ЖАС МАМАНҒА БЕРІЛЕР МҮМКІНДІК МОЛ
Қазіргі таңдағы Елбасының сот жүйесін жетілдірудегі реформасының басты бағыты - Қазақстанда жоғары сапалы, әділ сотты қалыптастыру.
Елімізде халықтың сотқа деген сенімі жылдан-жылға артып келеді. Оның айғағы азаматтардың өздерінің заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғап сотқа шағым беру санының көбеюі, сонымен қатар, республика бойынша сот әділдігін жүзеге асыратын судьялар штатының жылма-жыл ұлғая түсуі болып отыр.
Сот төрелігінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін бірден-бір жауапты тұлға – судья. Судья болу - кәсіп емес, мәртебелі міндет.
Судья болып, яғни барлық сатыдан өтіп, келісімге келе алмай жүрген тараптардың іс-әрекетіне баға беріп, ушығып тұрған дауға шешім қабылдау, халыққа төрелік айту үлкен жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз. Мұрағаттардағы шаң басып, сарғайған парақтарда қалған қанды деректердің сырын ашып, айыптаушылардың жасаған қылмысын дәлелдеп, адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті қажет етеді.
Сондай-ақ, судья лауазымына үміткерлерге қойылар талап та жоғары. Айта кету керек, болашақта судья боламын деген үміткерлерге Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жанынан құрылған Сот төрелігі институтын оқып бітіру маңызды рөл атқарады.
Судьялық лауазымға үміткер Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірсе, барлық заңнамалармен, нормативтік қаулылармен танысуға, тәжірибе жүзінде жетекшілердің көмегімен дұрыс қолдануға мүмкіншіліктері туындайды. Сондай-ақ, шет елдердің сот тәжірибесімен танысып, еліміздің сот жүйесімен салыстыра отырып, болашақта жұмыс барысында тиімді әдістер, амалдарды үйренуге оң көмегін тигізеді.
Аталмыш академия еліміздің сот корпусының жоғары кәсіби резерві мамандандырылған магистратурасында даярлау, сондай-ақ республиканың сот жүйесін халықаралық алаңда танытуға, жаһандану жағдайларында сот төрелігін лайықты жүргізуге қабілетті судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында құрылған.
Оқу орнының бағдарламасында - үздік еуропалық жоғары оқу орындарының дәстүріне сай мастер-кластар оқу үшін жетекші ғалымдар, көрнекті мемлекеттік қайраткерлер, қызмет атқарып жүрген судьялар шақырылатыны, әрбір білім алушыға жеке бағдарлану мемлекеттік басқарудың стратегиялық басымдықтарына жауап беретін мамандандырылған тереңдетілген білім алуға мүмкіндік беретіндігі жазылған. Сондай-ақ, практика мен тағылымдама барысында басқарушылық шешімдерді қабылдау, құқық қолдану, азаматтық ұстанымды қалыптастыру мен қорғау, шешімдер жобасын құрастыруда мол тәжірибе алуға мүмкіндіктер болатыны көрсетілген.
Академияда Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының қазіргі судьялары мен белгілі ғалымдар сабақ жүргізеді. Бітіруші түлектер құқық саласындағы қолданбалы білімді игеріп шығады. Сондай-ақ, судья лауазымына конкурстық іріктеу барысында мамандандырылған магистратураның түлектері басым құқыққа ие болады. Түлектер судьялардың кадр резервіне қабылданады.
Мен болашақта біліктілігім мен тәжірибемді ұштай отырып заң мен әділдік саласындағы қызметімді судьялықпен жалғастыруды мақсат етемін. Алға қойған мақсатыма қол жеткізу үшін Сот төрелігі институтын оқып, бітіргім келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген азаматтардың әділдіктің ақ жолында қанаты талмай судьялық қызметті атқаруға мүмкіншілігі де, білімі де жеткілікті болады деп санаймын.
Бағлан АМИРАЛИЕВ,
Қызылорда облыстық сотының бас маманы