МЕН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ...
«Отанға қызмет – абыройлы іс», - дейді қазақ халқы. Кез келген мемлекетте құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтардың мүддесі үшін қызмет етіп келеді. Олар қоғамдық тәртіпті қалыптастырып, тыныштықты қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуде. Олардың басты міндеті – бұл халықтың сенімі. Осы бағытта олар күн сайын адамдарға көмек қолын созып, конституциялық құқығын қамтамасыз етуде, қылмыспен күресіп, санын азайтып, құқық бұзушылықтарды болдырмау және әділдік орнатуда қызмет атқаруда. Сөйтіп, құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет қалыптастыруға өз үлестерін қосып келеді.
Қазақ жерін, Қазақ халқын қорғау жолында от пен суға түсіп, кіндік қаны тамған Отандарының алдында перзенттік парыздарын өтеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер де баршылық.
Халқымыз қашан да нәзік жанды әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен бірліктің символына балаған емес пе?! Үйдің киесі, жақсылық біткеннің діңгегі санап, нәзік жанды деп төріне шығарып, жоғары бағалаған. «Заманына қарай адамы» демекші, қазір қыз-келіншектеріміз уақыт көшінен қалмай, жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді. Қазіргі таңда Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде 200-ге жуық ерлермен иық тірестіре жүріп, жауапты да күрделі салада нәзік жанды апа-сіңлілеріміз абыройлы қызмет етуде. Полиция қызметінің ауырлығына қарамастан, олар азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етуді өмірлік мақсаты еткен. Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербететін полицей қыздарымыздың өз мүддесінен гөрі халықтың мүддесін биік қоя жүріп, тыныштық пен бостандықтың сақталуын басты міндеті етулері де шындық. Сондықтан да, олар жаны нәзік болса да, рухы мықты екенін жыл санап дәлелдеп келеді. Күн-түн демей халықтың сеніміне селкеу түсірмеу мақсатында еңбек етіп келген олардың еңбегін атап өтпеске болмайды. Қазақ «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Осы орайда, қажырлы, ерен еңбектерімен көзге түсіп, полковник дәрежесіне дейін көтерілген үзеңгілес достарымның, алдыңғы буын апаларымның атын атап өтуді жөн көріп отырмын. Олар: полиция полковнигі Көпенова Бахыт Қайыркешқызы, полиция полковнигі Омарова Қарлыға Біләлқызы, полиция полковнигі Есенбаева Айгүл Берикханқызы, полиция полковнигі Хасенова Рая Жекейқызы, полиция полковнигі Асанова Раш Абжаппарқызы, полиция полковнигі Жартенова Әлия Қаржаубайқызы, полиция подполковнигі Келімбетова Гүлнар Сматуллақызы, полиция подполковнигі Сманова Гүлнар Сәбитқызы, полиция подполковнигі Ахметова Кульджахан Алиакимқызы, полиция подполковнигі Орынбекова Бахыт Орынбекқызы, полиция подполковнигі Ходжабекова Зина, полиция подполковнигі Маханова Қалдыгүл Ибрайханқызы, полиция подполковнигі Қыпшақбаева Ләззат Дәрбішқызы, полиция подполковнигі Угай Елена, полиция подполковнигі Ким Наталья, полиция подполковнигі Аденова Фарида, полиция подполковнигі Ибраимова Разия, полиция подполковнигі Балмағамбетова Алтынкүл, полиция подполковнигі Анафина Рая, полиция майоры Нұржауова Гүлнар, полиция полковнигі Қайназарова Гүлханыс, полиция полковнигі Құдайбергенова Лаура, полиция подполковнигі Омарова Гаухар, полиция подполковнигі Қалдарова Ғалия, полиция подполковнигі Айдарова Зульфия, полиция подполковнигі Жүсіпова Салтанат, полиция подполковнигі Абдамитова Сауле, полиция подполковнигі Шайменова Сауле, полиция подполковнигі Есетова Құрмет, полиция майоры Шаханова Меруерт. Бірі – құрметті еңбек демалысына шықса, бірі – осы салада әлі де талмай қызмет етіп келеді.
Солардың бірі және бірегейі, «тергеуші» деген ұлы атты жоғары ұстап, ерлермен иық тірестіре жүріп қазақ халқының құқығы, бостандығы үшін еңбек етіп келе жатырған жандардың бірі – Қайназарова Гүлханыс. Ол бұл ұлы әрі жауапты салаға 1980 жылдары «ҚССР ІІМ-нің үздік тергеушісі» деп танылған ағасының ізін жалғау мақсатында келіп, полиция полковнигі дәрежесіне дейін көтеріледі. Қазіргі таңда Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасында аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі қызметінде абыройлы еңбек етуде.
«Тергеуші» деген ұғымды, немен айналасатынын түсінбесе де, ағаның адал еңбегін, Отан үшін күн-түн демей жасап жатқан өрелі ісін көріп, бұл мамандыққа деген қызығушылығы ояна бастайды. Сол кездегі арнайы полиция қызметкерлеріне арнап шығарылатын «Советская милиция» журналын, ағасының тергеген қылмыстық істері бойынша жазбаларын бас алмай оқып, зерттеп-зерделей бастайды. Таңды таңға ұрып бұл мамандықты зерттей бастағаннан кейін бұл мамандыққа деген құштарлығы да арта түсті. Алайда, «қызға қырық үйден тыю» деген қағиданы қатты ұстанған ата-анасы орта мектепті бітірген талапты жасқа басқа қалада білім алуына қарсы болып, Қызылорда педагогикалық институтқа оқуға түсіреді. Бұл оқу орнын үздік бағамен бітіріп, мұғалім мамандығын алып шығады. Дегенмен жүрек түбіндегі «тергеуші болсам» деген арманы алға жетелеп, Қазақ гуманитарлық Заң университетінің қабырғасына алып келеді. Сырттай бөлімініне оқуға түсіп, заңгер мамандығын игеріп шығады. Қазіргі уақытта бұл шешімінің дұрыс болғанына нық сенімді. Бұған бұл саладағы 17 жылдық өрелі еңбек жолы мен абыройлы қызметі куә.
Полицей қызметі, оның ішінде тергеуші болу – жауапты әрі қиын жұмыстардың бірі екені өтірік емес. Бұл салада рухы мықты, қайсарлы, жігерлі адамдар ғана жүре алады. Әр тергеушінің алдында тергелетін қылмыстық істің қиындығына, жұмыстың ауқымына қарамай өз ісін адал атқарып шығу міндеті тұрады. Осы бағытта Гүлханыс аянып қалған емес. Дәлелденуі қиындық тудыратын істер де, бір істі күн мен түн зерделеуге кететін күш-жігер де, неше күн бойы ізденген ісіңнің сотқа жетпей, жұмыс деңгейіңнің көрінбей қалатын жағдайлары оны өз мамандығына деген сүйіспеншілігін өшіре алған жоқ. Мұндай қиындық оны одан бетер жігерлендіріп, білуге деген ынтасын шыңдай түсті. Көп іздене отырып, әр саладағы бұйрықтар мен нормативтік актілерді егжей-тегжейлі оқып, әр саладағы мамандардан кеңес алып, тіпті қарапайым деген істі жан-жақты зерттеп отырды. Тергеушінің жұмысы сотқа жолданған ісі арқылы көрінеді деген қағиданы басшылыққа алып, бір бағытта ғана жүріп қоймай, әр іске жауапкершілікпен қарап, іс сотқа жолданған да ғана көңілі жайланып отырды.
Әр тергеген қылмыстық іс – ол бір адамның тағдыры екендігін жақсы түсінген ол адам тағдырын шешуде қателікке бой алдырмауға тырысады. Білім мен білікті жетілдіріп, әрдайым жігерді шыңдап отыру керек деген қағиданы басшылыққа ала отырып, үнемі ізденіс, жаңару, толығу үстінде жүрді.
Табиғатынан нәзік жанды саналатын полицей қыздың жолында түрлі жағдайлар кездесті. Қызмет бабында жүріп, несібесін ұрлықпен тапқан баукеспе ұрыларды да, жеңіл жолмен ақша табуды кәсіп еткен алаяқтарды да, қаныпезер кісі өлтірушілерді де көрді. Алайда, Әлия мен Мәншүктің ұрпағы саналатын Гүлханыс ешкімнен сескенбеді. Қандай қиындық болсын тік тұрып қарсы алып, өз күшімен, ынта-жігерімен жеңіп отыруға тырысты. Тіпті, қателікке жастықпен ұрынып, кейіннен бармағын тістеп, жасаған ісіне өкінгендері де болды. Бұл тұста «мен тергеушімін» деп көкірек ұрып, істі ат үсті қарай салу деген ой онда мүлдем болған да емес. Себебі, тергеушінің міндеті - қылмыскердің қылмысын дәлелдеп, айыбын тағумен ғана шектелмейтінін жақсы түсінді. Керісінше, болашақта оның осы сергелдең жолға қайталап түспеуіне, өмірден түңіліп кетпеуіне аз да болса өз үлесін қосуым қажет деген ойда болды. Және де осы ойынан таймай, осы жолда аянбай қызмет етті.
«Шәкірт тәрбиелеу – ұлы іс» дейді қазақ. Осы салада да ол аянып қалған емес. «Менің ұстазым, өмірлік жолымның қалыптасуына ықпал еткен жан» деп оны ерекше қастерлеп, құрмет тұтып, осындай шәкірті болғандарын мақтаныш етіп жүрген жандар баршылық. Солардың бірі - Астана қалалық ІІД-нің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полиция подполковнигі А.Баймаханова. Ол оны «ұстазым» деп әр жерде мақтанышпен айтып, тергеушілік тұлғасының қалыптасуына ықпалын тигізгенін үнемі айтып жүреді. Алайда, әрқашан қарапайымдылығымен ерекшеленіп жүретін Гүлханыс «осы 17 жыл тергеуші болған кезіңізде шәкірт тәрбиеледіңіз бе?» деген сұраққа мынау менің шәкіртім, «бастан-аяқ өзім тергеуші жасап шығардым деп айта алмаймын», - деп қарапайым ғана жауап береді. Алайда, бір ұжымда қызмет атқаратын әріптестері, қызметтес іні-сіңлілері оның білгенін үйретіп, әрқашан ақыл-кеңесін беріп жүретіндігін, өзінің білетінін ішіне түйіп қалмай, басқалар да білсін деген ниетпен жүретіндігін айтып отырады.
Сөзімді түйіндей келе, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, отбасының ұйытқысына, татулық пен келісімнің тірегіне айналған, махаббаттың, сұлулықтың символы саналатын құрметті ақ жаулықты аналарымызды, ардақты әйелдер қауымын көктем мерекесімен құттықтаймын. Дендеріне саулық, босағаларына бақ пен береке, шаңырақтарына ырыс-ынтымақ, қызметтеріне абырой тілеймін. Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем болсын.
Гүлжахан ҚАЙЫРБЕРГЕНОВА,
Қызылорда ОІІД Мемлекеттік тіл және
ақпарат бөлімінің басшысы