алдымен кеткен шығынды қалпына келтіру мәселесін қаперде ұстанған. Бұдан басқа қазақ билерінің қабылдаған шешімдері жазбаша түрде жүргізілмеген еді. Осы тұрғыдан алсақ та, медиацияға өте ұқсас шешімдер ауызша қабылданады. Әрі ол шешім орындалған, орындалмаған жағдайда «аластау» үкімдері шығарылған.
Ата-баба заманында шыңыраулы түрме ұстамай-ақ қоғамдағы неше түрлі даулы мәселелерді екі ауыз сөзбен шешкен дуалы ауыз билер болғанын тарихтан белгілі. Міне, енді «Медиация туралы» заң қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік, ұмытыла бастаған жақсы салт-дәстүрін қалпына келтіруге жасалған игі қадамдардың бірі, оның тиімділігі мол деп есептесек қателеспейміз.
Исағали ТҰҢҒЫШБАЕВ,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы