СОТ ПЕН БАҚ ОРТАҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ
Тәуелсіз елімізде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі күшеюде. Мемлекеттік органдардың ашықтығы, азаматтық қоғамның белсенді болуы үшін БАҚ-пен байланыстың маңызы өте зор. Елбасы «мемлекетіміз барлық озық әлемдік стандарттарға сай келетін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін ашық және бүкпесіз сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдап келеді» - деген болатын. Осы тұрғыда, соттардың жұмысы үшін ашықтық пен қолжетімділікті жүзеге асырудың бірден бір көзі, әрине бұқаралық ақпарат құралдары.
Сот пен бұқаралық ақпарат құралдары бір-бірінен бөлек әртүрлі функцияларды атқара отырып, бір әлеуметтік ортада, ортақ құқықтық кеңістікте қызмет етеді. Олардың ортақ қасиеті бар, демократиялық мемлекетте бір құқықтық міндетті орындайды, яғни, қоғамдық мүддеге қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы сот органдары қызметінде демократия үрдісін жоғарылатып, олардың барынша ашықтығын, қабылдаған шешімдердің жариялылығын арттырып, сот пен бұқаралық ақпарат құралдары арасында ақпарат алмасудың шынайы әрі уақытылы жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы баспасөз бөлімдерін ашты. Бұрын тек қана баспасөз қызметі болса, енді 2015 жылдан бастап Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі өз жұмысын бастады. Бөлімде екі маман жұмыс жасайды. Олардың негізгі міндеті сот жүйесінің имиджін көтеру мақсатында жоспарланған шараларды жүзеге асырып, БАҚ-пен байланысты нығайту. Сондай-ақ, соттағы соңғы жаңалықтарды, қабылданып отырған іс – шараларды БАҚ өкілдері арқылы халыққа дер кезінде жеткізу. Осының арқасында әділ сот төрелігі қызметінің жариялылығын, ашықтығын қамтамасыз ете отырып, ел азаматтарының құқықтарын түсіндіруге бағытталған баспасөз қызметінің жұмысы бүгінгі күні халыққа біршама жақындай түсті.
Облыстық соттың бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасау жоспары әр жарты жыл сайын сот төрағасы тарапынан бекітіледі. Жоспарда қарастырылған мәселелер тек облыстық соттың БАҚ-пен байланыс жасау жұмысын ғана қарастырып қана қоймай, аудандық және оған теңестірілген соттарға да жекелеген тармақтармен тапсырмалар беріліп, БАҚ-пен байланысты жандандыруға ықпал етеді. Қазіргі кезде жоспарға сәйкес бұл шаралар орындалып, өз нәтижесін беріп келеді.
Негізінен, сот пен бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы қарым-қа¬тынасқа біржақты қарауға болмайды, ол өзара түсіністікке негізделіп, екіжақты жүруі тиіс. Өйткені, сот адамдардың тағдырына араласса, бұқаралық ақпарат құралдары олардың санасына ықпал етеді. Егер соттан әділеттілік талап етілсе, бұқаралық ақпарат құралдарынан әдептілік, шыншылдық талап етіледі. Сол арқылы соттардың беделі, халықтың сотқа деген сенімі қалыптасады.
Журналистер қаламның ұшымен, сөздің күшімен қоғамдық сананы қалыптастырып, қоғамдық ой тудырады. Сондықтан оларға жүктелер жүк ауыр, міндет мәртебелі. Нақ осындай міндет үшінші мемлекеттік билік – сот жүйесіне де тән. Біз қоғамды заңсыздықтан, қиянаттан қорғауға, заң әділдігін сақтауға жауаптымыз. Олай болса, судьялар мен журналистердің ойлары орайлас, мақсаттары мазмұндас. Сот әділ, ақпарат құралдары шыншыл болса, ақиқаттың туы биіктей түседі.
Жұмыстарының өзгешеліктеріне қарамастан, журналистер мен соттардың мақсаттары ортақ. Олар бір-бірінің пікірімен санасып, ой-тұжырымдарын бір арнаға тоғыстырып, жұртшылыққа объективті түрде ақпарат бергені жөн. Сол себепті, баспасөз беттерінде сот тақырыбында жарияланған шағын ақпараттан бастап, аналитикалық мақалалар мен сұхбаттардың мазмұны, сапасы жоғары және алынған дереккөздері шынайы болуы тиіс. Қазіргі уақыт пен қоғамның қатаң талабы осындай. Жасыратыны жоқ, ақпарат қоғам айнасына айналған тұста, бұл - өте маңызды құндылық. «Егер шындықты білгің келсе, екі жақты да бірдей тыңда» дегендей, сотқа жүгінген әрбір тараптың біреуі жеңіп, біреуінің жеңілуі заңды құбылыс. Мұндай жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алынатын сот төрелігі туралы ақиқат-пікірлер, шын мәнінде, халыққа жеткізіліп, адамдардың соттарға деген құрметін кемелдендіруге қызмет етері сөзсіз.
Өткен жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының бірізділендіру мақсатында ашқан облыс соттарының бірыңғай ресми веб-сайттары күнделікті жаңартылып, ақпараттармен толықтырылып отыр. Бұл ақпарат таратудың жылдам әрі жеңіл түрі. Қызылорда облыстық сотының веб-сайтында сот жүйесіне, процестерге қатысты барлық ақпараттар мен мәліметтер рет-ретімен орналастырылған. Кез келген азамат ғаламтор арқылы өз ісі туралы мәліметпен немесе қоғамның қызығушылығын тудырған істер бойынша баспасөз хабарламаларымен танысып, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларының қабылдау уақыттарымен, байланыс телефондарымен таныса алады.
Сондай-ақ, қоғамдық пікір тудырған істер жөніндегі сот шешімдері бойынша тиісті түсіндірме беру баспасөз қызметінің мамандарына жүктеліп, тоқсан сайын ақпараттар жолданып отырады. Осылайша сот ісінде ашықтыққа, жариялылыққа айрықша назар аударылып отыр.
Қызылорда облыстық соты тарапынан жүйелі түрде көптеген іс-шаралар жүргізіліп келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатуда баспасөз конференциялары мен брифингтер жиі өтеді. Соның бірі – жергілікті, яғни қалалық, аудандық соттарда «Ашық есік күндерін» өткізу. Мұндағы негізгі мақсат белгілі бір себептермен облыс орталықтарындағы соттарға бара алмаған азаматтарды осы жергілікті сотта қабылдап, олардың құқықтық саладағы шешімін таппай жүрген мәселелерімен танысып, мүмкіндігінше көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар, аталмыш шаралар жергілікті соттың жұмысына адамдардың көңілі толмаған жағдайда тиісті іс-әрекеттер қолдануға ықпал етеді. Сондай-ақ, тұрғындарды қабылдауды облыстық сот төрағасы, сот төрағалары жүзеге асырады.
Осы орайда халық пен сот арасында екі жақты байланысты бекемдеп, соттың баспасөз қызметі таратқан ақпараттарды жариялап, сондай-ақ, соттан мәліметтер алып, баспасөз беттеріне орналастырып жүрген журналистердің қызметі орасан екенін айта кеткен жөн.
Облыстық сот жыл сайын журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында сотпен байланыста белсенділік көрсеткен БАҚ өкілдерін салтанатты түрде марапаттауды қолға алған.
2014 жылы журналистер арасында «Сот репортеры» тақырыбында ақпа¬рат құралдарында жарияланған ең үздік материалдарға шығармашылық конкурсы ұйымдастырылды. Журналистер күні қарсаңында конкурс қорытындысы бойынша арнайы номинациялармен жеңімпаздар марапатталды.
Мемлекет басшысы баспасөздің сот жүйесіндегі рөлі жайлы судьялардың VI съезінде «Бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігері арқылы қоғамда сот билігіне жағымды және ілтипатты көзқарас қалыптастыру керек». Сот жүйесінің беделін арттыру, халыққа жете түсіндіру мақсатында облыстық сот тарапынан сот имиджін көтеруге арналған өткен жылы 7 видеоролик түсіріліп, веб-сайттарға орналастырылып, жергілікті телеарнадан көрсетілді.
2014 жылы жергілікті, республикалық бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде өзектi құқықтық мәселелер бойынша, атап айтқанда, мiндеттемелiк, жер, неке-отбасылық қатынастар, меншiк құқығын қорғау, медиация, съезд, сыбайлас жемқорлық, Елбасы жолдауы, сот саласындағы реформалардың жүзеге асырылу барысы, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағыты және тағы да басқа тақырыптар аясында 1500 ден астам мақалалар мен сұхбаттар, интернет-сайттарымызда 688 ақпарат жарияланса, телеарналар мен радиодан 139 сұхбат беріліп, өңіріміздегі телеарналардағы бағдарламаларға сот судьялары мен қызметкерлері белсенді қатысты.
Түйіндей келгенде, Қызылорда облысы соттарының баспасөз қызметінің жұмыс барысы бір деңгейге қойылған. Бүгінгі күні соттың жұмысы ақпарат құралдарымен етене жақын байланыс жүргізілуде. Себебі ашықтық, жариялылылық бір ізді жолға қойылған. Халықтың ұсыныс-тілегін де назарға алып, алдағы уақытта да БАҚпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз деген сенімдеміз.
Жанат ОСПАНОВА,
Қызылорда облыстық сотының судьясы,
баспасөз қызметінің үйлестірушісі