ҚАЗАҚСТАН - БІР ЕЛ, БІР ХАЛЫҚ, БІР БОЛАШАҚ!
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылды. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған тәуелсіз полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамытудың жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Осы кезге дейін Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оғанда бақандай 20 жыл өтіпті. Президентіміздің сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп, жұртшылықты жетістікке бастады, ең бастысы - Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Осындай киелі құбылысты нығайта түсу мақсатында биылғы 2015 жыл – Қазақстан ассамблеясы жылы деп жарияланды.
Шындығында, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы секілді маңызды мерейтойлар қатарында аталып тұр. Қатарында аталып қана тұрған жоқ, тұтастай бір жылды осынау бірегей институтқа арналғандай. Бұндай органға осыншама мемлекеттік мән берудің ерекшелігі тұрғысынан алсақ Ассамблеяның қоғамдағы орнының маңыздылығын мейлінше түсінер едік. Өйткені Ассамблеяның басты ұраны – Ел бірлігі! Ал бірлік болмайтын жерде береке де, тірлік те болмайтыны баршамызға аян. Бұл жайында бабалардан қалған даналық ой, асыл сөздерде жеткілікті. *Бақ қайда барасын? Бірлігі жарасқан елге барамын!* - деген.Түптеп келгенде,Тәуелсіздік жылдарынан беріге қарай жеткен әрбір жетістіктің, асқан әрбір асудың өзегінде - елдегі тыныштық пен тұрақтылық, бейбітшлікпен бірлік жатқаны да ақиқат.
Бұл жайында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың осыдан 20 жыл бұрынғы «Бірлік аспаннан өзі келіп түспейді,тек қарқынды жұмыс арқылы ғана келеді. Мен кең байтақ жерімізде татулық пен тыныштық болғанын тілеймін. Мұның ең алдымен, миллиондаған қазақстандық отбасына керек екенін еске аламын. Мен қайғыдан шашы ағарған аналардың балаларын жоқтамағанын, сәбилердің мүгедек болмауын, қарт адамдардың күйреген үйлерінің алдында қасірет шегіп, жыламағанын қалаймын» деп мәлімдеуі институттың шын мәнінде миссиясын ашып көрсетсе керек.
Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл миссиясын лайықты деңгейде атқарыпта келеді. Оның бірден бір айғағы осындай қазақстандық үлгідегі институттың керектігін әлемнің көптеген елдері мойындауда. Нақтыласақ, Елбасымыз айқындаған қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін зерттеу үшін Қазақстан халқы Ассамблеясына әлемнің 15 мемлекетінен,атап айтқанда Болгария, Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания, Италия, Малазия, АҚШ, Ресей, Түркия, Украина, Армения және Қытай елдерінен шетелдік сарапшылар мен ғалымдар, дипломаттар, журналистер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері алпыстан астам өтініш білдірген.Түрлі деңгейдегі кездесулер барысында елімізге келген мәртебелі меймандар қазақстандық үлгіні мойындап қана қоймай,толеранттылықтың ең таңдаулы үлгісі ретінде зерттеп, зерделеуге және оны өз елдерінде қолданысқа енгізуге ынталы екендерін айтқан.
Ассамблеяның барлық аймақтарда, облыстар мен Астана, Алматы қалаларында бөлімшілері бар. Бұл шын мәнінде демократиялық сипатқа ие қоғамдық ұйым құруға,оның жұмысын халық билігінің бастауы ретінде төменнен бастап жүргізуге, ең бастысы еліміздегі барлық аймақтар мен аудан, ауылдарды қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда Қазақстан халқы ассамблеясы ақылдастық, уәкілеттілік сипаттары бар халықтық органның жүйесіне айналып, еліміздің аса күрделі, сан-салалы этномәдени құрамын бір атаның балаларындай елді дамытып, көркейтіп, өркендеу деген ортақ іске жұмылдырудың таптырмас құралы болып отыр.
Исағали ТҰҢҒЫШБАЕВ,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы