ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ КЕҢЕСТІҢ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қала тұрғындарының қоғамдық орындарда өздерін ұстай білу мәдениетін қалыптастыру, аулалар мен демалатын орындардағы мемлекеттік мүліктерді бүлдіру, ұрлаудың алдын-алуда атқарылған жұмыстардың жайын талқылау, атқарылу керек жұмыстардың жоспарын жасау мақсатында ОІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Б.Шаймағамбетовтің төрағалық етуімен шұғыл кеңес болып өтті. Кеңеске Қызылорда қалалық мәслихатының жауапты хатшысы Ибадулла Құттықожаев, Қызылода қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Есжанов, «Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Мәстеков және қалалық білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі қызметкерлері, мектеп директорлары, қалалық коммуналдық шаруашылығы және пәтер иелері кооперативі өкілдері, «Қызылорда тазалығы» ЖШС мамандары шақырылып, Жедел басқару орталығы, Жол-патрульді полиция басқармасының қызметкерлері, Ювеналды полиция инспекторлары мен учаскелік полиция инспекторлары қатыстырылды.
Кеңес отырысын Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетов ашып, отырыстың күн тәртібімен және шақырылған қонақтармен таныстырып өтті. Өз сөзінде қоғам тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстану қажеттігін атап өтіп, азаматтардың құқықтық сана-сезіміне селкеу түсіретін, қоғамдық тәртіптің бұзылуына тікелей әсер ететін бірнеше факторларды атап көрсетті. Бұдан әрі осы факторларға толығырақ тоқталу үшін сөз тізгінін Қызылорда ОІІД ӘПБ бастығының орынбасары міндетін атқарушы Е.Жаукеевке берді.
Өз кезегінде Е.Жаукеев облыс көлемінде «Мүлдем төзбеушілік» қағидатына байланысты өткен 2014 жылдың көлемінде барлығы 20 мың 493 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталып, оның 7659 дерегі Қызылорда қаласының үлесінде екенін көрсетті. Анықталған құқық бұзушылық деректеріне қысқаша шолу жасағанда, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, демалыс парктерін ластағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 330-бабы) 3894 азаматқа, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 165-бабы) 939 азаматқа, алкогольдік ішімдік ішу және қоғамдық орындарға масаң күйінде келу (ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы) дерегі бойынша 5824 азаматқа, тыныштықты бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 333-бабы) дерегі бойынша 2859 азаматқа, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 336-1-бабы) 1417 азаматқа, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүргені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 336-4-бабы) 3107 ата-анаға әкімшілік шара көрілгенін көрсетті. Жыл көлемінде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Таза аймақ», «Тазалық апталығы» профилактикалық іс-шаралары мен «Мүлдем төзбеушілік» акциясы ұйымдастырылып жатқандығын көрсетті.
Жиын барысында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қ.Шүкіровтің баяндамасы тыңдалды. Ол өз сөзінде қазіргі таңда қала орталығындағы жаңадан қойылған аялдамаларды сындыру, көше бойындағы люктердің қақпақтарын ұрлау, көп қабатты үйлердің подъездерін бүлдіру деректері жиі орын алып жатқандығын көрсетті. Есепті мерзімде мемлекет меншігіндегі қазіргі заман талабына сай органикалық шыныдан орнатылған 68 аялдамалардың 28-де адам аттарын жазу, бояу, сындырудың дерегі, көп қабатты үйлердің подъездерін бүлдірудің 1 дерегі, орталық көшелерінің бойындағы люктердің қақпақтарын ұрлаудың 9 дерегі тіркелгендігін атап өтті. Бұл деректердің жартысына күдіктінің мектеп жасында болуына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту шешімі қабылданғанын көрсетті.
Осыған орай, мектеп директорларына, сынып жетекшілеріне әрбір баланың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастырып, тәрбие сағаттарында құқықтық тәрбиелеуге және профилактикалық мәні бар іс-шаралар жүргізу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, орта мектептер мен колледждердің ғимараттары мен жатақханаларының іші-сыртына бейнебақылау камераларын орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Бұдан кейін сөз тізгінін Қызылода қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Есжанов алып, жергілікті бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, халық игілігіне пайдалансын деп салынған мемлекеттік мүліктің бүлініп, ластанып, істен шығып жатқандығын жеткізді. Мәселен, өткен жылы жаңадан салынған 68 аялдаманың 47-сі сындырылса, 32 ойын алаңының 10 алаңына зақым келген, ал жаңадан орнатылған 8263 люктің 106-сы ұрланғандығын көрсетті. Бұл дегеніміз, адамдардың өз өмір сүріп отырған жеріне бейжай, жауапсыз қарауының салдары деп түсіндірді. Осы орайда, әр адам өзінен бастап, азаматтық ұстанымын танытып, өз ауласына жанашырлықпен қарау керек деп өз сөзін қорытындылады.
Жиын соңында мектеп директорлары мен жиынға қатысушы қонақтар көтеріліп отырған мәселелерге қатысты көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірісті.
Шұғыл кеңес айтылған мәселелердің жерде қалмай, кеңесте қаралған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі