МҰРАТ ӘБЕНОВ АВТООРЫНДЫҚ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢҒА ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРДІ
Өткен аптада 12 жасқа дейінгі балаларды көліктерде арнайы автоорындықтарсыз алып жүруге тиым салатын жол қозғалысы туралы заң талабы күшіне еніп, жаңа заң халықтың наразылығын тудырды.
"Айқын" газетіне берген сұхбатында Мұрат Әбенов бұл ережені орындау үшін қазақстандықтар бір аптада 150 миллиард теңге жұмсауға мәжбүр болатынын айтады.
"Қазақстанда барлығы 4,5 млн автокөлік тіркелген. Олардың ең кемінде үштен бірі 12 жасқа дейінгі балаларды алып жүруге пайдаланылатын болса, онда 1,5 миллион автокөлікке арнайы балалар орындығын алу шарт. Егерде кемінде әр орындық ең арзаны 10 мың теңге тұратынын есептесек, онда кемінде бір аптаның ішінде қазақстандықтар осы өзгерістерді іске асыру үшін 150 миллиард теңге жұмсауы керек. Бұл – отбасылардың жоспарында жоқ шығын", - деді танымал саясаткер Мұрат Әбенов.
Сонымен қатар саясаткер сол 1,5 миллион орындықты сауда орындары қысқа мерзімде әкеліп үлгермейтінін айтқан.
"Соның нәтижесінде, миллиондаған балаларды көлікпен алып жүру заңсыз болып саналады. Қолдан жасаған проблема деп осыны айт!" , - деді Әбенов.
Ол өз тәжірибесінде халық тарапынан жаңа заңға қатысты мұндай наразылықты бірінші рет байқап отырғанын жасырған жоқ.
"Жаңа талаптар көптеген әлеуметтік қозғалмаған тұрғындардың мүдделеріне қарама-қайшы келіп тұр. Балаларын мектепке жеке көлікпен тасымалдау – жүргізушісі бар бай ата-аналардың ермегі емес, көп отбасы үшін мәжбүрлі қадам. Ал қоғамдық көлік тек, астаналарда ғана азды-көпті қызмет көрсетеді. Оларда мектеп автобустары қарастырылмаған. Әсіресе, қыс айларында жеке көліктерден басқа көлік түрлері тапшы", - деп өз ойын білдірді саясаткер.
Мұрат Әбенов жаңа ереженің асығыс, жасырын түрде, дайындықсыз жасалғаны халықты емес, жеке мүддені ойлаған болып көрінетінін де айтты.
"Бұл жерде жемқорлық көріністері бар. Сол себептен, осы заңды іске асыруды тоқтата тұру керек, тез арада оны өзгертіп, талапты кезең-кезеңмен іске асыруды қолға алу керек", - деді Әбенов.