СӘБИДІ АНА СҮТІМЕН ТАМАҚТАНДЫРУ МАҢЫЗДЫ
Сәбиді ана сүтімен тамақтандыру (емшекпен емізу немесе сүзілген сүтпен) ана мен бала денсаулығы үшін ең таңдамалы жол. Ананың сүті – нәрестенің дамуы үшін қажетті мөлшерде нәрлі заттары бар ең пайдалы тағам.
Сәби 6 айға дейін тек қана ана сүтімен тамақтануы керек. Осыған дейін ол әр түрлі қоспаларды қажет етпейді. Сәбиді дүниеге келгеннен кейін бірден ананың сүтімен еміздіру керек. Ананың сүтімен тамақтанған кезде ана мен бала арасында пайда болатын қарым – қатынас сәбиге қорғаныс пен мейірбандық түйсігін береді. Емшек емізу ананың денсаулығына да жағымды әсер етеді: босанғаннан кейін қан кетуі, сүт безінің, аналық безі мен жатырдың қатерлі ісігінің пайда болу қатері азаяды. Емшек емізу әйелдің осы кезеңде бала көтеруінен сақтандыратын маңызды факторы болып таблады.
Уызды сүт кезеңі 1-3 күн өтеді. Бұл кезде өкпе қабыну, ішек және құлақ ауруларына қарсы жоғары имуннобиологиялық тұрақтылығы бар пассивті иммунизация пайда болады. Ана сүтінде өскен нәрестелер жасанды қоспаларда өскен нәрестелерге қарағанда, тыныс алу жолдары мен диарея ауруларына кем шалдығады, тез өсіп дамиды.
Баланы керек уақытынан кеш емізу - сәби мен ана ағзасының физиологиялық тұрғысының бұзылуына әкеледі. Сонымен қатар бұл ана сүтінің азаюы мен жоғалуына ықтимал.
Баян НАЗАРАЛИЕВА,
№2 қалалық емхананың
І санатты акушері,
Қызылорда қаласы