БАЛАНЫ АСТАН УЛАНУДАН САҚТАУ
Баланың астан улануы көбіне микробпен ластанған тағамшақыратын токсикоинфекциялар есебінен болады. Ересек пациенттермен салыстырғанда балаларда улану көбірек қарқынды өтеді, өйткені баланың ас қорыту қызметтері енді қалыптаса бастайды.
Баланың тағамнан улану жұқпалары бұзылған балық, ет, сүт тағамдарына байланысты. Өйткені оларда ішек таяқшалары мен бактериялар – стафиллокктардың, сальмонеллардың болуы мүмкін. Улануды көбіне лас жемістердің немесе көкөністердің шақыруы ықтимал.Тағаммен улану тез арада байқалады. Тамақпен уланудың басты белгілері: Іші ауырып, түйіліп, көбіне кілегей, кейде қан аралас диарея құсу байқалады және жалпы әлсіздік байқалады. Баланың дене кызуы көтеріледі.
Балалардың шұғыл жедел медициналық көмек талап ететін астан улану симптомдары:
- 2 сағаттан астам уақытқа созылатын сүйық үлкен дәреті , диарея;
- бір сағатта бір реттен жиі күшті құсу;
- жеделдеген тамыр соғуы;
- бозару, бет пен еріннің көгеруі;
- ішкен сұйық құсуды шақырады;
- жалпы нашар хәл.
Шұғыл көмек.
Көмектің мәні баланың хәлін мұқият бақылау және қатерлі белгілерде (үздіксіз құсу, диарея, бет, ерін көгеруі) "жедел жәрдем” шақыру болып табылады.
Әрекет алгоритмі:
1. Сусыздануды болдырмау үшін сұйық ішу режимін сақтау.
2. Уыттарды (токсиндерді) бойына сіңіріп және оларды организмнен шығаратын сорбенттер.
3. Нашар хәлдің барлық кезеңінде қатаң диета сақтау.
Астан уланудағы көмек диареямен және құсумен бірге жоғалған сұйықтықтың орнын толтыруға бағытталады. Онымен қоса, тамақпен уланған кезде алғашқы көрсетілетін жедел жәрдем - ішекті жуып тазалау. Ішті тазалау үшін жылы суға ас содасын (кейде марганцовка ерітіндісін) косып ішкізеді. Бұл кезде бір стакан суға толық бір шай қасық ас содасы араластырылады. Ішті тазалауды бірнеше рет қайталау керек. Түймедақ қайнатпасы, қою емес көк шәй беріледі.
Алғашқы екі-үш сағатта тамақ ішуге болмайды, жедел белгілер бәсеңдеген соң жеңіл көкөніс сорпасы, күріш қайнатпасы, кептірілген нан, суда пісірілген көже беруге болады. Өз бетінше антибиотиктер, іш қатыратын дәрілер беру зиян.
Г.ӘБІЛДАЕВА,
№5 «Көру қабілеті бұзылған балалардың
түзету» мектеп –интернатының
жоғары санатты медбикесі