СУДЬЯ - ТӘРТІПТІК ӘДЕП ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАУҒА МІНДЕТТІ
Егеменді еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап сот жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң, сонымен қатар, «Судья әдебі» кодексі қабылданды.
Облыстық сотта судьялар одағы филиалының судья әдебі жөніндегі комиссиясы жұмыс жасайды. Бұл комиссия «Судья әдебі» кодексінің бұзылуы туралы материалдарды, арыз - шағымдарды қарайды.
Материалдарды қарау нәтижелері бойынша судьяның «Судья әдебі» кодексін бұзу фактісін танып, талқылаумен шектелуге, қоғамдық мін тағуға, арызда көрсетілген судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы Сот жюриіне ұсыным енгізу туралы мәселені қарау жөнінде тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы, сондай-ақ, судья әдебіне қайшы келетін, өрескел нұқсан келтіретін теріс қылық жасау фактісі бойынша облыстық соттың төрағасы мен сот алқаларының төрағаларына қатысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына жүгінуге құқылы. Егер судьяның әрекеттеріне Судья әдебі кодексін бұзу анықталмаса, іс жүргізуді қысқартады.
Комиссия арыз-шағымдарды кеңесу бөлмесінде оларға кез келген ықпал ету мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда дауыс беру арқылы хаттамалық шешім қабылдайды. Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің көпшілігі қатысса және қатысып отырғандардың жартысынан көбі қабылданған шешім үшін дауыс берсе, Комиссия шешімі заңды болады. Дауыстар тең болғанда, материалдар қарастырылған судьяның жағдайын жақсартатын шешім қабылданды деп есептеледі.
Хаттамалық шешім жазбаша нысанда шығарылады, оған отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Қызылорда облысы соттарының судья әдебі жөніндегі комиссиясы «Судья әдебі» кодексінің нормаларын бұзудың алдын-алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітіп, жоспар бойынша тиісті жұмыстар атқаруда.
Судья әдебі комиссиясының мүшелері облыс бойынша жаңадан тағайындалған судьялармен және тағылымдамадан өтіп жатқан судья лауазымына үміткерлермен судьяға қойылатын талаптар және оның тәртіптік жауапкершілігі жөнінде түсіндірмелер беріп, тәжірибелік көмек көрсетеді.
Комиссия мүшелері аудандарға іс-сапарларға шығып, судьялар тарапынан судья әдебі кодексінің талаптары сақталуына, істерді қарау барысында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сот ғимаратына кіріп-шығу тәртібіне, қызметкерлердің жұмысқа келу тәртібі және ішкі қауіпсіздік жұмыстарына тексерулер жүргізіп, сот судьялары және қызметкерлерінің қатысуларымен жедел кеңестер өткізіп тұрады.
Мәселен, комиссия мүшесі Б.Қалымбетов 2014 жылдың ақпан айында Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандық, Байқоңыр қалалық соттарының төрағалары мен судьяларының судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету өкілеттігінің жүзеге асырылуына тексеру жұмыстарын жүргізіп, сот судьялары мен кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңестер өткізді.
Сондай-ақ, 2014 жылдың маусым айында комиссия мүшесі Г.Дүйсенбаев Қазалы аудандық сотында болып, азаматтардың аудандық сотқа кіріп-шығу тәртібі, ішкі қауіпсіздік жұмыстары, судьялар тарапынан «Судья әдебі» кодексі нормаларының сақталуы бағытында семинар сабағын өткізді.
Сонымен қатар, комиссия судья қызметіне жаңадан қабылданған судьяларға моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауы бағытында түсіндірме беру сабақтарын ұдайы ұйымдастырып отырады.
Қызылорда облысы cоттарының судья әдебі жөніндегі комиссиясы сот жүйесінің беделін көтеру және нығайту сот жұмыстарының тиімділігі мен сот ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында, аудандық және оған теңестірілген соттарда бекітілген кестеге сәйкес «ашық есік» күндері өткізіліп, «Ашық есік» күніне келушілердің сауалдарына заң талаптарына сай түсіндірмелер беріледі.
Судья әдебі жөніндегі комиссиясымен жүргізілген жұмыстар республикалық және жергілікті баспасөз беттерінен де ұдайы көріністер тауып отырады. Баспасөз беттеріне жарияланған мақалаларда судья әдебі жөніндегі комиссиясымен атқарылған жұмыстар жөнінде және олардың тиімділігі мен нәтижелілігі туралы мәліметтер қамтылады.
Елбасымыз «Судьялардың заңды бұзуы жұрттың бәріне жария етілетіндей төтенше оқиға болуға тиіс»,- деген болатын. Осының өзі судьяларға қойылатын талаптың қандай деңгейде екенін көрсетеді. Өкінішке орай, ара-тұра судья әріптестеріміздің заңды бұзушылыққа жол беріп, қылмыстық жауапқа тартылып жатқандығы туралы фактілер бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табатыны анық.
Осы олқылықты болдырмау үшін комиссия сот төрағалары мен судьяларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету өкілеттігінің жүзеге асырылуына ұдайы тексеру жүргізеді.
2014 жылдың 12 айында Қызылорда облысы соттарының судья әдебі жөніндегі комиссияның қарауына 8 арыз-шағым түсті.
Алты шағымды тексеру барысында судья әдебі талаптарын бұзу фактісінің анықталмауына байланысты іс жүргізуді қысқартуды, бір арыз бойынша талқылаумен шектелу жөнінде, бір судьяның тарапынан судья әдебі талаптарын бұзу фактісі ішінара анықталды деп танып, сол үшін оған қоғамдық мін тағу жөнінде шешім қабылданды.
Бейбіт ҚИЯЗОВ,
Қызылорда облыстық сотының судьясы,
«Судья әдебі» жөніндегі комиссияның төрағасы