АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР, СУ АЙДЫНДАРЫНДА ЖҮРУ ҚАУІПТІ!
Қыс мезгілінде жылда су айдындарында азаматтардың бақытсыз жағдайларға ұшырау фактілері азаймай отыр. Көп жағдайларда тұрғындардың мұздың қалыңдығын, ауа райының жағдайын ескермеуі, өздерінің өміріне қауіпті екенін сезінбей жатады. Әсіресе, су жағасына жақын қоныстанған елді мекендер азаматтары, оның ішінде балықшылар кез келген жерлермен жаяу немесе жүк тиелген көліктермен мұз үстімен өтуде.
Суда құтқару қызметі мамандарының жүргізген мониторинг барысында қысқы мезгілде облыс азаматтары көп жағдайларда судағы, мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындығы анықтылуда. Кейбір тұрғындар тура жол ретінде мұз бетімен автокөлікпен зат тасымалдауына дейін баруы құтқарушыларды алаңдатуда. Осындай жағдайлар көбінесе облыста балық шаруашылығымен айналысатын Арал ауданының балықшылары арасында орын алуда.
Желтоқсан-қаңтар айларында облыс аумағында жылы ауа райының қалыптасуына байланысты өзен арнасындағы мұздың қалындығы Арал ауданында 24 см, Қазалы ауданында 43 см, Қармақшы ауданында 19 см болса, ал, қалған аудандар мен Қызылорда қаласы аумағында өзен арнасының шеттерінде ғана мұз қалып, орталары мүлдем ашық. Арал теңізіндегі мұздар да ери бастаған. Сондықтан, су айдындарында жүру аса қауіпті.
Осыған орай қысқы уақытта су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.
Қауіпті мұз:
- Су ағатын жердің жанында;
- Қатып қалған қамысы көп жағаның жанында;
- Қардың қалың қабатымен басылып қалған мұз;
- Көпірдің астында, өзендердің ирелеңінде, ағыны тар жерлерде;
- Түнде мұзды жермен жүруге болмайды! Мұздың үстімен жалғыз жүруге тыйым салынады.
Жұқа қатпаған мұзбен жүру, шанамен, шаңғымен тік жарлы жағадан жұқа мұзға қарай сырғанау, мұздағы тесіктерге, жарықтарға, ойықтарға жақындау, мұздың бөлек бөлігінде топталып тұру адам өміріне қауіп төндіреді.
Балық аулаймын деушілер болса онда Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметіне барып, мұзда ұстау ережесімен танысқан абзал.
Қосымша мәліметтерді облыстық төтенше жағдайлар департаментімен (24-46-70, 24-40-39) алуға болады.
Абай болыңыздар, су айдындарында жүру қауіпті!