БОЛАШАҚҚА ЖОЛ
Елбасы биылғы халыққа Жолдауында «Нұрлы жол» атты экономикалық саясатын жариялады. Бұрындағы экономикалық саясаттың жаңа бір сатыға көтеріп тастайтындай жалғасы бұл.
Шоқан Уалиханов: «Әр жүргізілген реформа халыққа пайдалы болу керек. Халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған болу керек. Егер де ол реформа жағымды, қолайлы болмаса, халыққа жақсылық әкелмесе, онда ол реформа қауіпті» деген. Біздің елімізде көптеген реформалар жүргізіліп жатыр. Бұл реформалардың барлағы мемлекетті нығайтуға, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, Қазақстанды озық елдердің қатарына қосуға бағытталған, халыққа қолайлы, мемлекетті нығайтуға арналған.
Елбасы халыққа арнаған Жолдауында жиырма жылдың ішінде Қазақстан Республикасында мемлекет қалыптасқанын айтты. Енді сол қалыптасқан мемлекетті нығайту, іргесін бекіту керек. Ол үшін елдің қорғанысы мықты, халқы тату, экономикасы мықты, мәдениеті мен білімі дамыған болу керек.
Елбасы биылғы жолдауында үш мәселені айрықша атап айтты: денсаулықты, білімді, ауыл шаруашылығын дамытуға тапсырма берді. Ол салаларға миллиардтаған қаржы бөлінеді.
Мемлекетіміз саяси жағынан тұрақты, берік, халқымыз тату, экономикамыз мықты, қорғанысымыз күшті болу керек, десек, міне, осы жолдың барлығын – енді «Нұрлы жол» көрсетеді.
Мемлекетті нығайту, мемлекеттің іргесін күшейту дегенді қалай түсінеміз? Кеше біздің еліміз жайында сырттан: «Қазақтың мемлекеті соңғы жиырма жылдың ішінде құрылған» деген сияқты түрлі әңгімелер айтылды. Мұны аузы дуалы лауазымды адамдар айтты, көшеде жүрген маскүнемдер айтқан жоқ. Сондықтан, Елбасының кешегі қабылдаған шешімі өте маңызды, күрделі мәселені шешуге арналған. Тарихи деректерде көрсетілгендей, 1465 жылы Қазақ хандығы құрылғаны белгілі. Елбасының шешімі бойынша 2015 жылы қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту керек. Елбасы мұны Ұлытау төріндегі толғанысында да айтты.
Қазақ мемлекетінің 550 жылдығы жай той емес, ол – қазақ жастарының, қазақ халқының, барлық қазақстандықтардың жаңа патриотизмін қалыптастыру мәселесі.
Жалпы, жаңа жолдаудағы жоспарланып отырған мақсат-міндеттерді іске асыру елдегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімге тікелей байланысты. Мұны Елбасымыз ерекше атап көрсетті. Әрбір қазақстандық азамат осы ақиқатты саналы түрде ұғынса ғана жұмылған жұдырықтай болып, «Біз – Қазақстан азаматымыз, қазақстандық халықпыз» деп, бірігіп іс-қимыл жасайды, бейбіт елде бірге өсіп-өнеді. Мемлекет халқының идентификациясы дұрыс болса ғана қоғамдық келісім орнап, саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Яғни, ел азаматтары шығу тектерінің қандай екеніне қарамастан (ұлты, діні, жынысы, әлеуметтік жағдайы т.б) өздерінің тағдырларын тұрып жатқан мемлекет пен сол мемлекеттің негізін қалап отырған төл (титулы) ұлттың тағдырымен тікелей байланыстырып, азаматтық сана-сезіммен өзін өзі айқындау тиіс. Егемендік мен мемлекеттілік сонда ғана нығаяды, ел халқында өзара сенімділік пен отаншылдық сезімі арта түседі. Қазіргі алмағайып заманда тар ұлттық мүддені ысырып қойып, жалпы ұлттық мүддені, азаматтық сана-сезім мен халық ұстанымды, ұлттық идея мен мемлекетшіл идеологияны дамытқан ел ғана өзінің тәуелсіздігі мен егемендігін, территориялық тұтастығы мен конституциялық құрылысын сақтауға қабілетті. Халқының ауызбіршілігі бар, ынтымағы жарасқан бірегей ел ғана терроризм, экстремизм, агрессия, экспансия, ғаламдану, дағдарыс сияқты толып жатқан жаһандық сипаттағы қауіп-қатерлердің бәріне төтеп бере алады.
Елбасымыздың осы жолдауы халықтың үлкен қолдауына ие болып, болашаққа үлкен сеніммен қарайтынына кәміл сенуге болады және Қазақстан тарихында «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» - деп алтын әріптермен жазылып қалатынына сенімім мол.
Исағали ТҰҢҒЫШБАЕВ,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы