ЖЕТІСТІКТЕР 2015 ЖЫЛЫ ДА ЖАҢА ҚАДАМДАРМЕН ЖАЛҒАСЫН ТАБАТЫН БОЛАДЫ
Қазалы ауданы үшін 2014 жыл нәтижелі жыл болды. Инвестиция тарту, құрылыс салу, салықтық базаны дамыта отырып бюджетті нығайту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Өнеркәсіп кәсіпорындарында 9 млрд 259 млн теңгенің өнімі өндіріліп, ауыл шаруашылық құрылымдарында 5 млрд 521 млн теңге көлемінде өнім алынды. Негізгі капиталға 6 млрд 364 млн теңге инвестиция тартылды. Аудан бюджеті 10 млрд 597 млн теңгеге жетіп, өз кірістеріміз 1 млрд 332 млн теңгені құрады. Білім саласының өзіне 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Үш мектеп, екі балабақшаның құрылысы басталып, бір мектеп пен бір балабақша пайдалануға берілді. Екі жеке балабақша ашылды. Төрт мектеп, бір балабақша күрделі жөндеуден өтті. Келер жылы Аранды, Сарыбұлақ ауылдарындағы мектеп, Жанқожа батыр ауылындағы балабақша ел игілігіне берілетін болады.
Сондай-ақ, «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 12 арендалық тұрғын, бұдан бөлек, 3 қабат 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауданға көпқабатты тұрғын үй салу тиімділігін көрсетіп отыр. Бес ауылда дәрігерлік емхана ашылды. Бір спорт кешені пайдалануға берілді. Бір ауылдық клуб пен спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Екі ауылдық клубтың құрылысы басталып, бір ауылдық клуб пайдалануға берілді. Кәсіпкерлік, су құбырларына байланысты да бірқатар нысандар ашылды. Шағын кәсіпкерлік саны 3615-ке жетіп, 8250 адам жұмыспен қамтылды.
Жыл көлемінде екі рет Елбасымен тікелей байланысқа шығып, жоғары баға алдық. Мемлекет басшысының индустрияландыру бағытындағы тапсырмасын іске асырушы «РЗА» АҚ-ның жұмысы да оң бағаланып, жақында ғана мемлекеттік «Алтын сапа» жеңімпазы атанды. Бұл ауданға ғана емес Сыр өңірінің халқына ортақ қуаныш.
Ауылдарды абаттандыру, көркейту жұмыстары да назардан тыс қалған емес. Мәдени салада ел болып үлкен жұмыс атқардық. 2014 жылды ел қорғаған батырымыз- Жанқожа батыр жылы деп жариялап, соның аясында республикалық деңгейдегі көптеген мәдени шаралар өткізілді.
Жыл басында Жанқожа батыр атындағы мешіт ел игілігіне берілді. Ең бастысы, батыр атындағы ауылды тіректі елді мекен қатарына енгізіп, ауылды абаттандыру жұмыстарына 130 млн. теңге қаржы жұмсалды. Мектеп, мәдениет үйі, әкімшілік ғима¬раты қайта жөнделді. Ауылдағы 10,7 шақырымды құрайтын төрт көше жарықтандырылып, жөндеу жүргізілді. Ауыл орталы¬ғынан Баба атында саябақ және «Тағзым алаңы» ашылды. Сонымен қатар, Ақтан батыр ауылында, Қазалы қаласында да абаттандыру жұмыстары қолға алынады. Қызылқұмдағы шекара бекеті мен Төретамдағы №269 мектепке баба есімі берілді. Облыс орталығында ескерткіш орнатылды.Үш күнге созылған мерейтойды жоғары деңгейде өтті. Республикалық ғылыми-танымдық конференция, ақындар айтысы, ат бәйгесі ұйымдастырылды. Төрт кітап жарыққа шықты.
Жалпы ауданның жеткен жетістіктер мен табыстар ұшан-теңіз. Мұның барлығы Елбасының тікелей қамқорлығымен жасалып жатқан жұмыстар. Ауданның табыстары мен жетістіктері 2015 жылы да жаңа қадамдармен жалғасын табатын болады.