СОТҚА ДЕЙІНГІ ІС ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
2014 жылдың 4 шілдедегі №231-V Қазақстан Республикасы Заңымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексі қабылданып, аталған жаңа Кодекс 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез және толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау қылмыстық процестің міндеттері болып табылады.
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, оның құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, ал кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуге тиіс.
Ағымдағы жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген еліміздің жаңа қылмыстық-процестік заңнамасында алғаш рет «тергеу судьясы» ұғымы енгізілді.
Тергеу судьясы-сотқа дейінгі іс жүргізу барысында Қылмыстық процестік Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыратын бірінші сатыдағы сот судьясы.
Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында прокурорлық қадағалаумен қатар тергеу судьясы институтын енгізу арқылы сот бақылауын жүргізу-азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мемлекет тарапынан қорғалуына тиімді әсерін тигізетіні сөзсіз.
Тергеу судьясының өкілеттіктері Қылмыстық-процестік Кодекстің 55-бабында көзделген.
Тергеу судьясы сотқа дейінгі іс жүргізу барысында күзетпен ұстауды санкциялау, үйқамақты санкциялау, лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау, жақындауға тиым салуды санкциялау, экстрадициялық қамақты санкциялау, күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту, кепілді қолдану, мүлікке тиым салуды санкциялау, күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатрилық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде, оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталған, психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру, мәйітті эксгумациялау, күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау мәселелерін қарайды.
«Санкция» ұғымы қылмыстық процестік заңнама бойынша-соттың сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық қудалау органының процестік әрекетті жасауына берген рұқсаты не қылмыстық қудалау органы жасаған немесе қабылдаған процестік әрекетті немесе процестік шешімді прокурордың бекіту актісі дегенді білдіреді.
Сондай-ақ Қылмыстық процестік Кодексте көзделген жағдайларда тергеу судьясы :
-анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалатын шағымдарды қарайды;
- тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығындарды қажет ететін заттай дәлелдемелерді өткізу туралы мәселені қарайды;
-сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәның айғақтарын сақтауға қояды;
- адвокаттар мен прокурорларды қоспағанда, сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік міндеттерді орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын тұлғаларға ақшалай өндіріп алуды қолданады;
-прокурордың ұсынуымен қылмыстық іс бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені қарайды;
- сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қылмыстық іс үшін маңызы бар кез келген мәліметтерді, құжаттарды, нәрселерді талап етіп алдыру және қылмыстық іске қосып тігу туралы мәселені қарайды;
- қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша, егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаса, сараптама тағайындау туралы мәселені қарайды;
-қылмыстық процесті жүргізетін органға айғақ беруі үшін келуін қамтамасыз ету қиындық тудыратын, бұрын өздері жауап алған куәні, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың өтінішхаты бойынша, мәжбүрлеп әкелу туралы мәселені қарайды.
Күдікті өзіне қылмыстық қудалау органдары тарапынан азаптау және басқа да заңсыз әрекеттер қолданылғаны туралы арызданған немесе онда күш қолданудың іздері болған жағдайда аталған жайтқа жедел ықпал ету мақсатында тергеу судьясы қадағалаушы прокурорға көрсетілген фактіні дереу тексеруді жүзеге асыруды тапсыруға міндетті.
Сондай-ақ бұлтартпау шарасын қолдану мәселесін шешу барысында күдіктіні, айыпталушыны қоғамнан оқшауламай-ақ Қылмыстық-процестік Кодекстің 140-бабының 3-бөлігінде көзделген міндеттерді орындауын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын кепіл мөлшерін айқындайды. Кепіл енгізу аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша бұлтартпау шараларын қолдану барысында қолданылуға жатпайды.
Кепіл сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулы шығару кезінде адамға жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қылмыс жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған; адамға қылмыстық топтың құрамында қылмыс, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған; күдікті, айыпталушы сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негідер бар болған; күдікті, айыпталушы бұрын таңдалған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын бұзған жағдайларда белгіленбейді.
Тергеу судьясы Қылмыстық-процестік Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды. Ол өз өкілеттіктерін Қылмыстық-процестік Кодекстің 56-бабының қағидаларына және тиісті баптарында көзделген ерекшеліктерге сәйкес жүзеге асырады.
Тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды.
Егер заңды және негізделген шешім шығару үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы тиісті тұлғалардың және прокурордың қатыуымен сот отырысын өткізу туралы қаулы етеді.
Күзетпен ұстауды санкциялау, үйқамақты санкциялау, экстрадициялық қамақты санкциялау, күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту, кепілді қолдану, мүлікке тыйым салуды санкциялау және тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығындарды қажет ететін заттай дәлелдемелерді өткізу туралы, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәның айғақтарын сақтауға қою мәселелерін қарау кезінде сот отырысын өткізу міндетті болып табылады.
Тергеу судьясының өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында қабылдаған қаулыларына Қылмыстық-процестік Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Тергеу судьясының қаулыларына ол жария етілген кезден бастап үш тәулік ішінде күдікті, айыпталушы, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі тергеу судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық және оған теңестірілген сотқа шағым жасауы, прокурор наразылық білдіруі мүмкін. Егер аталған шағым келтіру немесе наразылық білдіру мерзімі дәлелді себеппен өткізіліп алынған жағдайда бұл мерзім мүдделі тұлғаның өтінішхаты бойынша қалпына келтірілуі мүмкін.
Жаңа Қылмыстық-процестік Кодекске енгізілген бұл жаңалықтар халықтың сотқа деген сенімінің артуына, соттың өкілеттіктерінің кеңеюіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сот тарапынан халықаралық стандарттарға сай барынша қорғалуына кепіл беретіндігін айқындайды.
Әлия ТҮБЕКБАЕВА,
Шиелі аудандық сотының судьясы