ДАМУДЫҢ БАСЫ – ҰЛТАРАЛЫҚ БІРЛІКТЕ
«Жаяуды көрсе атын беретін, адасқанды көрсе төрін беретін, ашыққанды көрсе алдындағы асын беретін» аттың жалында, түйенің қомында жүрген қазақ халқы ежелден адамдарды дінге, ділге, ұлтқа бөліп алаламай, барлығын «жақыным» деп бауырына тартқан. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген сөзді терең ұғынып, «Бірлік» қана барлық қиындықтар мен ауыр кезеңдерді жеңіп шығар ұлы күш деп білген. Сондықтан болар, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елді құру жолында бауырына тығылған кәріс, өзбек, түрік пен орысты «бауырым, жерлесім» деп жанына тартып, бір шаңырақтың, көк байрағының астына топтастырып, «Қазақстан халқы» атанып келе жатырмыз. Тәуелсіздігімізді алған маңызды сәтте бір атаның балаларындай қуанып, Қазақстан жолын салуға бірге білек сыбана кірісіп, әр жеңісті, жемісті сәттерімізде бірге шүкірлік еткен өзге ұлтты бауырларымыз ерте кезеңде қасиетті қазақ өлкесіне сан түрлі тағдыр жазуымен қоныс тепкені аян. Біз бүгін де тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналдық.
Қазақы қаймағы бұзылмаған, Алаштың анасы атанған Қызылорда өңірінде 32 мыңға жуық ұлт өкілі татулықта өмір сүріп жатса, халықтың қауіпсіздігі мен бостандығын қорғауды басты мақсат еткен Облыстық ішкі істер департаментінде 20-ға жуық өзге ұлт өкілі абыройлы қызмет етіп жатыр. Ұлты басқа болса да, жүрегі «Қазақ» деп соғатын олар Қазақ жерін, Қазақ халқын қорғау жолында от пен суға түсіп, кіндік қаны тамған Отандарының алдында перзенттік парыздарын өтеп келеді. Туған елінің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен олар өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін Ішкі істер министрлігінің, Ішкі істер департаменті бастығының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарының бірнеше мәрте иегерлері атанған. «Тіліме тағзым ет, сыйласаң елімді, сонда сен отандас боласың сенімді!» демекші, барлығы дерлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін толық меңгеріп, жұмыс барысында да, күнделікті тұрмыста да бір адамдай қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасай алады. Жыл сайын «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» ұйымдастыратын мемлекеттік тілді оқыту курсына қатысып, біліктері мен білімдерін жетілдіріп келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында «Өзін Қазақстанның азаматы санайтын кез келген адам, кез келген ұлттың өкілі барлық өркениетті елдердегідей мемлекеттік тілді меңгеруге ұмтылуы тиіс», - деп өз үндеуін жеткізді емес пе?! Міне, тілді игеруді азаматтық ұстанымы, құшағын айқара ашқан Қазақстан алдындағы перзенттік парызы санайтын біздің қызметкерлер Елбасының сөзін жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрінің қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылатын мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттап, тәртіп сақшыларының қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік тілді құрметтеу, мәртебесін арттыру, парасаттылық рухын көтеруге бағытталған «Парасатты полицей» атты байқауға үнемі қатысуда. Әсіресе, Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы Тен Айнұр, облыстық ішкі істер департаменті Көші-қон полиция басқармасының инспекторы Угай Борис, Қалалық ішкі істер басқармасының анықтаушысы Федорук Владимир сынды қызметкерлеріміз әр өңірден қатысатын полицейлермен иық тіресе бас сынасып, Сыр елінің, Ішкі істер департаментінің намысын абыроймен қорғап келеді. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, барлығы дерлік бірінен-бірі озған «Сыр елі-жыр елі» атанған қасиетті өлкенің киесі қонған күміс көмей, жез таңдай әншілері, қасиетті өнер иелері. Мемлекеттік мерекеге орай ұйымдастырылатын іс-шараларда көптен суырылып шығып, көкейіңді кернеп, патриоттық сезіміңді оятар әндерін арнайтын да осылар.
Ұлт тағдырын ұрпақ шешетіні айқын. Бірі – қазақтың қызын алып, мың жылдық күйеу бала атанса, бірі – қазақы отбасыға салиқалы келін атанып, қазақы шаңырақтың түтінін түтетіп отыр. «Отбасы – шағын мемлекет», -демекші, адам бойындағы жақсы қасиеттер отбасында қалыптасады емес пе?! Осы орайда, тұрақтылық пен халқымыздың тыныштығын күзетіп, елге қорған болып жүрген өзге ұлтты апа-ағаларымыз балаларына әдет-ғұрпымызды, қазақы ділімізді, рухани құндылықтарымызды бойларына сіңіре отырып тәрбие беріп жатыр деген сенімдеміз. Өйткені ұлты қазақ болмаса да сөзі қазақ, жүрегі қазақ бауырларымыздан нағыз ұлтжанды, Қазақ елінің болашақ қорғаушылары мен батырлары өніп шығатыны айқын.
Сөзімізді қорытындылай келе, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» деген екен. Расында да, ата-бабамыздан мирас болып қалған ауызбіршілігіміз, өзара түсіністігіміз бен толеранттылығымыз қазір де жалғасын тауып келе жатыр. Халықта «Туған – ана емес, тәрбиелеп өсірген – ана» демекші, кез келген ұлттың өкілі Қазақ елін «туған жерім» деп санайтындарына сенімдіміз. 135 ұлттың басын біріктірген «Мәңгілік еліміз» ғұмырлы, тәуілсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын!
Қызылорда ОІІД Мемлекеттік тіл
және ақпарат бөлімінің басшысы
Г.ҚАЙЫРБЕРГЕНОВА