«АСЫЛ ҚАЗЫНА ҚАРТТАРЫМ»
Ұрпақтардың үнқатысуы мен сабақтастығын қамтамасыз ету, қоғамда ауызбіршілікті, патриотизмді, салт-дәстүрлер мен қарттарға құрметті нығайту мақсатыда "Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мамбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы мен Қазалы қаласының әкімі Бозғұлов Нұрлан партияның "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Бектұрғанов Калеп ардагердің отбасында болды.
Кәлеп Бектұрғанов 1923 жылдың 1 наурызында қазіргі Абай ауылы маңында дүниеге келген. Әкесі Бектұрған Тілеулиев пен анасы Ақжан Шүкейқызы колхозда қарапайым шаруа адамдары болған.
Қазалы қаласындағы №16 мектептен 5 кластық білім алып шығады. Бірақ ол білім алуды одан ары жалғастыра алмады. Өйткені, сол уақытта соғыс басталып кетіп еді. Осылайша 19 жасқа жаңа толған жас жігітті 1942 жылдың мамыр айында әскер қатарына шақырады.Жас сарбаз ПВО әскерінің сапында 1942 жылдың жан алып, жан беріскен шайқастарына Москва маңында кіріседі. Оның взводы жауға артиллериядан ауыр соққылар беріп, екілене алға ұмтылған фашистердің бетін кері қайтаруға қимылдар жасайды. 1943 жылғы қиян-кескі айқастардың бірінде желкесіне оқ тиіп, Рязань облысында 3 ай госпитальда емделеді.
Жарақатынан жазылу бойына майданға қайта оралып, жаяу әскер қатарында басқыншыларға қарсы қаймықпай шайқасады. 1943 жылдың қыркүйек айында аяғынан қатты жараланып, Мәскеудегі әскери госпитальға түседі. 1943 жылдың желтоқсан айында Кәлеп Бектұрғанов денсаулығына байланысты әскери комиссариаттың шешімімен соғыстан босатылып, елге қайтады.
Атамыздың отты жылдардағы ерлігі, бейбіт күндердегі жемісті еңбегі де елеусіз қалған жоқ. Оққа тосқан кеудесі бүгінде ордень-медальға толы. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін Кәлеп Бектұрғанов үшінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жеңістің 40, 50, 60, 65 жылдығы» және «СССР Қарулы күштеріне – 70 жыл» мерекелік, «Маршал Жуковтың» естелік медальдарымен марапатталған.
Кәлеп атамыздың майданнан жарақат алып келсе де колхоз еңбегіне араласуы елге деген қамқорлығы, еңбексүйгіштігінің айқын көрінісі. Өз ортасында белсенділігімен көрінген, қандай істі болса да жан сала, ерекше жігермен атқаратын ол Абай колхозында ферма меңгерушісі, жүк қабылдаушы болып еңбек етеді. 1955 жылдан бастап балық зауытына балықшы болып ауысып, осында 21 жыл тұрақты жұмыс істейді. 1983 жылдан құрметті зейнет демалысында.
1944 жылы Айымша Нұрмашевамен бас қосады. Екеуі 5 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді.