БАҒЛАНОВАНЫҢ БАУЫРЫ ТАБЫЛДЫ
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында сұрапыл соғыс жылдарында қолына қару алып, жауға шаппаса да, рухты әндер орындап, жауынгерлерімізді жеңіске жетелеген КСРО-ның халық артисі Роза Бағланованың бауыры табылғаны туралы сүйінші хабар жетті.
ҚазКСР-нің Еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Қайырбай Зәкіров оның белгілі суретші Марат Тәжібаев екенін айтады.
Білуімізше, Роза Бағланованың әкесі Тәжібай бай-қуатты кісі болған. Бірінші татар қызы Мәриямға үйленген. Кейін Күндей деген шешесі ер адамға ізін жалғастыратын ұрпақ керек деп, екінші рет Ақкүріш деген қазақ қызын алып береді. Екі әйелі қатар босанып, Мәриямнан Ыдырыс деген ұл, Ақкүріштен Роза дүниеге келеді. Аумалы-төкпелі кезеңде күміс көмей әншінің отбасы Ташкентке қоныс аударады. Роза Бағланова тетелес бауыры Ыдырыстың әскерге кеткенін ғана біледі. Бауырынан бір-ақ рет хат келіпті. Оны өле-өлгенше сақтап жүрген.
- Хат бүгінде балаларында болуы керек, - дейді суретші.
Одан соң Ыдырыс хабарсыз кетеді. Сахна саңлағы оның не өлі, не тірі екенін білмей дүниеден озған.
- Ыдырыс ер жетіп, Рабиға есімді татар қызына үйленеді. Бірде Алматыдағы Жүргенов атындағы өнер академиясына қонақтар келді. Олардың арасында санкт-петербургтік атақты суретші Марат Тәжібаев бар. Ол маған Қазалы деген жерде дүниеге келгенін айтты. Сосын менің қызығушылығым оянып, сұрастыра бастадым. Роза Бағланованың Тәжібайқызы екенін білетінмін. Жасы жетпістен асқан Марат Тәжібаевпен жуырда телефон арқылы сөйлестім. «Менің фамилиям – Тәжібаев, әкемнің аты – Шақкөз» дейді. Енді мына қызықты қараңыз. Қазалы маңында Шақкөз деген разъезд бар. Сол аттас тау да бар. Шақкөз атамыз жауларымен әлгі жерде соғысып жатқанда сол шекесіне садақтың жебесі тиіп, жантәсілім етіпті. Сол жерді тұрғылықты халық «Шақкөз тауы» деп атайды. Айта кетерлік нәрсе, Тәжібайдың әкесі Бағлан емес, Шақкөз екен. Бағлан Шақкөздің інісі болса керек. Шақкөз атамызды «Теке батыр» деп те атайды екен. Мұнан шығар қорытынды, Марат Тәжібаев Роза Бағланованың інісі Ыдырыстан туған ұл болса керек. Мәкеңе Роза Бағланованың оның әпкесі екенін айтқанымда қатты таңғалды, - дейді Қайырбай Зәкіров.
«Saint-petersburg.ru» сайтында жазылғандай, Марат Тәжібаев 1940 жылы Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген. 1960 жылы Ашхабадтағы сурет училищесін, 1969 жылы Ленинградтың В.И.Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесін бітіреді. 1972 жылдан бастап Ресей Суретшілер одағының мүшесі. Еңбектері Ресейдің мемлекеттік коллекциялары ретінде Швеция, Италия, АҚШ, Түркия, Германия елдерінде сақтаулы. Бүгінде Марат Тәжібаев Ресейде тұрады.
Гүлбану МАҚАЖАН