СЫЙЛЫҚТАР БАРЛЫҒЫНА ТҮГЕЛ ТАРАТЫЛДЫ
Қызылордада облыстық №1 олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясының жүлделеріне оқушылар арасындағы шахмат бойынша дәстүрлі облыстық турнир болып өтті. Сайысқа облыстың аудандық мектептерінен келген қырықтан астам жас шахматшылар қатысты.
«ПҚҚР» АҚ он жылдан аса уақыт балаларға арналған бірқатар спорттық іс-шараларды өткізіп, демеушілік көрсетіп келеді. Олардың арасында – мүгедек балалар арасындағы спартакиада, оқушылар арасындағы республикалық баскетбол және облыстық футбол турниры және басқалары.
Шахмат турнирінің марапаттау рәсімінде «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас маманы Ақтолқын Сұлтангереева сөз сөйледі.
- Облысымыздың жас шахматшылары халықаралық және республикалық турнирлерде жақсы нәтиже көрсетіп жүргендері қатты қуантады, - деді А. Сұлтангереева. - Шахмат – зияткерлік ойындардың бірі, мұнда математикалық есеп, логикалық ойлау, стратегия мен тактика талап етіледі. Осы қасиеттер сіздерге өмірде де қажет болады, себебі сіздердің болашақтарыңыз парасаттарыңыз бен білімдеріңіздің жоғары деңгейімен тығыз байланысты. Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын және зор денсаулық пен үздік оқу тілейміз!
Ұлдар мен қыздар арасындағы үш жас санаттары бойынша шахмат турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «ПетроҚазақстан» компаниясынан жүлделерді - планшеттерді, ұялы телефондарды, фотоаппараттарды иеленді.
Ұлдар арасындағы 15 жасқа дейін санат бойынша шахмат тәжіне Әділет Ерсерік (Жаңақорған) ие болды. Екінші орынға ұлдар арасындағы сайысқа түскен қызылордалық Әсел Серікбай жайғасты. Аралдан келген Сағыныш Бармағанбетов үшінші нәтижені көрсетті. Қыздар арасындағы турнирде бірінші орынды Сақыпжамал Бармағанбетова (Арал) жеңіп алды, екінші орын - Ақбота Әлібай (Қызылорда) және үшінші орын - Самал Абдуали (Қызылорда).
Ұлдар арасындағы 11 жасқа дейінгі санат бойынша сайысты қызылордалық Сұлтан Аманжол жеңіп алды, ал екінші орынды Мейіржан Бармағанбетов (Арал) еншіледі. Ұлдар арасында өткен сайыста жүлдегерлер үштігіне қызылордалық Назерке Нұрғали кіре алды. Қыздар арасында мүмкін болған 7 ұпайдан 6 ұпайды жинаған алты жастағы Ақжан Бекзатқызы (Қызылорда) жеңіске жетті, екінші орында - Аралдан келген Сабина Бармағанбетова, үшінші орында - Алуа Өткелбай (Қызылорда).
8 жастағы ұлдар арасында үздік нәтижелерді Қызылордадан келген балалар Диас Қойшыбек, Айғани Амир мен Ғафур Абдуллин көрсетті. Ал қыздар арасында барлығынан да көп ұпайды Жансая Алдаберген, Динасыл Ғалымжанқызы және Ақбота Абдинаби жинады.
Турнирдің қорытындыларымен жарыстың бас төрешісі Риза Қошқарова бөлісті:
- Турнир сәтті болды, балалар ойындар мен «ПетроҚазақстан» компаниясынан алған сыйлықтары мен жүлделерінен үлкен қуанышты әсер алды. Арал ауданынан келген Бармағанбетовтер отбасының төрт баласы - Мейіржан, Сабина, Сағыныш және Сақыпжамал жоғары нәтижелер көрсетті және барлығы дерлік жүлделі орындарды иеленді. 11 жастағы балалар арасындағы турнирде жеңіске жеткен ең жас қатысушымыз алты жастағы Ақжан Бекзатқызының дарынын ерекше атап өткім келеді.
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы турнирдің ең жас қатысушыларына көтермелеу сыйлықтарын табыстады. Балаларға арналған дамытпалы ойындарға мектепке дейінгі жастағы балалар Мереке Мұрсал, Таныр Жаппар мен Нұрдәулет Жомарт ие болды. Бұдан басқа, тәттілер түріндегі жаңажылдық сыйлықтар турнирдің барлық қатысушыларына таратып берілді.
«ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімі