ЗАҢГЕРЛЕР ОТБАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ
Отбасы – адам өміріндегі ұлы құндылықтардың бірі. Бұл ұлы мекемеде адамның жеке қасиеттері, болашақ мамандығы, өмірлік ұстанымы, тіпті тағдыры да қалыптасады. Осындай өмірлік азық болар мамандық таңдау ісінде ата ісін жалғастырып, әулеттің өрелі еңбегін жалғап келе жатырған жандар баршылық. Солардың бірі – заңгерлерден құралған, офицерлік нысанды киімді ең қастерлі киім деп табатын Қоразбаевтар әулеті. Бұл әулет үшін «заң», «құқық» ұғымдары өмірлік ұрандарына ғана емес, күнделікті тірлікте айтылатын маңызды түсініктерге айналған. Отбасының ер азаматтары өз өмірлерін халықтың құқықтық жағынан қорғалуына, бостандығы мен қауіпсіздігін, тыныштығын күзетуге арнап келеді.
Заңгерлер отбасында дүниеге келіп, бала жасынан білімге аса құштар Хусайын Қоразбаевтың бала арманы сол кезде-ақ өрт сөндіруші болу еді. Бәлкім, бала арманының ерте кезден осылай қалыптасуына Ұлы Отан соғысының майдан алаңында от пен оқтың қатігездігін көріп келген әкесі Асан Қоразбаевтың жанкешті ерлігі, Отан алдындағы адалдығы ықпал еткен шығар.

Отбасының үлкені адамзат тарихындағы ең сұмдық соғысқа 1942 жылдың 16 қаңтарында аттанып, III Украина майданы құрамында Сталинград қаласын жау қолынан азат етуге қатысқан. 152 атқыштар бригадасында атқыш, 8 гвардиялық атқыштар полкінде снайпер, атқыштар бөлімшесі командирі, взвод командирінің орынбасары, 56 гвардиялық танк полкінде минометтік расчет командирі ретінде жаумен бетпе-бет шайқасып, ерлік көрсетеді. Қайтпас қайсарлығымен, табандылығымен, жүрек жұтқан батырлығымен көзге түсіп, «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ұлы Отан Соғысы» ІІІ дәрежелі орденімен, 5 жауынгерлік медальдерімен марапатталады. Зұлмат соғыстың бел ортасында жүріп, Жеңістің туы тігілгенге дейін ұрыс алаңында жүрген Асан Қоразбаев 1946 жылдың қарашасында аса ауыр 4 дене жарақатымен елге оралады. Елге оралысымен соғыстың қиын сәттерін көріп келген ержүрек жауынгерге халық игілігі үшін қызмет етуді ұсынады. Сөйтіп, ол 1950 жылға дейін Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық Кеңесінің хатшысы, кейін төрағасы қызметтерін абыройлы атқарады. Алайда, талапты жігіт оқу оқып, өз арманын жүзеге асыруды ойлай бастайды. Алдымен Әділет министрлігінің заңгер мектебін бітіріп, кейін Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдайды. Ол 1952-1954 жылдары ҚазССР Мемлекеттік Қауіпсіздік органдарында, 1954-1957 жылдары Қармақшы аудандық халық сотының төрағасы қызметінде, 1957-1958 жылдары облыстық адвокаттар алқасында қорғаушы, 1958-1988 жылдары Қызылорда облыстық кәсіподақ Кеңесінде заң консультациясының меңгерушісі қызметін атқарып, осы лауазымында құрметті еңбек демалысына шығады. 18 жыл бойы Халық қосшы биі ретінде өзінің тәжірибе-білігімен сот қызметкерлерімен бөлісіп, Қызылорда қалалық және облыстық сотының қылмыстық істер алқасында ауыр, аса ауыр істерді қарауға қатысып отырған.
Қызметтестерінің, үзеңгілес замандастарының ортасында сауаттылығымен, біліктілігі және заң нормаларының әр тармағын жатқа білетіндігімен танылған Асан Қоразбаевты «Ходячая энциклопедия» деп атап кеткен. Еңбектегі қол жеткізген жоғарғы табыстары үшін бірнеше мәрте ҚазССР Кәсіподақтары төрағасының, бүкілодақтық «Правда» газетінің бас редакторының, Қызылорда облыстық Партия Комитетінің, Халық депутаттары облыстық Кеңесі атқару комитетінің, Қызылорда облыстық кәсіподақтары Кеңесінің төрағаларының Құрмет грамоталарымен марапатталып, «Еңбек ардагері» медалінің иегері атанады.
Асан Қоразбаев азаматтардың құқығы мен бостандығы үшін, тәртіп пен заңның сақталуы үшін ымырасыз еңбек еткен күрескерлердің бірі. Бойына туа біткен әділдік, адалдық сезімі мен өз ісіне деген жауапкершілігі оған ең күрделі деген мәселелерді түбіне дейін жеткізуге, шешуге мүмкіндік берді. Әкенің өнегесін көріп өскен Хусайын да жеке басы үшін емес, халықтың мүддесі үшін қызмет етуді мақсат етеді.
Әкенің өнегелі өмірі, үлгілі қызмет жолы бұғанасы енді ғана қатып келе жатырған балаң жігітті осы салаға жетеліп, арман-мақсатының осы саланың төңірегінде қалыптасуына ықпал етеді. Сөйтіп, ол КСРО ІІМ-нің өртке қарсы техникалық училищесіне оқуға түседі. Оны «үздік» деген бағамен бітіріп, 1980 жылы Москва қаласында өткен 22-ші Олимпиада ойындарында шетел қонақтарының қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін іріктеуден сүрінбей өтеді. Осы мүмкіндіктің арқасында шетелдің құқық қорғау жүйесімен танысуға, біліктілік алмасып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік туады. Осы олимпиада барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ете жүріп, оның полиция жұмысына деген қызығушылығы оянады. Үш айға жуық уақытқа созылған олимпиада ойындарында танытқан белсенді жұмысы үшін КСРО ІІМ-нің омырау төс белгісімен және Алғыс хатымен марапатталуы болашақ тәртіп сақшысының өміріне үлкен өзгерістер алып келеді. Заң бұзушылыққа жол бермеуге, оны тойтаруға ант берген балаң жігіттің алғашқы еңбек жолы 1982 жылы Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің мемлекеттік өртке қарсы бөлімшесінде анықтаушы инспекторлық қызметінен басталды. 10 жылдан кейін Хусайын аға Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының анықтау бөліміне ауысып, 2 жылдан кейін осы бөлімнің бастығы қызметіне тағайындалады. Ол әр жылдары Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің аға тергеушісі қызметтерін атқарады. Ал 2002 жылы ата кәсібіне оралып, департаменттің заңгер-кеңесшісі, ОІІД бастығының көмекшісі қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда Заң бөлімінің бастығы қызметінде бірнеше жыл көлемінде қызмет етіп келеді. Хусайын Асанұлы басшылық ететін бөлімнің қатысуымен сотта 2002 жылдан бері Ішкі істер департаменті мүдделеріне қатысты 356 азаматтық іс қаралып, оның тек 18-і заңды және жеке тұлғалардың пайдасына шешілсе, қалған 338-ін сот алқасы облыстық ішкі істер департаментінің пайдасына шешіп отырған. Бөлім қызметкерлерінің біліктілігінің, табандылығы мен тәжірбилілігінің нәтижесінде миллиардтаған қаржы мемлекет қазынасында қалып, мемлекет пайдасына қыруар қаржы көлеміндегі айыппұл өндірілген.
Бүгінгі тынымсыз қызметінде атадан мұра болған кәсіпті абыроймен атқарып жүрген отставкадағы полиция полковнигі облыстағы білікті заңгерлердің бірі. Оған құқықтық тұрғыдан ақыл-кеңес алуға департаменттің қызметкерлері ғана емес, сондай-ақ облысымыздың түкпір-түкпірінен көмек сұрап келіп жатырған жандар жетерлік. Қашан да халықтың құқығын алға қоятын Хусайын Асанұлы көмек сұрап келгендердің ешқайсысынан көмегін аяған емес.
Сондай-ақ, Хусайын аға шәкірт тәрбиелеп, білікті кадр тобын қалыптастыру ісінде де еш аянып қалған емес. Бар білімі мен қажыр қайратын, саналы ғұмырының 10 жылдан аса уақытын тергеу-анықтау саласына арнаған ол әр салада 30-дан астам шәкірт даярлап шықты. Шәкірттеріне басты талап ретінде адами құндылықтарды, жігер-қайратты, өз ісіне деген жауапкершілікті қоя білді. «Ұстаздан шәкірт озар» деген сөзді жақсы түсіне отырып, әр шәкіртінің жетістігіне қуанып, одан да биік белестерден көрінетіндеріне сенім білдіріп отырды. Алайда, қандай жетістік болса да асып-таспай, ең басты міндет – халыққа адал қызмет ету керектігін құлақтарына құйып отырған. Осыдан болар, Хусайын Асанұлының шәкірттері ішкі істер органдарының әр саласында абыройлы қызмет етуде. Оның ішінде, Қызылорда ОІІД Жедел жоспарлау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Е.Құтыбаев, Тергеу басқармасының АМІЖ аға тергеушісі полиция подполковнигі С.Абдамитова, Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Шымкент әскери-тергеу бөлімінің Қызылорда әскери-тергеу тобының аға тергеушісі полиция подполковнигі Р.Абдыкаймов, Көкшетау желілік ішкі істер бөлімінің Володаровка станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры А. Құлсымақов, Алматы қалалық ішкі істер басқармасының аға анықтаушысы полиция подполковнигі Б. Жунусовтар бар. Сонымен қатар, әр салада, яғни білім беру саласында, құқық қорғау органдарында, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде қызмет етіп жүрген шәкірттері де жетерлік.
Хусайын Асанұлы шәкірттеріне кеңес беріп қана қоймай, жұмыс үйретіп, қолма-қол жәрдем беріп отыруды жөн көрген. Әрнәрсені тәжірибеде көрсетіп, іс жүзінде жүзеге асырып отырса ғана, жадында сақталады деген қағиданы ұстанған. Шәкірттеріне қатаң талап қоя отырып, әділдікті жақтап, әділетсіздік пен заңсыздыққа қарсы тұру сынды қасиеттерді бойларына сіңіре білді. Міне, осы бір аяулы сәттерді шәкірттері де жиі еске алып отырады.
Қоразбаевтар әулетінің үшінші буыны Ардақ та атасы мен әкесінің өрелі өмірінен өнеге алып, құқық қорғау органдары саласында қызмет етуді өмірлік мақсаты еткен. Ол Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Заң институтын үздік бағамен тамамдап, анықтаушы қызметін игеріп шығады. Өз мамандығының қыр-сырын терең игеруді мақсат еткен ол 1-курсынан бастап ғылыммен айналыса бастайды. 3-курсында оқып жүргенде «Қазақстан Республикасындағы заң және қоғамдық ғылымдардың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысып, «Әйелдердің есірткі заттарды қолданудағы кейбір мәселелері», «Тергеушінің өкілдігі» деген 2 тақырыпта баяндама жасайды. Кейін бұл баяндамалар 2007 жылы Қарағанды Заң институтының «Қазақстан Республикасындағы заң және қоғамдық ғылымдарының өзекті мәселелері» жинағына енеді. Университетті тамамдағаннан кейін оған осында қалып, ғылыммен айналысуды ұсынады. Ардақтың ерекше дарынына, өз мамандығына деген ықыласына риза болған Қарағанды академиясының доценті, профессоры, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан әйелдері арасында ең алғашқы полковник, «Құрмет» орденінің иегері, полиция полковнигі Кульжахаева Роза Балабатырқызы өзінің шәкірті қылғысы келіп, ғылымға бет бұрғандығын қалайды. Алайда Ардақ бала кездегі арманын жүзеге асыруды, сондай-ақ ең алдымен іс жүзінде тәжірибе жинақтауды көздеп, ішкі істер органдарына қызметке тұрады. Және де бұл шешімінің дұрыстығына күмән келтірген емес. Себебі, 2013 жылдың қорытындысымен жұмыс көрсеткіштері бойынша Қызылорда облысы бойынша ең үздік анықтаушы болып танылып, Астана қаласында болған республикалық «Үздік анықтаушылар» байқауына қатысып қайтты.
Қазір де ол «Жақсы әке – қырық жыл азық» демекші, тәрбиелеп жетілдірген, іскер маман иесі болып қалыптасуына оң ықпал еткен әкесінің ұлағатты ісін жалғастырып, тәжірибесін шыңдап, білігін арттырып келеді. Ал «құқық қорғаушысы» деген мәртебелі мамандықтың биігінен көріне білген нар тұлғалы Хусайын Асанұлы ізін жалғар тұяғының алар асулары, жетер биіктері мол боларына сенімді.

Міне, бұл ұрпақтар сабақтастығы, қазіргі дәуірдегі дәстүр жалғастығы. Бірі соңындағы ұрпақтарына атақ-беделін, бірі – дүние-мүлкін, бірі – сиясы кеппейтін еңбектерін мирас етеді. Ал, Асан Қоразбаевтың ізбасарлары атаның абыройлы еңбегі мен көп жылдық білігі мен тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатыр. Бұл – осы өмірдегі ең ұлы құндылық. Себебі, атаның сүйікті ісін жалғау, артына ерген тұяғына жақсы үлгі-өнеге көрсете отырып, халыққа адал қызмет етуге жетелеу, атадан келе жатқан абырой мен игі атты биікте ұстау – әр адамның қолынан келе бермейтін іс. Бұл тек дара және дана адамдарға ғана тән дүние. Сондықтан шенді отбасы саналатын Қоразбаевтар әулеті осындай дара отбасылардың бірі деп нақты әрі ауыз толтырып айта аламыз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі