ЖАҢА ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКС БОЙЫНША САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында қызылордалық полицейлердің біліктілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасуға бағытталған «Жаңа қылмыстық, қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері бойынша сот сараптамасын тағайындау және сараптама жүргізу талаптары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Аталмыш шараның басты мақсаты – жаңа қылмыстық актілерді қолдану, құқықтық жүйенің жаңартылған нұсқасында тиімді іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету бойынша шаралар мен ұсынымдарды пысықтаудың өзекті мәселелерін бірлесіп талқылау болып табылады.
Кеңесте 2015 жылдың 01 қаңтарынан қолданысқа енгізілген Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспары, жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің кейбір баптарына енгізілген өзгерістер жайлы Сот сараптамасы институтының мамандары және ОІІД-нің қызметкерлері баяндамалар оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар-кеңесті Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамасы институтының директоры Ержанов Бақытбек ашып, жоғарыда аталған кодекстерге сот-сараптамасын тағайындау және жүргізу кезінде орын алған өзекті мәселелер жөнінде қысқаша баяндап, семинар-кеңестің бағдарламасымен таныстырып өтті.
Бұдан кейін сөз тізгінін Сот сараптамасы институтының бас сарапшылары алып, жаңадан қабылданған Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер негізінде сарапшыларға берілген жаңа өкілеттіктер мен міндеттер жайлы түсіндіріп өтті. Яғни, жаңа заңнамалар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын сарапшының заңды қызметтік міндеттерін жүзеге асыруға кедергі жасау, қорқыту немесе күш көрсету, жала жабу немесе сарапшыны қорытынды беруге мәжбүрлеу деректері орын алған жағдайда жауапкершілікке тартылатындығын жеткізді. Сонымен қатар, сот сараптамасын жүзеге асыратын маманның тарапынан орын алатын заңсыз әрекеттер, атап айтқанда көрінеу жалған айғақтар, қорытындылар беру, дәлелдемелерді бұрмалау немесе қате аударма жасау заңмен қудаланатыны атап өтілді. Баяндама барысында сот сараптамалық жұмыстардың тағайындалу, жүргізілу барысы, сарапшының міндеттері, қосымша сараптама жұмыстары тағайындалатын жағдайлар, сарапшы қорытындысының мазмұны жайлы қысқаша түсіндірме беріп өтті.
Семинар-кеңеске қатысқан «Болашақ» университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Аблаева Эльвира жаңадан қабылданған Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге толықтырулар мен өзгерістер енгізудің маңызы жайлы сөз қозғап, шетелдік тәжірибеде қолданылатын стандартпен салыстыра отырып дәлелдеп берді. Яғни, жоғарыда аталған кодекстерге енгізілген өзгерістер жайлы, яғни жаңадан енгізілген немесе ауысқан баптар, Қылмыстық кодексте қолданылатын негізгі жаза түрлері, айыппұл мөлшері, түзеу жұмыстары және қолданылатын жағдайлар мәселесі жайлы сөз етті.
Сонымен қатар, семинар барысында Қызылорда ОІІД Анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Е.Қылышбаевтың «Жаңадан қабылданған кодекстер бойынша сот сараптама тайындаудың тәртібі және жүргізу барысында орын алатын өзекті мәселелер» деген тақырыпта баяндамасы тыңдалды. Өз кезегінде баяндамашы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 271-бабы бойынша сот сараптамалық жұмыстарын өлiмнiң себебiн, денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн, күдіктiнiң, айыпталушының, жәбірленушінің жасын, есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық процесте өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiн өзі қорғау қабiлетi күмән туғызғанда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйiн, жәбірленушінің, куәнің іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және олар туралы айғақтар беру туралы қабілеті күмән туғызған жағдайларда тағайындау және жүргізу міндетті екендігін атап өтті. Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерінде сот сараптамасын тағайындау бойынша қарастырылған нормалары бұрынғы кодекстердің нормаларынан қатты өзгеріске ұшырамағанын айта келе, бір жаңашылдығы – қылмыстық процесті жүргізетін орган сот сараптамасын жүргізу жұмыстарына қатысуға, сарапшының жүргізіп жатқан әрекеттеріне қатысты түсіндірмесін алуға құқылы екендігін көрсетті. Сонымен қатар, Е.Қылышбаев жаңа кодекс бойынша сот психиатриялық және сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың жүргізілу барысы және тәртібі, сараптама объектілері болып табылатын заттай дәлелдемелер жайлы, кешендi сараптама iсін жүргізу жағдайлары туралы сөз етті.
Семинар соңында қатысушы қызметкерлер келген қонақтарға өз тәжірибелерінде келеңсіздік тудыратын кейбір жайттарға қатысты ақыл-кеңес сұрап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Семинар-кеңес құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еліміздің жаңа қылмыстық заңнамалары төңірегінде өзара пікір алмасуымен аяқталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі