ШЕН-ШЕКПЕНІНІҢ КҮШІНЕ СЕНГЕН ЖЕМҚОРЛАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
Қоғам бойына құрт боп түскен сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу әзірше мүмкін болмай тұр. Осы сипаттағы қылмыстардың денін қызмет бабын жеке бастың пайдасына жарату мақсатында жасаған әрекеттер құрайды.
Жалақыны шарықтатып көтергенімен көздің тоймайтыны рас екен. Жалақыны көтеріп әлеуметтік жағдайды жақсартқан сайын мемлекеттік қызметте жүрген шен-шекпенділердің талабы күшейіп құныға түскендей. Құныққандардың көбісі мемлекеттік қызметтің тізгінінде отырғандары ащы да болса шындық.
Сыбайлас жемқорлық парамен ғана шектелмейді. Бұл жолдағы күресті алдымен сыбайластың өзінен бастау керек. Сыбайластың тамырына балта шабылса, жемқорлықтың да жолы кесілері анық. Сыбайлас жемқорлықтың өршуіне алдымен жерлестік, тамыр таныстық байланыс ықпал етеді. Сол арқылы сана-сезімдері мен білік-білімдеріне лайықсыз болса да, лауазымды орынға әлдекімдердің демеуімен келген біліксіздер - бұл жемқорлықтың нағыз бастау алар тұсы.
Сыбайлас жемқорлық мәселесі біздің облысымызда да тамырын тереңге жайып, оған қатысты қылмыстар саны азаймай тұр. Мәселен өткен жылдың сыбайлас жемқорлыққа байланысты 9 айында 30 адамға қатысты 28 іс, ал 2014 жылдың 9 айында, аудандық және оған теңестірілген соттарға 41 адамға қатысты 35 қылмыстық іс түсіп қаралған. Өкінішке орай бұл санаттағы қылмыстардың 7,8 пайызға арытқаны байқалады.
Барлығы 41 адамға қатысты 35 қылмыстық іс бойынша үкімдер қабылданған, оның ішінде жаза түрлеріне тоқталатын болсақ, 2014 жылдың тоғыз айында 5 іс бойынша 5 адамға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалса, 8 іс бойынша 8 адамға шектеу түріндегі жаза, 12 іс бойынша 12 адамға айыппұл түріндегі жаза, 8 іс бойынша 8 адамға ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, шартты жаза тағайындалған. Негізінен мұндай шартты жаза тағайындау әйел адамдарға және қылмыспен келтірілген залалдың толтырған ауыр қылмыс жасаған адамдарға тағайындалған.
Сонымен қатар, осы жылдың тоғыз айында 4 адамға қатысты 3 қылмыстық іс бойынша «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 28.12.2011 жылғы Заңы қолданып, осыған сәйкес жаза өтеуден босатылған.
Мәселен, Қызылорда қалалық сотының үкімімен сотталушы А. ҚК-нің 311-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға мемлекеттік органдарда қызметтер атқару құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленген.
Сотталушы А.-ның жазасын жеңілдетуді сұраған апелляциялық шағымының негізінде қаралу қорытындысы бойынша, Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 24.06.2014 жылғы қаулысымен сот үкімі өзгертіліп, А.-ға 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 3.704.000 теңге айыппұл салынған. Себебі ол кінәлі деп танылып отырған ҚК-нің 311-бабының 1-бөлігінде балама жаза ретінде айыппұл мен шектеу түріндегі жазалар көрсетілген.
Сонымен қатар, сотталушы К. «Шкода» қызметтік автокөлігімен қасында болған жол патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге, Қызылорда қаласында орналасқан саунаға келіп, жәбірленуші А.-ны саунадан шығарып алып, автокөлікке отырғызып, облыстық наркология орталығының уақытша бейімдеу және уатсыздандыру орталығына апарып қамаған. Сол жерде сотталушы К. жәбірленуші А.-ның әмиянында болған 143000 теңге ақшасының 100000 теңгесін және 2 дана алтын сақиналарын жасырын түрде пайдақорлық мақсатпен алып, зиян келтіріп, мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті, лауазымды адам бола тұра, өзіне пайда мен артықшылық алып, басқа адамдарға зиян келтіру мақсатында, қызмет мүдделерін кереғар пайдаланып, азаматтардың мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде бұзып, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмысты жасаған.
Сот сотталушы К.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танып, 2 жылға құқық қорғау органында лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 852 000 (бір миллион сегіз жүз елу екі мың) теңге айыппұл салды және ішкі істер органымен берілген кіші сержант арнаулы шенінен айырды.
Сондай-ақ, Шиелі аудандық сотының үкімімен ҚК-нің 312-бабының 2-бөлігімен сотталған Е., Арал аудандық сотының үкімімен ҚК-нің 311-бабының 3-бөлігімен сотталған Ж.-ның қылмыстық істері апелляциялывқ сатыда қаралып, сот үкімдері өзгеріссіз қалдырылған.
Шиелі аудандық сотының үкімімен Г. ҚК-нің 311-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 3 жылға мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленген.
Сот үкімімен Г. Қызылорда ОІІД-нің әкімшілік полиция басқармасының жол патурльдік полициясы ротасының 2-взвод полицейі қызметін атқарып жүріп, «Шымкент-Самара» тас жолының Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақтоған елді мекені тұсында, азамат Г.-ның Шымкент қаласынан сатып алған екі дана 40 тонналық контейнерлерін тиеп, Қызылорда қаласына әкеле жатқан мемлекеттік белгісі Х395 РVN санды және мемлекеттік белгісі 583 СВА 13-санды, «Камаз» үлгісіндегі автокөліктердің фарының жақын жарығын жақпай келе жатырғандығын байқап, оларды тоқтатып, әкімшілік жауаптылыққа тартпай және құжаттарын тексермей, Жол патрульдік полициясының жылжымалы бекетінен ешқандай кедергісіз өткізу үшін 5000 теңге пара ретінде алғаны үшін кінәлі деп танылған.
Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.
Амангелді ҚОЖАНИЯЗОВ,
Қызылорда облыстық сотының судьясы