РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА 300-ГЕ ЖУЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ҚАТЫСУДА
Кеше, Қызылорда қаласында спорт саласы бойынша жаттықтырушы-оқытушы және әдіскерлердің біліктілігін арттыруға арналған республикалық семинар басталды. Үш күнге созылатын шарада еліміздің ұлттық олимпиадалық комитетінің жетекші әдіскерлері дәріс беретін болады. Облыста алғашқы мәрте ұйымдастырылған республикалық семинарға Қызылорда қаласы мен аудандардан 300-ге жуық жаттықтырушылар қатысуда.
Семинарда сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, мұндай біліктілік арттыру семинарының спорт саласы мамандарының білімділігі мен біліктілігін арттыруда маңызы зор екендігін айтып өтті. Елімізде спорт саласы қарқынды дамуы Елбасының спортқа деген қолдауының арқасында екендігіне тоқтала кетті. Бүгінгі таңда барлық аймақтарда спорттық нысандар салынып, бұқара халықтың спортқа деген құлшынысы артқандығын және Сыр спорты республикада алдыңғы қатардан көрініп, жыл өткен сайын өркендеп, дамып келе жатқандығын баяндады. Өңірімізде бұрын-соңды болмаған «Мұз айдыны» спорт кешені, теннис орталығы, әр аудан орталықтарында, елді мекендерде пайдалануға берілген, құрылысы жүргізіліп жатқан спорттық-сауықтыру кешендері - Елбасының Жолдауынан туындаған бағыттар ретімен жүзеге асырылуда, осы орайда бәсекеге қабілеттілікті ұстап тұру үшін мұндай біліктілік арттыру курстарының біздің бапкерлер үшін берері мол дейді облыстық басқарма басшысы.
Жергілікті спортшылардың дүбірлі додалардағы жоғары жетістікке жетуіне бірден-бір себепкер жаттықтырушылардың қосып жүрген үлесі зор. Сондықтан, облыстағы спорт мектептеріндегі жаттықтырушылар мен әдіскерлердің тәжірибесін шыңдау, оларды жаңа бағдарламалар бойынша оқыту заман талабы. Білікті мамандар салаға қатысты тақырыптарда теориялық дәрістер оқып, практикалық сабақтар жүргізетін болады. Семинар соңында сала мамандарына арнайы сертификаттар табысталады.
Сондай-ақ, семинар барысында ұлттық олимпиадалық комитеттің вице-президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Құлназаров республикада қазіргі бұқаралық спорттың жай-күйі, Қазақстанда спортшылардың жоғары біліктілігін арттыру және спорт резервтерін дайындаудың мәселелері туралы баяндаса, Украина ұлттық академиясының академигі Владимир Платонов қазіргі спорттық жаттығудың кезеңге бөлінуі және Олимпиада ойындарына спортшыларды дайындаудың қазіргі жүйесі тақырыбында дәріс оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді.