ЖАҢА ЖЫЛҒА ЖАҢА ҮМІТТЕРМЕН
Қазалыдағы «Шапағат» мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында жаңажылдық ертеңгілік болып өтті. Әдеттегі дәстүр бойынша мекеменің тәрбиеленушілерін алғашқы болып олардың қамқоршылары - «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының өкілдері құттықтады. Мұнайшылар мүгедек балаларға тәтті сыйлықтар, жұмсақ ойыншықтар мен дамытатын ойындар тарту етті.
«Шапағаттың» тәрбиеленушілері әрбір Жаңа жылды айрықша сезімге бөленіп күтіп жүреді. Жаңа жылмен өздерінің үкілі үміттерін олардың ата-аналары да, мекеменің тәрбиешілері де байланыстыра қарайды. Ашылған уақыттан бастап «Шапағатта» медициналық-психологиялық-педагогикалық көмекке Қазалы ауданының 320-дан аса мүгедек балалары ие болды. Үстіміздегі жылы оңалту орталығында қойылған диагноздар бойынша төрт топта 44 мүгедек балаға жәрдем берілуде. «Үміт» тобында маман-педагогтар орталық жүйке жүйесінің және тірек-қозғалыс аппаратының қызметтері бұзылған сырқат жеткіншектермен жұмыс істейді, «Тілашар» және «Балдырған» топтарында есіту қызметі бұзылған және тілі мүкіс балдырғандарға көмек көрсетілуде. «Балауса» тобы алматылық «Кеңес» орталығының әдістемесі бойынша қызмет етеді, мүмкіндіктері шектеулі жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу шаралары арнаулы оқу бағдарламаларын игеру түрінде жүргізілуде.
Өздерінің басты жеңісі деп «Шапағат» мамандары мынадай жайды атап көрсетеді, яғни 12 жылдың ішінде 54 тәрбиеленуші кәдімгі және арнаулы білім беру мектептеріндегі парталарға отырып білім алуға қол жеткізе білген. Мекемеде балалардың сауығып кетуі үшін тәуір жағдайлар жасалған. Бұл игі істе «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясының сіңіріп келе жатқан еңбегі ересен, ол алғашқы күндерден бастап-ақ «Шапағат» тәрбиеленушілеріне қамқорлықпен жанашырлық танытып келеді.
Жаңажылдық ертеңгілікте балақайлар мен олардың ата-аналарын, педагогтар мен тәрбиешілерді «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімінің менеджері Хұсайын Сәрсембаев құттықтады.
- Өзі құрылған уақыттан бері атқарып келе жатқан игі істерде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы облыстағы ардагерлерге, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбастарына, жетім балалар мен мүгедектерге көмек-қолдау жасауда , – деді Х.Сәрсембаев. – Қазіргі кезде мұнай-газ индустриясының арындап тұрған әлемдік дағдарысқа байланысты белгілі бір қиындықтарды бастан кешіріп отырғандығына қарамастан «ПҚҚР» АҚ сырқат балақандарға көмек қолын созуды одан әрі де жалғастыра түспек. Ең алдымен – балалар бақытты болсын. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы басшылығының атынан алда келе жатқан жаңа 2015 жылмен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Әрбір ересек кісі бүлдіршін кезінде таңғажайып нәрселерге балалық мөлдір көңілмен иланып, жаңа жыл қарсаңында Аяз Атадан сыйлықтар күтіп жүретіні белгілі емес пе. Балақайлар мен олардың ата-аналарының барлық арман-тілектері орындалсын – олар бойларына жабысқан дерттерінен тезірек айығып кетсін!
- Өтіп бара жатқан ескі жыл оқиғаларға толы жыл болды, - дейді «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығының президенті Шынар Жеңсікбаева. – Бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Сонымен қатар, «Қызмет» жобасының іске асуы нәтижесінде қызмет көрсету орталығы жұмыстар жүргізуде – психолог мамандар, невропатологтар, заңгерлер, әлеуметтік педагогтар мүгедектікке ұшыраған балаларға тегін ақыл-кеңестер беруде. Ауданда олардың саны 360-тан асады.
«USAID», «АРГО» ұйымдарының және бастамаларды қолдау орталығының көмегімен «Зерделі» және «Даму» жобалары іске асырылуда – мүмкіндігі шектеулі балғын қыздардың арасынан тігіншілер мен аспаздарды даярлау бойынша оқу курстары өткізілуде.
Алда келе жатқан Қой жылы өзімен бірге балақайлар мен олардың ата-аналары үшін тек қана қуанышты оқиғалар ала келсін! «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының басшылығына сырқат жеткіншектерге қамқорлық жасап келе жатқаны үшін үлкен ризашылық сезімі мен алғыс сезімін білдіреміз. «Шапағат» ұжымының атынан мұнайшыларға өсіп-өркендеу мен табыстар тілеймін!
«ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімі.
Фотосуретті түсірген А.ТАЙГУНОВ.