ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңажылдық мерекелер қарсаңында дәрстүрлі қайырымдылық акциялар шеңберінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясының өкілдері қала маңындағы Тасбөгет кентінің тағы төрт аз қамтамасыз етілген отбасына материалдық көмек көрсетті. Мұқтаж адамдарға азық-түлік жиынтық түріндегі қолдау көрсетілді, оның ішіне біреуден 25 килограммдық қаптағы ұн, қант, күріш, 2 килограмм үнді шайы, 10 килограмм түтік кеспелер мен 5 литр өсімдік майы кірді.
Қазан айының аяғында Жарылқасын Кенжебеков пен Үміткүл Маменованың отбасында қайғылы оқиға орын алды – өртте екі немерелері көз жұмды. Ал екі жыл бұрын көлік апатынан олардың ұлдары, немерелерінің әкесі қайтыс болды. Бұл ауыр әрі орны толмас қаза, қасіретке төзуге мейірімді адамдар – жақындары, көршілері, қайғыға ортақтасушылары көмектесіп келеді.
- Өрт кезінде менің жолдасым да мерт бола жаздады, қазір мүгедек болып қалды, - дейді Ү. Маменова. - Үйімізді қайта тұрғызуға ат салысып жатқан барлық қайырымды жандар мен жерлестерімізге үлкен рақметімді айтамын. Азық-түлік өнімдерімен қолдау көрсеткен және теледидар, ыдыс-аяқ жинағы мен термошәйнекті сыйға тартқан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының басшылығына жеке алғысымды білдіремін. Үлкен рақмет оларға, мұндай көмек біз үшін өте елеулі.
Сонымен қатар азық-түлік пакеттері тасбөгеттік аз қамтамасыз етілген отбасыларға: зейнеткер, көпбалалы ана Бибіғанши Карабаеваның, үш жас баламен қалған жесір әйел Шырын Тоқтамұратова мен көпбалалы ана Нұргүл Жасманбетованың отбасына жеткізілді.
Ағымдағы жаңа жыл алдындағы қайырымдылық акциясының барысында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы барлығы облыстың 400-ден астам отбасына азық-түлік пакеттері түрінде қолдау көрсетті.
«ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімі