БИЛІК ӨКІЛДЕРІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ИГІЛІГІ
Қарапайым халыққа елімізде орын алып жатқан оқиғаларды, сонымен қатар келеңсіз жайларды, мәні зор ақпараттарды жеткізуде ақпарат құралдарының маңызы ұшан – теңіз. Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор», - деген. 1840 жылы француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Шынайылығында бұқаралық ақпарат құралдарының халықтың санасын толық билеп алу мүмкіндігі бар. Сол себепті сот пен баспасөздің байланысы халық үшін аса қажет. Байқап қарасақ, Ата Заңымызды тек заң өкілдері ғана жетік біледі десек артық айтқандық емес. Алаш алыбы Әлихан Бөкейханов «Заң - адам пайдасына жазылады, адам - заң үшін тумайды ғой» дегендей, қарапайым халық та заңды білуге тиіс. Құқықтық сауаттылық әр адамның жеке мүддесі үшін керек. Заң қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың тағы да басқа қажеттіліктердің заңдық шарттарын белгілейді.
Қоғамның даму кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдары адам санасына зор ықпал жасайды. Американың белгілі заңгері, соңынан АҚШ Жоғарғы Сотының судьясы болған Вильям Дж. Бренан «Баспасөзге сот қажет. Өз кезегінде сотқа да баспасөз қажет, оның арқасында соттың ұлтқа деген ішкі көзқарасы қалыптасады, сонымен қатар, соттың шешімі тек қана жазалаудан емес, тәрбиелеу мен үлгі ету мақсатын да көздейді, ал, бұл мәселені баспасөздің көмегінсіз шешу тіпті мүмкін емес», деген екен. Сотты болған адамның да өмір сүруге қақысы бар. Сот қылмыскердің жазасын берумен қатар, кейін ол жанның адамдық қалпын сақтап қалуына өз үлесін қосуы керек. Ал, өз кезегінде БАҚ қоғамның дұрыс бағытта өмір сүруін қамтамасыз етіп, сотталған адамдарға психологиялық түрде көмек беретіндей мақалалар жарияласа нұр үстіне нұр болар еді. Бүгінгі таңда жедел, сенімді әрі сапалы ақпараттың мәні мен маңызы артып отырғаны белгілі. Қоғамда белең алып бара жатқан діни, әлеуметтік, саяси-қоғамдық қайшылықтар бұндай ақпаратқа деген сұранысты одан сайын арттырып отыр.
Соттың БАҚ-пен тиімді қарым-қатынасы билік өкілдерінің ынтымақ – бірлігінің үлгісі. Ол жалпы қоғамның да, жекелеген азаматтардың да мүдделерін сот өндірісінде қорғап отырады. Мұндай үрдіс сот жүйесінің қызметі бойынша жағымды қоғамдық пікір қалыптастыруға, халықтың сот саласына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді. Баспасөз - қалың бұқарамен тікелей байланысады. Бұқаралық ақпарат құралдары халық пен басқарушы органның арасындағы байланысты ұйымдастырып, қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосады. Еліміздегі құқық қорғау және сот жүйесінің жұмысы, оны сарапқа салу мәселелері, олардың БАҚ-та көрініс табуы қоғамның құқықтық сауаттылығын дамытуға ықпал етеді.
Бүгінде Қазақстандық судьялар бұқаралық ақпарат құралдарымен арадағы қарым-қатынасты жетілдіру бағытында нақты қадамдар жасауда. Облыстық соттың сайтында, Республикалық БАҚ-пен жергілікті басылымдарда судьялардың мақалалары жарық көріп, соттардың төрағалары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірігіп нәтижелі жұмыс жасауда. Бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс жасау сот жұмысының жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етіп, өзінің оңды жемісін беріп келеді.
Аружан АБДРАИМОВА,
Қызылорда қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының баспасөз хатшысы