ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ХАЛЫҚ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТІП ЖҮРГЕН ҚАЙСАР ҚЫЗ
Әр мамандық қадірлі, дегенмен, мемлекет қауіпсіздігі саласының, яғни полицейлер қызметінің өзіндік ерекшеліктері мен күрделіліктері, анығырақ айтқанда, жауапкершілігі мен қиындығы зор екендігі ешқандай талас тудырмасы қажет. Полиция қызметінің ауырлығына қарамастан, азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етуді өмірлік мақсаты еткен жандар қаншама десеңізші?! Осындай ата-ана аманатына адалдық танытып, ата жолын жалғап келе жатқан нәзік жанды тәртіп сақшыларының бірі – Сәуле Абдамитова. Мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет етіп келе жатқан ол, осындай жауапты әрі қиын салаға келуінің себебін былай түсіндіреді:
-Ішкі істер органдарындағы қызметімді 1994 жылдың шілде айында Қызылорда ҚІІБ анықтау бөлімшесінің анықтаушысы қызметінен бастадым. Бұл салаға келіп, қызмет атқаруыма әкем, Абдамитов Пазылхан ықпал жасады. Өзі ішкі істер органдарының жол полиция саласында 25 жыл қызмет атқарып, зейнетке шыққан. Жанұяда 4 қыз, 1 ұлмыз. 4 қыздың арасында мен әкеме жақындау болдым. Үйдегі майда-шүйде құрылыс жұмыстары болса, мен жәрдем беретінмін. 16 жастан бастап автокөлік жүргізуді де үйрендім. Сөйтіп, әкем мені полиция бола алады деген шешімге келіп, заңгер мамандығы бойынша білім алуға бағыттады.
Нәзік жан болғандықтан болар, полиция қызметіне тән ауыр жүкті арқалап жүру алғашында қиындық туғызды. Полицияға 19 жасымда келген мен, азаматтық қызметте жұмыс атқарып жүрген өз құрбыларыма қызыға қарайтынмын. Себебі, олар кез келген уақытта бір-бірімен кездесіп, киноға, туған күн және би кештеріне барып жататын. Ал, мен болсам, өзімнің таңдаған мамандығымды алға қойып, ер азаматтармен бірге қатарласа жүріп, уақытпен санаспай, күндіз-түні жұмысымды атқарып жүріп, жеке өмірімді ынғайлауға уақытым да болған жоқ.
Бірақ, басқа жағынан қарағанда, мен полиция нысанды киімін кигендіктен, құрбыларымның арасында өзімді бір саты жоғары сезініп, ерте есейдім. Жас маман бола тұра, өзімнің салмақты болуымның арқасында алдыма келген сезіктілерден жауап алып, қылмыстық істі сотқа жолдау үшін аяғына дейін жеткізетінмін. Полиция қызметінің ауырлығына қарамастан, мен өзімнің әрбір атқарған жұмысымнан тек қана жақсы сезімдер алатынмын. Анықтаушы қызметінен басталған полициядағы өміріме бастығым Қоразбаев Хусаин және ұстазым Шакиманов Жеңсікбай көп септігін тигізді. Бұл кісілер маған өз қарамағындағы қызметкер ретінде өте қатал қарап, тергеу әрекеттерін сапалы әрі толыққанды орындауды үйретіп, әрбір ісімді қадағалап отырды. Маған принципшіл, адал, әділ болуды, өзіме талап қоя білуді, бастаған істі аяғына дейін жеткізу керектігін үйретті. Шені жоғары, жасы үлкен қызметкерлерді құрметтеу қажеттігін үнемі айтып отыратын. Сөйтіп, осы кісілердің ақыл-кеңестері мен өзімнің талап-жігерімнің нәтижесінде 1998 жылы Қызылорда облысы ІІД анықтау құрылымдары қызметкерлерінің арасында өткізілген сайыста ең үздігі танылып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құзырымен «Үздік анықтаушы» атағына ие болдым.
1999 жылы өзімнің болашақ жарым Жұлдызбекті кездестіріп, 2000 жылы екеуміз отау құрдық. Жұлдызбек мені өзінің мейірімділігімен, адамгершілігімен және қазақ жігіттеріне тән батылдығымен баурап алды. Қазіргі таңда 2 ұлдың ата-анасымыз. Үлкен ұлым Ақылжан – оқу үздігі, Қазақ-Түрік лицейінде оқиды. Кіші ұлым - Ерасыл, екінші сынып оқушысы.
Қазақта «Жақсы жар – жарым бақыт» демейді ме?! Жарым, Жұлдызбек менің қызметіме түсіністікпен қарап, кез келген уақытта жұмысқа шақыртып алатынын, күнделікті жұмыстан үйге кеш қайтатынымды және мерекелік күндері үйде болмайтымды біле тұра, әр бастамама қолдау білдіріп отырды.
Қызмет барысындағы міндеттерімді орындай жүріп, Жұлдызбекке арқа сүйедім. Балаларды балабақшадан, сабақтан алып, тамақтандырып, ауырған кезде жанында болатына сенімді болдым.
22 жыл бұрын ішкі істер органдарындағы қызметімді бастаған сәтте, халықтың полиция қызметкеріне деген көзқарасы мүлдем басқаша болатын. Полиция қызметкеріне құрметпен қарап, кез келген жағдайда өздеріне көмек беретініне сенім білдіретін. Ал қазіргі таңда, халықтың полиция қызметкерлеріне деген сенімге селкеу түскен сияқты. Қай жерде болмасын, полиция қызметкері үкімет өкілі болғандықтан, өзіне сырт көздің назарын ерекше аударады. Сондықтан, полиция қызметкері қоғамдық орында өзін дұрыс ұстай білу керек, бұл халықты сыйлауға, құрметтеуге жол ашады. Ең бастысы, халықтың сенімі мен үмітін арқалап жүрген тәртіп сақшылары әскери қызметке адалдық, қиын да жауапты істі абыроймен атқару қажет, – деп түйіндеді өз сөзін Сәуле Абдамитова.
Міне, бұл нағыз өз ісін сүйетін, өз қызметіне адал қарайтын полицейдің сөзі. Сәуле Абдамитова – Қызылорда облысының ішкі істер департаменті Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полиция подполковнигі шенінде қызмет етіп келеді. Ол өзін білікті маман, әріптестеріне сыйлы, бағалы қызметкер ретінде таныта білді. Қазақтың күш-қайраты мықты батырлардың ұрпағы саналатын ол халықтың тыныштығын күзете отырып, өз жолын жалғастырар тәртіпті әрі тағылымды ұлдарды тәрбиелеп келеді. Қазақ «ата-анаға қарап, ұл өсер», - дейді. Себебі, бала – ата-ананың үлгі-өнегесін көріп қана өседі. Ал, Отанына адал әрі абыройлы қызмет етіп, Отан үшін от пен суға түсуге әзір жаннан қорқақ ұрпақ өніп шықпайтыны айқын. Сондықтан, тұрақтылық пен халқымыздың тыныштығын күзетіп, елге қорған болып жүрген Сәуле Абдамитованың отбасында да Қазақ елінің болашақ қорғаушылары, батырлары тәрбиеленіп жатқанына сенім білдіреміз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі