ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Үстіміздегі жылдың ақпан айында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жастардың қоғамдық орындарда өздерін ұстай білу мәдениетін дамыту, аулалар мен демалатын орындардағы мемлекеттік мүліктерді бүлдіру, ұрлаудың алдын-алу, кез келген тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру шараларын күшейту мақсатында Болашақ университетінің мәжіліс залында полиция қызметкерлерінің студент жастармен кездесуі өтті. Кездесу жиынға Қызылорда облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Б.Шаймағамбетов төрағалық етіп, Қызылорда ОІІД ӘПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Б.Жаукеев, ӘПБ-ның ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры М.Есжанов және «Болашақ» колледжі басшылығы қатысты.
Кеңес отырысын Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетов ашып, қоғам тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстану қажеттігін атап өтіп, азаматтардың құқықтық сана-сезіміне селкеу түсіретін, қоғамдық тәртіптің бұзылуына тікелей әсер ететін бірнеше факторларды атап көрсетті. Бұдан әрі осы факторларға толығырақ тоқталу үшін сөз тізгінін Қызылорда ОІІД ӘПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Жаукеевке берді.
Өз кезегінде Е.Жаукеев облыс көлемінде «Мүлдем төзбеушілік» қағидатына байланысты өткен 2014 жылдың көлемінде барлығы 20 мың 493 әкімшілік құқық бұзушылық деректері тіркелсе, 2015 жылдың қаңтар айының өзінде облыс көлемінде барлығы 1455 әкімшілік құқық бұзушылық анықталғандығын көрсетті. Жыл көлемінде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Таза аймақ», «Тазалық апталығы» профилактикалық іс-шаралары мен «Мүлдем төзбеушілік» акциясы ұйымдастырылып жатқандығын атап айтты.
Сонымен қатар, Елбасы өзінің халыққа арнаған кезекті жолдауында «Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты. «Нұрлы жол», міне, біздің креативті, ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы» - деген болатын. Елбасымыз осындай сенім артып отырған шақта кейбір жастарымыздың іс-әрекеттері қоғамға селкеу түсіруде. Соңғы уақытта жастарымыздың қоғамда өзін ұстау, жүріп-тұру мәдениетін сақтай бермейтіндігін байқаймыз. Мәселен, жастарымыздың қоғамдық орындарда шылым шегу, түкіру, тұрғындардың тыныштығын бұзып, ерсі күлу, боқтық сөздер айту, демалыс орындарын ластау, қала орталығындағы аялдамаларды сындыру, көше бойындағы люктердің қақпақтарын ұрлау, көп қабатты үйлердің подъездерін бүлдіру деректері жиі орын алып жатқандығын көрсетті. Сөзінің дәлелі ретінде, 2014 жылдың қорытындысы бойынша облыс көлемінде 14-29 жас аралағындағы жастардың 1973-і қылмыстық жауапкершілікке тартылса, оның ішінде 634-і түрлі деңгейдегі бұзақылық қылмыстарын жасағанын, 634-і ұрлық, 176-сі алаяқтық қылмыстарын жасағандығын атап өтті.
Осыған орай, колледж басшылығына, топ жетекшілеріне әрбір баланың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастырып, тәрбие сағаттарында құқықтық тәрбиелеуге және профилактикалық мәні бар іс-шаралар жүргізу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, колледж ғимараты мен жатақхананың іші-сыртына бейнебақылау камераларын орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Сөз соңында, полиция подполковнигі Е.Жаукеев студент жастарға қаламызда қоғамдық тәртіпсіздікпен, бұзақылық әрекеттермен күресіп, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алып, орын алғандығы жайлы хабардар болған уақытта полицияға хабарлап, жолын кесуге өз үлестерін қосуды сұрады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай марапаттауға ие болатындығын ескертті.
Жиын барысында студент жастардың сұрақтары, қала тазалығын ластамау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету төңірегінде ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Кездесу жиыны айтылған мәселелердің жерде қалмай, кеңесте қаралған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.
Айта кетерлік жайт, осындай студент жастармен кездесу жиындары Қызылорда қаласының 20 орта арнаулы оқу орнында, 3 жоғарғы оқу орнында және барлық мектептерінде жалғасын табатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі