ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ БАСТЫ ОРЫНДА
«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдау арқылы Ел Президенті мемлекет дамуының жаңа бағыттарын айқындап берді. 2012 жылғы Жолдауда «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолының құрылысы басталатыны туралы айтылған болатын, Елбасының осы жобаны іске асыру нәтижесінде бүгінгі таңда елсіз иен далада теміржол инфрақұрылымдары жасақталып, елді мекендер мен бекеттер бой көтеретіндігін ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмасына және Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ жолдардағы жарақаттар мен өлім-жітімді азайту, жол көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге дер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында, яғни 2015 жылға дейін барлығы Қазақстан бойынша 40 күре жолдық бекеттер салынып, қызмет көрсету керек болатын. Медициналық пункттердің мақсаты да белгілі. Бұл адам өмірін ажал аузынан алып қалуға бағытталған әлеуметтік маңызды жоба, яғни медициналық көмекті алғашқы сағатта көрсету, «алтын уақыт» үрдісін сақтай отырып, зардап шеккенді құтқара алатын жақсы мүмкіндікке қол жеткізу.
Елбасының осындай жолдауларын орындау мақсатында ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» басшысы Е.С.Ысқақов 2014 жылды қортындылай келе Қазақстан бойынша 40 күре жолдық медициналық бекеттер толық қолданысқа берілгенін атап көрсетті. Яғни жолдау арқылы ашылатын пункттер мерзімінен бұрын ашылып жұмыс жасауда. Ашылғаннан бері күре жолдық медициналық бекеттер 2 мың шығуларға шыққса, оның ішінде 7 мың зардап шеккен науқастарға көмек көрсетілді. Апаттар медицинасының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында мекеме көптеген жетістіктерге жетсе, осы марапат ең үздігі болмақ.Жылдық қортындыға сәйкес «Апаттар медицинасы орталығы» ММ ҚР ІІМ ТЖК атынан халықтық «Қоғамдық жетістік» номинациясы бойынша «Үздік әдіскер» атағына ие болды.
Бүгінгі күнде Апаттар медицинасы орталығы тәжербиесін көрсете білді, яғни денсаулық саласында үлкен нәтиже көрсетті.
Қорыта айта келе күре жолдық медициналық құтқару бекеті ел игілігі үшін жұмыс жасай бермек.
Ә. СҮЛЕЙМЕНОВА,
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы»
ММ Қызылорда облысы бойынша филиалы